«TURKISTAN-109» ОБЛЫСТЫҚ БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың, Түркістан облысы әкімі Ө.Шөкеевтің бірқатар хаттамалық тапсырмасына сәйкес, жалпы облыс бойынша 109 бірыңғай байланыс орталығы (әрі қарай - Орталық) құру жұмыстары жүргізіліп аяқталды. Техникалық түрде Орталық 2022 жылдың 18 шілдесінде өз жұмысын бастады.
109 орталығы және басқа да цифрландыру саласында жасалатын жұмыстарға арнайы «Цифрлық даму орталығы» КММ ашылды. Құрылтайшысы «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады. «Цифрлық даму орталығы» КММ басшысы Жамбай Абылай Серікбайұлы тағайындалды. «Цифрлық даму орталығы» КММ жарғысы Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылдың 5 наурыздағы №43 қаулысымен бекітіліп, «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Түркістан облысының әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесімен №785-1959-КММ нөмірімен тіркелді.
«Цифрлық даму орталығы» КММ 7 бөлім, 82 штат бірлігі қаралған. Қазіргі таңда «Цифрлық даму орталығы» КММ 109 бөлімінде 17 қызметкер штаттық режимде жұмыс атқаруда.
3 ауысым бойынша қызметкерлер жұмыс атқарады:
- 22 сағат жұмыс атқарып, 3 күн демалады;
- 11 сағаттан 2 күн жұмыс атқарып, 2 күн демалады;
- 5 күн жұмыс істеп, 2 күн демалады.
Орталықтың жұмыс істеу принципі:
Орталық «Aikey» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасайды. Орталық 5 бағыт (линия) бойынша жұмыс жасайды.
- 1 бағыт (линия) – операторлар;
- Операторлар - 109 орталығына келген барлық өтініштерді қабылдап, арнайы «Aikey» ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстарымен айналасады. Бұдан бөлек тұрғындардан келіп түскен өтініштеріне жауаптарын айту мақсатында кері байланысқа шығып жеткізу болып табылады.
- 2 бағыт (линия) – инспекторлар;
- Инспекторлар - 109 орталығына тіркелген өтініштерді зерделеп, мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарға орындау мақсатында жолдау жұмыстары, тұрғын өтініштерін толыққанды және уақытылы жауап алу жұмыстарын жүргізеді.
- 3 бағыт (линия) – орындаушылар;
- Орындаушылар - мемлекеттік және квазимемлекеттік орган қызметкерлері. Тұрғын тарапынан келетін өтінішітерді әрбір орган тарапынан толыққанды және уақытылы жауап жолдау жұмыстарын жүргізеді. Әрбір жауапты қызметкерде «Aikey» ақпараттық жүйесінде өзіне тиесілі қолданушы жазбасы ашылады. Ол жазба арқылы дербес компьютер немесе «Aikey 109» мобильді қосымшасы арқылы кіріп, жауап беру мүмкіндігі бар.
- 4 бағыт (линия) – аналитиктер;
- Аналитиктер – орталыққа келіп түскен өтініштер бойынша қайталанатын мекен жай бойынша мәселелер, кандай да бір мәселе бір ауданда маңызды екендігін, шешілмей тұрған мәселелер бойынша аналитикалық анықтама жасайтын топ.
- 5 бағыт (линия) – методологтар.
- Методологтар - «Aikey» ақпараттық жүйесіне енбей қалған немесе жаңадан құрылған мекенжайлар, классификаторлар және жүйенің білім базасын толтырып отыратын топ.
2022 жылдың 18 шілдеден 31 қазанға дейін, 109 байланыс орталығына 13 031 қоңырау келіп түскен.
Қоңырау категорияларының 5 түрі бар:
- Консультация- 10227
- Анықтамалық ақпарат алу мақсатында;
- Сайлау бойынша 283 қоңырау;
- Оқиға (арыз-шағым) 2709
- Ұсыныс-8
- Шағым- 56
- Алғыс-31
Орталыққа өтініш беру көздері:
- облыс тұрғындары қысқа нөміріне 109 қоңырау шалу арқылы, Whatsapp (+77011313109) желісі; Instagram (@turk.obl_109); Facebook (байланыс орталығы); "Aikey" мобильді қосымшасы және чат бот Telegram @turkobl_109_bot арқылы өтінім тастау мүмкіндігі бар.
Қазіргі таңда 13 031 өтініштің 12 969 өтініші толық жабылып, 60 өтініш жұмыс үстінде, 2 өтініш уақыт мерзімінен өткен.
- Сайрам ауданы – 2165;
- Сауран ауданы – 1520;
- Төлеби ауданы – 1238;
- Арыс қаласы – 1140;
- Сарыағаш ауданы – 835;
- Бәйдібек ауданы – 784;
- Жетісай ауданы – 724;
- Түлкібас ауданы – 568;
- Ордабасы ауданы – 649;
- Келес ауданы – 529;
- Қазығұрт ауданы – 474;
- Мақтарал ауданы – 280;
- Шардара ауданы – 251;
- Отырар каласы – 152;
- Созақ ауданы – 151;
- Түркістан, Кентау – 1571.
Мерзімінен өткен өтінім мазмұны:
- Сайрам ауданы – 2 өтінім (Қоқыс қалдықтары)
Жиі қойылатын сұрақтар және қолданылатын ақпараттық жүйелер.
- Қазіргі таңда орташа есеппен күніне 150-250 қоңырауға дейін қабылдануда.
- Кезектен тыс президенттік сайлау бойынша аудандардан ақпарат алу мақсатында 40-45 қоңырау түсуде. Тұрғындарға https://tur.saylaw.kz сайты арқылы ЖСН номермен тексеріп, немесе мекен-жайы бойынша қандай сайлау учаскесіне қарайтыны туралы ақпарат берілуде.
Шешімі табылмай тұрған мәселелер:
- Қазығұрт ауданы, Қарақозы Абдалиев ауылдық округі, Қызылдала ауылы мамыр айынан бастап ауыз су толық берілмейді. Жауапты мекеме ЖШС «Ақбура Таза су» болып табылады. Жауапты мекеме тарапынан қазіргі таңда су дебеті аз болғандықтан, қысымы төмен болып тұр деген жауап берілуде. Бұл мәселе әр жыл сайын қайталанады. Қазығұрт ауданы тарапынан бұл мәселені қолға алып, шешу жолдарын қарастыруды сұраймыз.
- Сайрам ауданы, Ақсукент ауылының тазалық жұмыстарына жауапты ИП «Асыл» мекемесіне тұрғындардан көптеген шағымдар түсуде. Мекеме уақытылы тазалық жұмыстарын жүргізбейді және төлемақы қымбаттатып жіберген. Тұрғындар төлемақыны қайта қарастыруын сұрауда.
- Аудан, ауылдардан мал өлікселерің алу бойынша ешқандай мекеме қарамайды.