ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 19.12.2022 жылғы № МКД-18-2-17/17500 санды хатындағы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидат болып тіркелген Қойбағаров Нұрлан Хамзатұлында айырмашылықтар анықталғандықтан, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 73 бабының 6 тармағы 3-1 тармақшасының талаптары негізінде Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 174 хаттамалық шешімімен тіркеуден алынғандығын хабардар етеміз.
20.12.2022ж. №153 (212365) "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланады.