Түркістан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі туралы ЕРЕЖЕ

Түркістан облысы әкімі аппараты

басшысының 2019 жылғы

« 14 » қазандағы № 37-н/қ

бұйрығымен бекітілген

3-қосымша

 

Түркістан облысы әкімі аппаратының

ішкі аудит қызметі туралы

ЕРЕЖЕ

        

1.Жалпы ережелер

 

  1. Түркістан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі(бұдан әрі - ІАҚ)Түркістан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. ІАҚ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), қолданыстағы заңнама талаптарына және Түркістан облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі - Аппарат)ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
  3. ІАҚ құрылымы мен штаттық саны (бірлік құрамы) Аппаратбасшысының бұйрығымен бекітіледі.
  4. ІАҚ қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі ІАҚ туралы ереженің негізінде әзірленетін тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді және Аппарат басшысының бұйрығымен бекітіледі.

 

  1. ІАҚ мәртебесі

 

  1. ІАҚ Аппараттың құрылымдық бөлімшесі болып табылады, басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз, облысәкіміне бағынады және есеп береді, Аппараттың ішкі бақылау жүйесі бойынша тұрақты мониторинг жүргізуші бөлігі ретінде табылады.
  2. ІАҚ мемлекеттік аудитті жүргізуде және ішкі аудит нәтижелері туралы есептер дайындауда тәуелсіз болады,Түркістан облысының мемлекеттік басқарудың әлеуметтік және басқа да салаларының дамуына ішкі бақылау жүргізеді, баға береді;
  3. ІАҚ Аппараттыңбасқа құрылымдық бөлімшелерінің құзыретіне жататын жұмыстарға, сондай-ақ оның өкілеттіктеріне жатпайтын бағдарламалар мен жобаларды дайындау немесе орындауға тартыла алмайды.
  4. ІАҚ қызметкерлеріне ІАҚ мәртебесіне сәйкес қолданылуы мүмкін құжаттарды, Аппараттың ережесін және ішкі мемлекеттік аудит  туралы ережені қоспағанда Аппараттың ішкі құжаттарының ережелері таратылмайды.

         9.ІАҚ қызметін бағалауды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

 

3.ІАҚ  мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттемелері

 

  1. ІАҚ негізгі мақсатыоблыс әкімінеТүркістан облысының даму бағдарламасының стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін қажетті жәрдемдесу, облыс әкіміне тиімді басқаруды және бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың субъектілерінің активтерін басқару мен пайдалану тиімділігін арттыру үшін тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген тәуелсіз және объективті ақпаратты ұсыну болып табылады.
  2. ІАҚ міндеттері:

1) Түркістаноблысыныңдаму бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау;

2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, мемлекеттік органның қызметін ішкі ұйымдастыру процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру.

  1. ІАҚ функциялары:

1)  қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге қатысады;

2) Түркістаноблысы аумағындағы мемлекеттік органда,оған бағынысты ұйымдарда, квазимемлекеттік секторларда олардың қызметінің барлық бағыттары, соның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы бойынша тиімділік аудитін жүргізеді;

3) Түркістан облысы аумағында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушыоргандарда,барлық бағыттағы қызмет түрлері бойынша оған бағынысты ұйымдарда сәйкестік аудитін жүргізеді;

4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындаудың сәйкестік аудитін жүргізеді, оның ішінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша;

5) Түркістаноблысы аумағында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында қызметінің барлық бағыттары бойынша ішкі процестердің (бизнес-процестердің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;

6) бюджет шығыстарымен өзара байланыста Түркістаноблысының даму бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуіне талдау жасайды;

7) коммуналдық өзге активтердің және мүліктердің сақталуын тексеруді жүзеге асырады;

8) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты тиісті ақпараттарын тыңдайды;

9) облыс әкіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларға жол бермеу жөніндегі, анықталған кемшіліктерді жою, атқарушы органдарының, олардың бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдармен бірге ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есеп енгізеді;

10) облыс әкімі үшін жылдық жұмыс жоспарларын орындау мониторингін жүзеге асырады.

11)тиісті атқарушы органдағы, оның бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы тауарлық-материалдық қорлар мен өзге де мүліктің сақталуын тексереді.

12)өткізілген мемлекеттік аудит туралы ішкі мемлекеттің уәкілетті органына жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижесінде қабылданған шаралар туралы есептер мен ақпаратты жолдайды;

13)облыс әкіміне, сондай-ақ жүргізілген жұмыстар туралы ішкі мемлекеттік аудит туралы уәкілетті органға жыл сайын есеп береді.

14)егер тиісті оъектілер Есеп комитетінің, тексеру комиссияларының және ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің тізіміне енгізілмеген болса, облыс әкімінің тапсырмасымен жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізеді.

  1. ІАҚ құқықтары:

1) құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша ведомстволық ақпараттар жүйелері деректерінің құрамы мен нысандары туралы мәліметтерді, құжаттаманы, ақпаратты, материалдарды (дәлелдеме), анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату;

2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды тиісті уәкілетті органның қарауына ұсыну;

3) мемлекеттік аудитті жүргізу шеңберінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіру;

4) тиісті мемлекеттік аудит объектісіндегі қосалқылар мен басқа да мүліктерге түгендеужүргізеді

5)мемлекеттік аудит міндеттері мен мәндеріне сәйкес ішкі аудит нәтижелері туралы есепті дайындау үшін белгіленген мерзімдерде құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, соның ішінде электронды тасығыштарда ақпарат алуға, сондай-ақ ақпаратты жүйелерге қолжетімділікті, оның ішінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты алу;

6) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған актілерді және құжаттарды сұрату;

7) өз құзіреті шеңберінде мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларынан және басқа да лауазымдық тұлғаларынан тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүргізген кезде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша жазбаша түсініктемелерді, сондай-ақ белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттар көшірмелерін ұсынуды талап ету;

8)тиісті бюджеттерден қаржыландырылатын және (немесе) қаржы алатын жергілікті атқарушы органдардың, олардың бөлімшелерін, бағынысты мекемелеріне ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру бойынша әдіснамалық (консультациялық) көмек көрсетеді;

9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге құқықтарға ие.

  1. ІАҚ міндеттері:

1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізеді;

2) ІАҚжылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын, ІАҚ қызметкерлерін оқыту бойынша жоспарларын әзірлейді, оларды облыс әкіміне бекітуге ұсынады және орындалуын қамтамасыз етеді;

3) тәуекелді басқару жүйесі негізінде облыс әкімі бекітетін тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастырады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шектеулі таратылатын қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органның интернет-ресурсында оларды бекіткен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде тиісті жылға бекітілген мемлекеттік аудит тізбесін және оларға енгізілген өзгерістерді орналастырады;

5) қайталануды болдырмау мақсатында тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін және оған енгізілген өзгерістерді мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен келіседі;

6) жүйелік негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, оның ішінде ІАҚ-нің деректерін, міндетті орындалатын ұсынымдары мен ескертпелердің орындалу мониторингін жүзеге асырады;

7) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының мемлекеттік аудит жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбау немесе уақытылы ұсынбау фактілері бойынша актілер жасайды;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтарын және заңды мүдделерін сақтайды;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын бірыңғай деректер қорына орналастырады;

10) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілерін анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға тиісті аудиторлық дәлелдермен қоса материалдар жолдайды;

11) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген режиміне кедергі келтірмейді;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және олардың жолын кесу бойынша берілген өкілеттіктерді уақытылы және толық көлемде орындайды;

13)  қызметтік және кәсіби этика талаптарын сақтайды;

14) мемлекеттік аудит объектісінің басшысына (лауазымдық тұлғаларына) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде қатысуға кедергі жасамайды, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәніне қатысты мәселелер бойынша түсіндірме береді;

15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді,оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияға жататын мәліметтерді жарияламайды;

16) облыс әкіміне мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлайды;

17) мемлекеттік аудит барысында алынған және жинақталған ақпараттың және іс жүзіндегі фактілердің негізінде ғана мемлекеттік аудит нәтижелерін негіздейді;

18) облыс әкімі басшылық ететін Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды, оның ұсыныстарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

19) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруды.

  1. ІАҚ оған жүктелген функциялар мен міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
  2. Мемлекеттік аудитті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттардың негізгі қағидаттарын бұзғаны үшін ІАҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікте болады.

 

  1. ІАҚ қызметін ұйымдастыру

 

  1. ІАҚ–ға басшылықты облыс әкімінің келісімі бойынша аппарат басшысының бұйрығы негізінде лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын ІАҚ басшысы жүзеге асырады.
  2. ІАҚ басшысы ІАҚжүктелген міндеттердің орындалуын және функцияларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ІАҚ қызметкерлерінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейді, мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес құрамына қатысады.
  3. ІАҚ басшысы аппарат басшысының келісімі бойынша ІАҚ штаттық кестесі мен құрылымы жөнінде облыс әкіміне ұсыныстар береді.
  4. ІАҚ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ІАҚ атынан Түркістан облысы аумағындағы жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарда, оған бағынысты ұйымдарда, басқа құрылымдық бөлімшелерге, мемлекеттік органдарға жіберілетін құжаттар мен сауалдарға, сонымен қатар сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын сақтау мәселелері жөнінде ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға және оның Түркістаноблысы бойынша аумақтық бөлімшесіне жіберілетін хаттарғаІАҚ басшысы, ал ол болмаған жағдайда-оны алмастыратын тұлға қол қояды.
  5. ІАҚ қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеру жағдайлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
  6. ІАҚ қызметі оларға жүктелген міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкіміменбекітілетін ІАҚ-ның жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарына және мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

  1. ІАҚ есептілігі

 

  1. ІАҚ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар туралы есептер мен ақпаратты жолдайды.
  2. ІАҚ жыл сайын облыс әкіміне, сондай - ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары туралы жылдық есептер ұсынады.
Түркістан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
03 июня 2020