ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың
сәйкестігі хаттамасын жасау үшін қажетті құжаттардың
тізбесі
Облыстық сайлау комиссиясына ұсыну:
- Жеке куәлік (жұбайы) - көшірмесі.
- Жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом - көшірмесі.
- Еңбек кітапшасы - көшірме.
- Өтініш
- Өмірбаяндық деректер
Мәслихаттар ұсынған ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына
тіркеу үшін қажетті құжаттардың
тізбесі
- Облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихаттың депутаттыққа кандидат ұсыну туралы шешімі
- Депутаттыққа кандидат болып сайлануға келісім беру туралы өтініш
- Кандидатты қолдауға сайлаушылардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы облыстық сайлау комиссиясының хаттамасы.
- Өмірбаяндық деректер
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК анықтамасы (облыстық сайлау комиссиясы алады)
- Кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы (тіркелгенге дейін) декларациялар тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы.
- Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат.
Өзін-өзі ұсыну кезінде ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына
тіркеу үшін қажетті құжаттардың
тізбесі
- Депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш
- Кандидатты қолдауға сайлаушылардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы облыстық сайлау комиссиясының хаттамасы
- Өмірбаяндық деректер
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК анықтамасы (облыстық сайлау комиссиясы алады)
- Кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы (тіркелгенге дейін) декларациялар тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы.
- Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат.
Кандидатты қолдауға жиналған сайлаушылардың қолдары тіркелгенге дейін және сәйкестігі тексерілгеннен кейін Орталық сайлау комиссиясының шотына заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасы енгізіледі (15 * 60 000 = 900 000 теңге).