Түркістан облысының әкімі Д.А.Сатыбалдының Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде қаралған өзекті мәселелер
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы |
|
Құрылыс саласы |
||||||
|
1. |
Қазығұрт ауданы орталығы Қазығұрт ауылында 26 мыңнан астам халық тұрады. Қазіргі пайдаланып отырған аудандық мәдениет сарайының ғимараты ыңғайластырылған, 1971 жылы салынған. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны мен статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ алдағы 5 жылда отбасы саны 2800-ден асып, халық саны 30 мыңға өседі деп күтілуде. Осыған орай, аудан орталығына жаңа типте мәдениет сарайын салу қажет етеді. (Ешмухамбетова Раушан – аудандық мәдениет үйінің әдіскері.) |
Қазығұрт елді мекенінде жаңа мәдениет сарайын ғимаратын салу: (Қазығұрт елді мекенінде салынатын 500 орынға арналған типтік мәдениет сарайы ғимаратына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп (730 млн.теңге), «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасына ұсынылды. 2023 жылға «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 67 млн. теңге қарастырылуда. Ғимараттың құрылысы 2023 жылы басталады.) |
2023-2024 жж. желтоқсан |
Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы, Түркістан облысының құрылыс басқармасы, Қазығұрт ауданы әкімдігі
|
Қабылдау және пайдалануға беру актісі |
|
|
2. |
Тұрбат елді мекеніндегі «Ақпарақ» ЖОМ келесі жылы пайдалануға берілсе. (Тұрбат ауыл округінің тұрғыны Сабитов Бахрам.) |
Тұрбат елді мекеніндегі «Ақпарақ» ЖОМ пайдалануға беру: (2022-2023 жылғы оқу бағдарламасның ІІ тоқсанынан бастап мектепке оқушыларды кіргізу мақсатында, пайдаланушы мекеме тарапынан қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Бұл мәселе бақылауда тұрады. Ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға берілетін болады.) |
2023 ж. қараша |
Түркістан облысының құрылыс басқармасы, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, Қазығұрт ауданы әкімдігі
|
Қабылдау және пайдалануға беру актісі |
|
|
3. |
Аудан орталығындағы музей ескі ғимаратта орналасқан. Жаңа музей құрылысына ЖСҚ әзірленген, осыған құрылыс жұмыстарын жүргізіп,ғимаратты пайдалануға беруді көмек берсеңіз. (Қазығұрт ауыл округінің тұрғыны Тажиев Оралбек) |
Жаңа музей ғимараты құрылысы : (Жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған, тиісті облыстық басқармаға ұсыныс берілген.) |
2024-2025 жж. қараша |
Түркістан облысының құрылыс басқармасы, Қазығұрт ауданы әкімдігі, Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы |
Қабылдау және пайдалануға беру актісі |
|
|
Ономастика саласы |
||||||
|
4. |
Аудандағы көшелерге ауданымыздан шыққан Ұлы Отан соғысының ардагерлері Абдан Төлепов, Әлихан Көшіковтің есімдерін ұсыну үшін, «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізуді қажет етеді. (Қазығұрт ауыл округінің тұрғыны Жұмаш Құттыбек) |
«Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу: (Ұлы Отан соғысының ардагерлері Абдан Төлепов пен Алихан Көшіковтің өмірбаяндары мен қажетті құжаттары дайындалып, облыстық ономастика комиссиясына «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу үшін қарауға ұсынылды. Облыстық ономастика комиссиясы тарапынан қолдау тапқан жағдайда, Республикалық ономастика комиссиясында қаралып «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізетін болады.) |
2023-2024 жж. желтоқсан |
Түркістан облысының мәдениет басқармасы, Қазығұрт ауданы әкімдігі
|
Тізімге енгізу |
|
|
Жол саласы |
||||||
|
5. |
Жігерген мен Көкібел елді мекендерге баратын жолдың әбден тозығы жетіп, жамауға келмейді. Осы жолды жөндеп берсеңіз? (Жігерген ауыл округінің тұрғыны Шынтаев Ерғазы) |
Жігерген мен Көкібел елді мекендерге баратын жөндеу: (Жігерген мен Көкібел елді мекендеріне баратын жолдың ұзындығы 17,9 шақырымды құрайды. Жол қанағатсыз жағдайда болуына байланысты, орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамалық қорытындысы алынған. Қаржыландыру 2023 жылға жоспарланған.) |
2024 ж. желтоқсан |
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы Қазығұрт ауданы әкімдігі
|
Қабылдау және пайдалануға беру актісі |
|
|
6. |
Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауыл округі, Өндіріс елді мекеніндегі ішкі жолдары қашан жөнделеді? (Тұрбат ауыл округінің тұрғыны Ағабеков Төле) |
Тұрбат ауыл округі Өндіріс елді мекеніндегі ішкі жолдарын жөндеу: (Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауыл округі, Өндіріс елді мекеніндегі ішкі жолдарын орта жөндеуден өткізу үшін сметалық есептері әзірленіп 2023 жылға «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында қаржы бөлуге ұсыныс берілген. 2023 жылы қаржы бөлінген жағдайда жол орташа жөндеуден өтетін болады.)
|
2023 ж желтоқсан |
Қазығұрт ауданы әкімдігі, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы
|
Қабылдау және пайдалануға беру актісі |
|
|
Коммуналдық сала |
||||||
|
7. |
«Ақбура» бұлақ көзіне қосымша ауыз су қойма құрылысы басталған жоба іске асқанда ауыз су тұрақты беріледі деп жоспарлануда. Осы су қойма қашан аяқталады? (Қ.Абдалиев ауыл округінің тұрғыны Тәшімбет Әлжан)
|
Ауыз су қойма құрылысы: («Ақбура» бұлақ көзіне қосымша ауыз су қойма құрылысын салу нысанының жалпы құны 303348,0 мың тенге. 2022 жылы аудандық бюджеттен 29 830,0 мың тенге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп мердігер мекеме анықталды. («Агроспецмонтаж» ЖШС) 1000 м3, 2-дана резервуардың орны (котлован) қазылып, дайындалып қойылды. Жоба іске асқан жағдайда Қ.Абдалиев ауылдық округі Қызылдала, Еңбекші, Рабат, Атбұлақ, Қ.Мамбетұлы, Шанақ ауыл округі Шанақ, Ақжар елді мекендеріне және Төлеби ауданы Көксәйек ауылдық округі Алтынтастау елді мекеніне Кемеқалған ауыл округі Қаратөбе, Қарақия елді мекендері толық ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда. Казіргі таңда, Ұлттық қордан 2023 жылға қаржы бөлінген, 2023 жылдың соңына дейін толық аяқталатын болады.) |
2023 ж желтоқсан |
Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы Қазығұрт ауданы әкімдігі
|
Қабылдау және пайдалануға беру актісі |
|
|
8. |
Қазығұрт аудандық ауруханасына қарасты Жаңабазар елді мекеніндегі бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығының статусын аураханаға өзгертуге көмек берсеңіз (Жаңабазар ауыл округінің тұрғыны Құралбаев Тәңірберген) |
Жаңабазар елді мекеніндегі бастапқы медико-санитарлық орталығының статусын өзгерту: (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрінің 2020 жылдың 15 қазандағы №33/2020 бұйрығына сәйкес ауылдарда аурухана ашылуы үшін ауыл тұрғындардың саны 30000 адамнан асуы керек, Жаңабазар елді мекенінде 12409 адам тұрады. Қазығұрт аудандық ауруханасына қарасты Жаңабазар елді мекеніндегі бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығында қазіргі таңда тәулік бойы жұмыс жасайтын 10 төсек орынмен қамтылған. Қараша айында қосымша 10 төсек орынмен қамтамасыз етіледі.) |
2022 ж қараша |
Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы
|
|
|