Түркістан облысының әкімі Д.А.Сатыбалдының Шардара ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде қаралған өзекті мәселелер

Түркістан облысының әкімі Д.А.Сатыбалдының Шардара ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде қаралған өзекті мәселелер

 

№

Көтерілген мәселелер

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Орындалуы

 

1.                   

Ақшеңгелді ауылдық округіндегі 4-К-2-9, 4-К-2-8, 4-К-3-7, 4-К-4-4 каналдары күрделі жөндеуден өткізілсе, егістікті уақтылы және артық шығынсыз суаруға үлкен септігін тигізер еді.

(Ақшеңгелді ауылдық округінің  тұрғыны,

Мамасариев Рысбек Камалұлы

Тел 87781505963)

 

Ақшеңгелді ауылдық округіндегі 4-К-2-9, 4-К-2-8, 4-К-3-7, 4-К-4-4 каналдарды күрделі жөндеуден өткізу үшін 2023 жылға облыстық бюджет қаржысы есебінен каналдардың күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық  мәслихаттың  нақтылауына ұсынылған.

Жалпы жоба құны 2 152 769 мың теңге

2023 жылға бөлінетін қаржы көлемі – 450 млн теңге.

2023-2024 жж.

желтоқсан

Түркістан облысының ауылшаруашылығы басқармасы, Түркістан облысының

стратегия және экономикалық даму басқармасы,

Шардара ауданы әкімдігі

 

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Бүгінгі таңда, Ақшеңгелді ауылдық округіндегі 4-К-2-9, 4-К-2-8, 4-К-3-7, 4-К-4-4 каналдарды күрделі жөндеуден өткізу үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан тапсырыс беріліп, жобалаушы мекеме «Улмад» ЖШС арқылы ЖСҚ-сы дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

 

2.                   

Шардара қаласы, Шардара-Абай тас жолы бойындағы 4-ші шағын ауданында 5000-ға жуық халық тұрады.

Осыған байланысты, шағын ауданнан арнайы бөлінген жер теліміне жаңадан мектеп салуға ықпал жасауыңызды сұраймыз.

(Шардара қаласының  тұрғыны,

Тоқсанбаев Назар

Тел 87013815270)

Мектеп жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында, «Жайлы мектеп» жобасы аясында Шардара қаласы 4-ші шағын ауданында 1200 орындық мектептің құрылысын жаңадан салу жоспарланып отыр.

Қажетті қаржы бөлінген жағдайда 1200 орындық жаңа мектеп 2024-2025 жылдары салынуы.

2024-2025 жж.  желтоқсан

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы

Түркістан облысының құрылыс басқармасы,

Шардара ауданы әкімдігі

 

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Бүгінгі таңда, ЖСҚ әзірлеуге қажетті құжаттары жинақталып, облыстық құрылыс және облыстық адами әлеуетті дамыту басқармалары арқылы "Самұрық - Қазына" АҚ-на қаржы қарастыруға ұсынылған.

 

3.                   

Қаладағы Наурыз шағын ауданында көптеген тұрғын үйлер салынып, тұрғындар көшіп келуде. Бұл ретте, қазіргі электр желілерінің қуаты жетіспеушілігі болуы мүмкін. Осы мәселенің шешілуіне ықпал жасауыңызды сұраймын?

(Шардара қаласының  тұрғыны,

Қариев Нұрболат Тел 87023444432)

«Шардара қаласындағы Наурыз шағын ауданының электр желілерін салу» бойынша ЖСҚ әзірленген.

Жобаның құны 176,0 млн. теңге.

2023 жылы қажетті қаржы бөлінуі.

Бөлінген жағдайда тиісті жұмыстар жүргізу.

2023 ж. желтоқсан

 

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Шардара ауданы әкімдігі

 

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

«Шардара қаласындағы Наурыз шағын ауданының электр желілерін салу» бойынша ЖСҚ әзірленген.

2023 жылы Республикалық бюджеттен қаржыландыруға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы бюджеттік өтінім ұсынылған.

4.                   

Көксу ауылындағы тозығы жеткен Т.Айбергенов мектеп-гимназиясының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын  жүргізуге ықпал етуіңізді сұраймыз.

(Көксу ауылдық округінің  тұрғыны,

Сариев Нұржан Тасмұратұлы Тел  87011170500)

 

Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясы ғимаратын  күрделі жөндеуден өткізу мақсатында ЖСҚ әзірленуіне 14523,3 мың теңге қаржы қаралды.

Қазіргі таңда ЖСҚ әзірленуде.

Сараптама қорытындысын алып,  2023 жылы облыстық бюджеттен қажетті қаржы бөлінген жағдайда, мектеп-гимназия ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын  жүргізу.

2024-2025 жж.  желтоқсан

 

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы

Түркістан облысының құрылыс басқармасы, Шардара ауданы әкімдігі

 

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясы ғимаратын  күрделі жөндеуден өткізу мақсатында 14523,3 мың теңге қаржы қаралып, жобалық сметалық құжаттама әзірленуде.

 

5.                   

Соңғы жылдары аудан көлемінде көшелерді жөндеу жұмыстары қолға алынып, тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Ол үшін аудан тұрғындары ризашылықтарын білдіруде.

Сізден өтінішім, қаладағы Ы.Жақаев көшесіне де тас төсеу мәселесін биылғы жылдан қалдырмай шешілуіне ықпал жасауыңызды сұраймын.

(Шардара қаласының тұрғыны,

Барболов Жеңіс Тел 87028190180)

 

Шардара қаласындағы Ы.Жақаев және одан бөлек 5 көшеге (Халықтар достығы, Құршан, Ақ шағала, Т.Ибраймов, Байтерек) тас төсеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 62967,0 мың теңге қаржы бөлініп, тас төсеу жұмастарын жүргізу.

2022 ж.

желтоқсан

Шардара ауданы әкімдігі.

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Шардара қаласындағы Ы.Жақаев және одан бөлек 5 көшеге (Халықтар достығы, Құршан, Ақ шағала, Т.Ибраймов, Байтерек) тас төсеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 62967,0 мың теңге бөлінген.

Ағымдағы жылдың соңына дейін бұл мәселе толығымен шешіледі.

6.                   

Сізден, Шардара қаласы мен Жаушықұм ауылының тұрғындарын табиғи газбен толық қамтамасыз етуге ықпал етуіңізді сұраймыз.

(Шардара қаласының тұрғыны, Ілесов Қыстау Тел 87014601786)

Алдағы жылы Республикалық бюджеттен 467,0 млн. теңге бөлінген жағдайда, 2023 жылы Шардара қаласындағы барлығы 7000 тұрғын үйге табиғи газ беріліп, газ мәселесі толығымен шешіледі.

Жаушықұм ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету жобасының сметалық құны 433,8 млн. теңге.
2023 жылы қажетті қаржы бөлінген жағдайда Жаушықұм ауылдық округінде табиғи газ мәселесі шешілуі.

 Нысан 2023 жылға өтпелі

2022-2024 жж. желтоқсан

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Шардара ауданы әкімдігі

 

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Шардара қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Бүгінгі таңда, Өтеғұл, 14 Бекет, Мұнайбаза шағын аудандары толығымен қамтылып, 1000 тұрғын үй табиғи газ көзіне қосылған. Бұған қоса, Абай, Қызылжар, Мелдеби, Қанай Датқа,
№3, № 4, Наурыз және Нұр Отан шағын аудандарына газ құбыры тартылып, қазіргі таңда 4500 жеке тұрғын үйлерді газ көзіне қосу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Төменгі тоғай, Ақбала және Майқала шағын аудандарына газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Жаушықұм ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірлеу үшін 2021 жылы аудандық бюджет есебінен қаржы қаралып, жобалаушы мекеме "МПК-ПРОЕКТ" ЖШС тарапынан жобалау жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда, жобаның Мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, Республикалық бюджет есебінен қаржыландыруға ұсыныс берілген.

7.                   

Аудандағы қашыртқылардың барлығы көп жылдан бері тазаланбай, қамыс басып, лайға толып қалған. Осыған орай Сізден Шардара ауданындағы барлық қашыртқыларды әсіресе Көксу, Қ.Тұрысбеков ауылдық округтерінде механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуге ықпал жасауыңызды сұраймын.  

(Көксу ауылының тұрғыны   

Кеншім Бекмаханбет

Тел 87014842912)

Коммуналдық меншіктегі  қашыртқыларды механикалық тазалаудан өткізу үшін 2023 жылы облыстық бюджеттен қажетті қаржы бөлуге ұсыну.

Жоба  құны  –  4,9 млрд.тг. 

Қолдау тапқан жағдайда,  939  шақырым  қашыртқыға  механикалық  тазалау жұмыстарын жүргізу.

2023 ж.

қыркүйек

 

Түркістан облысының ауылшаруашылығы басқармасы Түркістан облысының

стратегия және экономикалық даму басқармасы,

 

Шардара ауданы әкімдігі

 

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Коммуналдық меншіктегі  қашыртқыларды  механикалық тазалаудан өткізу бойынша 6 а/о  Тұрысбеков,  Қоссейіт,  Көксу,  Ұзын  ата, Ақшеңгелді, Достық) 939 шақырымды құрайтын 223 дана  қашыртқыларды жоба  құны  –  4,9 млрд.тг. 

Көксу ауыл округі бойынша 989 млн тенгеге жобалық-сметалық  құжаттама  әзірленді.

 

Дата публикации
21 ноября 2022