Түркістан облысы әкімі аппаратының әлеуметтік саламониторингі бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Түркістан облысы әкімі

аппараты басшысының 2019 жылғы

« 14 » қазандағы № 37-н/қ

бұйрығымен бекітілген

6-қосымша

 

Түркістан облысы әкімі аппаратының

әлеуметтік саламониторингі бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Әлеуметтік сала мониторингі бөлімі(бұдан әрі – бөлім) Түркістан облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі мемлекеттік орган) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын, штат санын Түркістан облысы әкімі аппараты басшысы бекітеді.

 

  1. Бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

  1. Бөлімінің негізгі міндеттері мен функциялары мыналары болып табылады:

         1)Міндетті: әлеуметтік саладағы саясатты іске асырудағы қызметті, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес облыс аумағында халықты әлеуметтік қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуы, денсаулық салаларындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, мониторинг жасау;

  1. Функциялары:

1) әлеуметтік реформаларды, әлеуметтік саладағы  бағдарламаларды(Іс-шараларды) іске асыру жөніндегі негізгі шаралардың орындалуына мониторинг жүргізу;

2) бөлімге тиесілі хаттамалық тапсырмалардың орындалуына мониторинг жасау;

3) жетекшілік ететін салалар бойынша атқарушы органдардың түйінді индикаторларды орындауына мониторинг жүргізу;

4) әлеуметтік сала мәселелері бойынша материалдар дайындау;

5) денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды және белгіленген ұлттық стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың тегін медециналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету;

6) халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек  көрсетуді үйлестіру.

  1. Құқығы:

1) осы Ережеде көзделген өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді мемлекеттік органдардан, мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға;

2) облыс әкімі аппараты бөлімдеріндегі, қызметтеріндегі, атқарушы органдардағы, сондай-ақ аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінің аппаратындағы ақпараттық деректерін пайдалануға;

3) бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес келетін мәселелерді талқылау барысында облыс әкімдігінің отырыстары, мәжілістер мен комиссия жұмыстарына қатысуға;

4) облыс басшылығы қарайтын мәселелерді жиналыстарда шешу,    сондай-ақ әкімдік мәжілістері мен облыс әкімі өткізетін кеңестерде тыңдалатын мәселелерді дайындау кезінде атқарушы органдардың, облыстың аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдері аппараттарының мамандарын бірлескен жұмысқа тартуға;

5) бөлімнің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге, азаматтар мен заңды тұлғалардан түскен өтініштерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес қаралуын қамтамасыз етуге;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асыруға құқылы.

 

  1. Бөлім қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімге тікелей басшылық жасауды облыс әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады.
  2. Бөлімді «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысы басқарады.
  3. Бөлім өзінің практикалық қызметінде аудандар мен қалалар әкімдері аппараттарымен, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
  4. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімдерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын бөлімнің бас инспектор қол қояды.
  5. Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  6. Бөлім басшысы мен бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттері олардың лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес айқындалады.
  7. Бөлім басшысы осы мақсатта Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  8. Бөлім басшысы болмаған кезде бөлімге жалпы басшылықты бөлімнің бас инспекторы жүзеге асырады.
  9. Бөлімге басшылар жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

 

Түркістан облысы әкімі аппаратының әлеуметтік саламониторингі бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
03 июня 2020