Түркістан облысы әкімі аппараты
басшысының 2019 жылғы
« 14 » қазандағы № 37-н/қ
бұйрығымен бекітілген
14-қосымша
Түркістан облысы әкімі аппаратының заң бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
2.Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы N1072«Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы» қаулысын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.
негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
Функциялары:
1) қажеттілігіне қарай нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындау;
2) облыс әкімдігінің және әкімінің актілерінің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;
3) шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізу.
Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне тұрақтымониторинг жүргiзу;
2) облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімнің нормативтік құқықтық шешімдері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тіркелімдерін жүргізу.
Функциясы: аудан және қала әкімдіктерінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік оpгандардың қабылдаған актілерге зерделеу жұмыстарын жүргізу, олар бойынша ұсыныстар енгізу.
Функциялары:
1) сотта, мемлекеттік органның мүдесін асыру үшін талапкер және жауапкер болып қатысу;
2) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау;
3) тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында,аудан және қала әкімдіктері, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдау;
4) заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ету.
1)осы Ережеде көзделген өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінен сұратуға;
2) облыс әкімі аппараты басшысының келісімімен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің жобаларын және құқықтық мәселелер жөніндегі өзге де құжаттарды әзірлеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау үшін басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін тартуға;
3) мемлекеттік орган және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, соның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлейтін Қазақстан Республикасы құқықтық кесімдердің және заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысуға;
4) сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде, берілген сенім хат шеңберінде оның мүдделерін білдіруге.
9.Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.