Түркістан облысы әкімі аппараты
басшысының 2019 жылғы
« 14 » қазандағы № 37-н/қ
бұйрығымен бекітілген
12-қосымша
Түркістан облысы әкімі аппараты ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингібөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі(бұдан әрі – Бөлім)Түркістан облысы әкімі аппаратының(бұдан әрі-Әкімдік)құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлімөз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, Әкімдіктің Ережесін және Жұмыс регламентін, Әкімдік туралы ережені және осы ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасыныңзаңнамасымен белгіленген тәртіпте бекітіледі.
- Бөлімніңқұрамына бөлім басшысы, бас маман (1 бірлік), жетекші маман (1 бірлік) кіреді.
- Бөлімніңнегізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері
- Міндеті:Ақпараттық қауіпсіздікжәне мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біріңғай саясатын әзірлеу және жүргізу.
Функциялары:
- Ақпараттық қауіпсіздікжәне мемлекеттік қызмет көрсетусаласында мемлекеттік саясаттың қалыптасуына қатысу;
- Ақпараттық қауіпсіздікжәне мемлекеттік қызмет көрсетусаласында нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеу;
- Ақпараттық қауіпсіздікжәне мемлекеттік қызмет көрсетусаласындағы әдістемелік қор әзірлеу мен дамыту, жергілікті атқарушыоргандардың ақпараттық жүйесін құру және дамыту үшін, ақпараттық жүйелердің өзара ақпараттық іс-қимылының регламенті және ережесі бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- Ақпараттық жүйелерді оңтайландыру, автоматтандыру және ақпараттандыру саласы бойынша әлемдік тәжірибені зерделейді;
- Міндеті: Ақпараттық ресурстардың және ақпараттық жүйелердің, Әкімдіктің ақпараттық-коммуникациялық желісін құру және функционалдауын қамтамасыз ету және оларға ақпараттандыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін қолжетімділікті ұйымдастыруды.
Функциялар:
- Болашақта ақпараттық қауіпсіздікке қауіп төндіруді ескерту, анықтау, шектеу, жою және тыйым салу үшін техникалық, әкімшіліктік және тәртіптік шаралардың жиынтығын әзірлеуге қатысады;
- Әкімдіктің аппараттық-бағдарламалық құрылғылармен жабдықтау жүргізеді және олардың тиімді және тиісілі қолданылуының бақылауды іске асырады;
- Ұйымның нормативтерін және стандарттарын аппараттық-бағдарламалық құрылғыларға қолдану үшін, ақпараттық-есептеуіш жүйесін құру және дамыту үшін әдістемелік қорын әзірлеу және дамыту, сонымен қатар еңбектің тиімділігін жоғарылату мақсатында есептеуіш техникалардың құрылғыларын енгізу бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды әзірлеуді жүргізеді;
- Ақпараттандыру саласындағы техникалық ерекшеліктерді және басқа да нормативтік құқықтық актілерді келісу;
- Әкімдіктің және және оның құрылымдық мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінің нәтижелі және сапалы функционалдауына бақылау жүргізеді;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен қарастырылған басқа да функцияларды орындайды;
- Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ақпараттандыру саласында бюджеттік инвестициялық жобаларды әзірлеу, іске асыру және бақылау сұрақтары бойынша Әкімдіктің және құрылымдық мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
- Ақпараттық қауіпсіздік саласында іске асырылып жатқан жобалар бойынша техникалық ерекшеліктерді, техникалық тапсырмаларды, жұмыстың жоспар-кестелерінің әзірленуін қамтамасыз ету және келісу;
- Салада бар ақпараттық қорлардың және деректер банктерін есепке алу және түгендеуді ұйымдастыру;
- Ведомстволық ақпараттық жүйелерді құру бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды келісу;
- Ақпараттық қауіпсіздікаумақтық бағадарламаларын іске асыру бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды келісу;
- «Ашық диалог» платформасында облыс әкімінің атына келіп түскен сұрақтарды аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқарма басшыларына жолдап, блогқа сапалы жауаптың орнатылуын қамтамасыз ету;
- Міндеті:Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру және оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату, мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсетулерді әзірлеу, дамыту және жетілдіру бойынша техникалық құжаттарды және/немесе техникалық ерекшеліктерді келісу және бекіту, ақпараттық жүйелердің жұмысын бақылауды іске асыру.
Функциялары:
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандырудың әлемдік тәжірибесін зерделейді;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру сұрақтары бойынша мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынас жасайды;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің автоматтандыру сұрақтары бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысады;
- Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсетудегі жоспарларды келісуге қатысады;
- Орталық мемлекеттік органдардың, облыстық жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудан әкімдерінің, аудандық маңызы бар қалалардың, ауыл, ауылдық округтердің, сонымен қатар, қызмет берушілермен мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөнінде Бірыңғай байланыс орталығымен өзара қарым-қатынасына қатысады;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жартылай немесе толық автоматтандыру мүмкіндіктерін қарастырады;
- Ақпараттық жүйелердің функцияландыру және оның мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен қарым-қатынасын бақылайды;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын іштей бақылау жұмысының жүргізілуін қадағалайды;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есеп карточкалары мониторингін жүргізеді;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жасау кезінде үкіметтік емес құрылымдармен әрекеттестікті қамтамасыз етеді;
- Жергілікті атқарушы орган құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет Реестріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар жасайды.
- Міндеті: Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерін дамыту және қадағалау. Ақпараттандыру және ұйымдастыру техникалары және ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыру және тіркеу, сонымен қатар Бөлім құзыретіндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мониторингжүргізу.
Функциялар:
- Жергілікті атқарушы органдардың аппараттық-бағдарламалық жабдықтарын жаңғырту бойынша іс-шаралар жоспарын құрастыру;
- Өз құзіреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-есептеу желілеріне қатысты жобалау, құру, эксплуатациялау мәселерін шешеді;
- Ақпараттық қауіпсіздікжәне мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша нормативтік актілердің орындалуына талдау жасауды іске асырады, актілердің тәжірибеде қолданылуын ортақтандырады және оларды жаңғырту бойынша ұсыныстар жасайды;
- Ақпараттық қауіпсіздікжәне мемлекеттік қызмет көрсету мәселесін қарастыру барысында барлық ұйымдарда Әкімдіктің мүддесін білдіреді;
- Ақпараттық қауіпсіздікжәне мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ақпараттық саясатты қалыптастырады;
- Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметтерін үйлестіру;
- Ақпараттандырудың стратегиялық және оперативті мақсаттарын анықтау және ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылым құру барысында ақпараттандырудың негізгі бағыттары бойынша тапсырмалар қою;
- Ұйымдастыру-нормативтік құжаттарды құрастыруға қатысады, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету жағдайы туралы талдау жазбаларын дайындайды;
- Ақпараттық қауіпсіздік саясатын құрастырады және Әкімдіктің бақылау техникалық құрал-жабдықтарын дамыту болашағын анықтайды;
- Әкімдіктің құпия ақпаратына рұқсатсыз қолжетімділікті болдырмайтын немесе қиындататын жаңа техникалық және бағдарламалық, математикалық жабдықтарды құрады және енгізеді;
- Ақпараттық қауіпсіздікжәне мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамассыз ету бойынша мониторинг жүргізеді;
- Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттандыруын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын құрады және іске асырады;
- Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық қауіпсіздігі, ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігін және бақылауды ұйымдыстыру жұмыстарын үйлестіреді;
- Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету;
- Бөлімнің құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді дамыту, құру және жетілдіру қызметтер мен тауарлардың мемлекеттік сатып алу іс-шараларына дайындалу және қатысу;
- Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарғатексерулер жүргізуге қатысу;
- Бөлімнің құзыртіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер дайындауға қатысу;
- Әкімдіктің ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді үйлестіру;
- Әкімдіктің ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамассыз ету жұмысын үйлестіру;
- Ақпараттық жүйелерге қатысты мемлекеттік сатып алулардың техникалық ерекшеліктерін және номенклатураларын дайындау.
- Міндеті: ақпараттық жүйелер және ресустарды қорғау саласында ақпарат қауіпсіздігін нығайту, нормативтік-құқықтық және әдістемелік қорды жетілдіру, ақпарат қауіпсіздігінің бірыңғай саясатын қамтамасыз ету.
Функциялар:
- Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық қауіпсіздік саясаты талаптарының орындауын бақылаумен қамтамасыз ету;
- Әкімдіктің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне ақпараттық қауіпсіздік сұрақтары бойынша тәжірбиелік және әдістемелік көмек көрсету;
- Серверлік ғимараттың күйін, пайдалану шарттарын және физикалық периметрін тексеру;
- Серверлердің резервтік көшірмесі істелуін жүргізу және резервтік көшірмелердің ағымдағы күйін тексеру;
- Профилактикалық шараларын жургізу және ақпараттық қауіпсіздік күйін тексеру;
- Ақпаратық жүйедегі осал тұстарды анықтау мен оларды жою жұмыстарын үйлестіру;
- Ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, жергілікті есептеу желісінің, серверлік және басқа да құрылғылар бойынша қызмет көрсетуші ұйымдардың өзара әрекеттесу мен олардың жұмысын үйлестіру;
- Бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша хат жобаларын және ақпаратты дайындау.
- АҚ техникалық қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылауды;
- АҚ құжаттық ресімделуін бақылауды;
- АҚ қамтамасыз ету бөлігінде активтердің басқарылуын бақылауды;
- Бірыңғай қауіпсіздік пайдаланудың заңдылығын бақылауды;
- АКТ саласындағы тәуекелдердің басқарылуын бақылауды;
- АҚ оқиғаларының тіркелуін бақылауды;
- АҚ ішкі аудитін жүргізуді;
- АҚ сыртқы аудитінің ұйымдастырылуын бақылауды;
- АКТ пайдаланатын бизнес-процестер үздіксіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды;
- персоналды басқару кезінде АҚ талаптарының сақталуын бақылауды;
- "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі АҚ-сының жай-күйін бақылауды жүзеге асырады.
- Міндеті:Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын, қолжетімділігін арттыру
Функциялар:
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
- Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;
- Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
- Көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралардықолданады;
- Мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
- Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолданады;
- Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілеттіорганға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
- Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
- Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік береді;
- Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына береді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;
- Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз етеді;
- Жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Міндеті:Бөлімнің құзыретіне кіретін басқа міндеттер:
Функциялар:
- Автоматтандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың және ұйымдардың сұратуларына, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша және облыс әкімінің блогына келіп түсетін сұрақтарға жауаптардың жобасын дайындайды;
- Басшылардың тапсырмаларының орындалу мерзімдері мен сапасының сақталуын қамтамасыз етеді;
- Әкімдіктің интернет-ресурсына бөлімнің құзыретіне кіретін ақпаратты орналастырады;
- Бөлімніңқұзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиынтық материалдарын, ақпараттарды, есептерді, басқа да құжаттарды дайындауға қатысады;
- Өзінің құзыреті шегінде және Әкімдіктің басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- Бөлімніңқұзыреті шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдарға кешенді тексерулерге қатысады.
- Бөлімніңқұқықтары және міндеттемелері:
- Бөлімніңміндеттеріне кіретін мәселелер бойынша Әкімдік басшылығының қарауына ұсыныстар енгізу;
- Бөлімніңқұзыретіне қатысты мәселелерді Әкімдіктің басшылығымен талқылауға қатысу;
- Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың тапсырмасы бойынша Әкімдіктің мүддесін, Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік, қоғамдық және басқа да мекемелері мен ұйымдарда және шетелдерде білдіру;
- Бөлімгежүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажет құжаттарды, есептерді, анықтамалар мен басқа да материалдарды жергілікті атқарушы органдардан сұрату және алу;
- Бөлімнің, Әкімдіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыруға және өткізу;
- Әкімдікке жүктелген міндеттерге сәйкес, Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының және олардың қызметкерлерінің келісімімен Әкімдік өткізетін іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу үшін оларды тарту;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімге жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
- Бөлімніңқұзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
- Шарт міндеттемелерінің орындалуын тексеру және көрсетілген қызметтер туралы актіні қабылдау;
- Әкімдіктің және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасаған жағдайда бөлімніңқызметкерін (-лерін), ол (-олар) консультативтік-кеңес органдарына қатысу қажет болған ретте, не болмаса басқа тиісті қызметтік көмек көрсету үшін бөлу;
- Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
- Әкімдіктiң құзыреті шегінде қызметтiк тергеуге қатысу;
- Басқарудың тапсырмасын орындамағанда Әкімдік қызметкерлерінің аумақтық бөлiмшесiнің тәртiптiк жазалары бойынша ұсыныстың басшылыққа кiргiзу;
- Бөлімнің қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету.
- Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Әкімдік туралы ережені және осы ережені басшылыққа алады.
- БөлімҚазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттілікке ие болады.
- Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жетекші басқарады.
- Бөлімбасшысыбөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өзінің функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болып табылады.
- Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Әкімдіктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне бөлімніңатынан жолданатын құжаттарға бөлім басшысы, ол болмаған ретте – оның орнын алмастырушы тұлға қол қояды.
- Жемқорлық айқын болған жағдайда Әкімдік пен құқық қорғаушы органға хабарлау.
- Бөлім қызметкерлерін қызметтік міндеттерін орындау барысында гендерлің кемсітушілікке жол бермеу.
- Бөлімніңұйымдастыру, бақылау және жұмыспен қамтылуы әрбір қызметкердің орындайтын тапсырмаларының мерзімдері мен сапасы үшін жеке жауапты болуының принциптерімен құрылады.