Түркістан облысы әкімі аппаратының жиынтық-талдаужәне жалпы мониторингбөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Түркістан облысы әкімі аппараты

басшысының 2019 жылғы

« 14 » қазандағы № 37-н/қ

бұйрығымен бекітілген

5-қосымша

 

 

Түркістан облысы әкімі аппаратының

жиынтық-талдаужәне жалпы мониторингбөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.Түркістан облысы әкімі аппаратының жиынтық-талдаужәне жалпы мониторингбөлімі(бұдан әрі – Бөлім)Түркістаноблысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

  1. Бөлім өз қызметіндеҚазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Түркістаноблысы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Міндеті: әлеуметтік-экономикалық салаларында мемлекет саясатының іске асырылуына талдау жүргізуді қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуына талдау жүргізу;   

2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен өтетін селекторлық мәжілістің материалдарын жинақтап және талдап облыс әкіміне ұсыну;

3)облыс әкімінің Қазақстан Республикасы Президентіне және Үкімет Басшысына есеп беру кезінде, қажетті анықтамалық-жиынтық құжаттарды әзірлеу;

4) облыс әкімінің төрағалығымен өтетін аппараттық, лездемелік және өзге де мәжілістердің тиістілігіне қарай материалдарын жинақтап және талдап облыс әкіміне ұсыну;

  1. Міндеті: Бөлімнің құзыретіне кіретін басқа да міндеттер:

Функциялары:

1)Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкімет Басшысының облысымызға іс-сапарға келуіне байланысты, тиісті анықтамалық-жиынтық құжаттарды әзірлеу;

2)облыс әкімі аппаратының салалық бөлімдерінің облыс әкіміне ұсынылатын мәліметтеріне талдау жасау (қажеттілікке сәйкес);

3)жетекшілік ететін салалардағы өзекті мәселелерге талдау жүргізу;

4) бөлім өзіне жүктелген міндеттердің ойдағыдай атқару мақсатында облыс әкімі аппаратының басқа да бөлімдерімен, атқарушы органдармен өз құзіреті шегінде тығыз қарым-қатынаста болып, бірлесіп жұмыс жасау.   

  1. Құқығы және міндеттері:

1) осы Ережеде көзделген өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінен сұратуға;

2) облыс әкімі аппараты басшысының келісімімен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің жобаларын және құқықтық мәселелер жөніндегі өзге де құжаттарды әзірлеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау үшін басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін тартуға;

3) өз құзіреті шегінде мемлекеттік, мемлекеттік емес органдар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

4) бөлім жұмысына қатысты мәселелерді талқылау барысында облыс әкімдігінің отырыстары, мәжілістер мен комиссия жұмыстарына қатысуға.

5) облыс әкімі аппараты басшысының келісімімен мемлекеттік бағдарламалардың жәнеоблыс әкімі тарапынан берілген тапсырмаларынасәйкес  іс-сапарға шығуға;

 

  1. Бөлім қызметін ұйымдастыру
  2. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президент актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  3. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
  4. Бөлімнің басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  5. Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  6. Бөлім басшы осы мақсатта Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  7. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын бас инспектор қол қояды.

 

Түркістан облысы әкімі аппаратының жиынтық-талдаужәне жалпы мониторингбөлімі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
03 июня 2020