Оңтүстік Қазақстан "Әлеуметтік" газеті

БҰЙРЫҚ

 

30.09.2022 ж.                                                                                                                                                                                                                   №170

Қазақстан Республикасындағы сайлау заңды- лықтары мен 2022 жылғы 20 қарашасына таға- йындалған Қазақстан Республикасы Прези- дентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген кандидаттарға газеттен орын берудің талаптарын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЬІН:

  1. Қазақстан Республикасындағы сайлау заң- дылықтары мен 2022 жылғы 20 қарашасына таға- йындалған Қазақстан Республикасы Прези- дентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында «Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген кандидаттарға газеттен орын берудің шарттары мен тәртібі туралы Ереже» бекітілсін (№1қосымша).
  2. 2022 жылғы 20 қарашасына тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Респуб- ликасының Президенттігіне тіркелген кандидат- тарға «Оңтүстік Қазақстан» газетінде берілген орынға төлем жасау мөлшері бекітілсін (№2 қосымша).
  3. Осы бұйрықтың мазмұны (ішкі ұйымдасты- ру сипатындағы 4-8-тармақтарды қоспағанда) және «2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Респуб- ликасының Президенттігіне тіркелген кандидат- тарға «Оңтүстік Қазақстан» газетінде орын берудің шарттары мен тәртібі туралы Ереже» «Оңтүстік Қазақстан» газетінің кезекті нөмірінде жариялансын.
  4. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы аясында өтетін Қазақстан Респуб- ликасының Президенттігіне тіркелген кандидат- тарға «Оңтүстік Қазақстан» газетінде орын беру туралы Үлгі шарт бекітілсін (№3 қосымша).
  5. осы бұйрықпен бекітілген «2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республи- касы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Республикасының Прези- денттігіне тіркелген кандидаттарға «Оңтүстік Қазақстан» газетінде орын берудің шарттары мен тәртібі туралы Ереженің» сөзсіз орындалуын қамтамасыз етсін;

 

 

«Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің
редакциясы» ЖИІС директор-бас редакторының
2022 жылғы 30 қыркүйектегі №170 бұйрығына
№1 ҚОСЫМША

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Прези- дентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген кандидаттарға «Оңтүстік Қазақстан» газетінен баспа- сөз алаңын ұсынудың шарттары мен тәртібі туралы ЕРЕЖЕ:

  1. Жалпы ереже
  2. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Пре- зидентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген кандидаттарға «Оңтүстік Қазақстан» газетінен баспа- сөз алаңын ұсынудың шарттары мен тәртібі туралы бұл ереже /бұдан әрі - Ереже/ Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдылығы шеңберінде жасалып, 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізудің барлық кезеңінде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың төртібін ұсынады.
  3. Бұл ережені қолдану кезінде 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың қайсысын жақ- тап, не қарсы дауыс беруге шақырған сайлаушылардың ынтасын оятуға үнде- ген кез келген материал оның көлемі мен тақырыбына қарамастан сайлау алдындағы үгіт-насихат материалы деп танылады. Соның ішінде мына мазмұн- дағы материалдар:
  • Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды жақтап немесе қарсы дауыс беруге шақырған үндеулер;
  • Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға қатысты тура немесе жанама ықылас білдіру, оның ішінде сайлаушы /сайлаушылар тобы/ Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың қай-қайсысын жақтап дауыс беретіндігі көрсетілуі тиіс;
  • Сайлау қорытындысының мүмкін болатын жағымды немесе жағымсыз әсерлер туралы пікірлер;
  • Сайлаушылардың осы кандидат туралы жағымды немесе жағымсыз пікірлерін қалыптастыруға қабілеті бар Қазақстан Республикасы Президенттігі- не кандидаттың іс-қимылы (немесе үнсіз отыруы) туралы мәліметтер;
  • Сайлауға қатысты қоғамдық пікір сауалнамаларының қорытындысы.
  1. «Оңтүстік Қазақстан» газетінде сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау 2022 жылғы 21 қазанда басталып 2022 жылдың 18 қарашасында аяқталады (Түпкілікті).
  2. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалдарын, егер ол республиканың Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық жөне рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, сондай-ақ заңда қаралмаған әскери құры- лымдардың құрылуын насихаттаған мазмұнда болса, ондай мәліметтерді (материалдарды) жариялаудан бас тартады.
  3. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясы Қазақстан Республикасы Пре- зиденттігіне кандидаттардың арына, адамгершілігі мен іскерлік қабілетіне дақ түсіретін мәліметтерді (материалдарды), егер мұндай ақпарат редакцияға тиісті құжаттармен қуатталып ұсынылмаған жағдайда жариялаудан бас тартады.
  4. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясы мынадай жағдайда сайлауал- ды үгіт-насихат материалдарын жариялаудан бас тартады:
  • егер жарияланымның қаржыландыру көзі туралы мәлімет жоқ болса, сонымен қатар ол Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңымен рұқ- сат етілмеген көздерден қаржыландырылса;
  • сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыратын адамның (өкілдің) өкілеттігі тиісті құжаттармен қуатталмаса;
  • егер ұсынылған материал бірнеше беттен тұратын жағдайда оның әрбір бетінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың немесе өкілетті адамның қолы болмаса;
  • қандай да бір заңды тұлғаның бет-бейнесі бар сайлауалды үгіт-насихат материалдары бойынша егер әлгі адамның жазбаша рұқсаты болмаса (ол егер қайтыс болған жағдайда оның заңды мұрагерінің жазбаша рұқсаты керек) ондай заңды тұлғаның бет-бейнесін сайлауалды үгіт-насихат материалында пайда- лануға;
  • «Оңтүстік Қазақстан» газетінен баспасөзге орын беру жөніндегі келісім- шарт пен осы Ережеде бекітілген сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың ақысы мерзімінде төленбесе.
  1. Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудан бас тартқан жағ- дайда Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген тәртіп бойынша наразылық келтірілуі мүмкін.
  2. «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясының лауазымды тұлғалары сай- лауалды науқан барысында Қазақстан Республикасы Президенттігіне канди- даттардың Қазақстан Республикасы «Сайлау туралы» Конституциялық Заңы- ның 29-бабы 1-тармағында көрсетілген материалдарды жариялаудан басқа, айтылған сөздер үшін жауапкершілікті мойнына алмайды.
  3. Егер сот жарияланған сайлауалды үгіт-насихат материалдарын Қазақ- стан Республикасы Президенттігіне кандидаттың ар-намысына, адамгершілігі мен іскерлік қабілетіне дақ түсірген деп тапса, онда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясы таяудағы нөмірлерінің бірінде тиісті адамға басылым беті- нен сол бетке, сол көлемде және сол әріппен ар-намысын, адамгершілігін, іскерлік қабілетін қорғау мақсатында қарсы материал жариялауға мүмкіндік береді.

Қарсы материал жариялау жөніндегі өтінішке Қазақстан Республикасы Пре- зиденттігіне кандидаттың ар-намысына, адамгершілігі мен іскерлік қабілетіне дақ түсіргендігі туралы сот шешімінің көшірмесі қоса тігілуі тиіс.

«Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси
газетінің редакциясы» ЖИІС директор-бас редакторының
2022 жылғы 30 қыркүйектегі №170 бұйрығына
№2 ҚОСЫМША

«Оңтүстік Қазақстан» газетінде 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттыққа тіркелгендерге баспасөзден орын берудің төлемақы мөлшері.

  1. Қазақстан Республикасы «Сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттен бөлінген қаржы есебінен төленетін сайлауалды материалдар - 1 ш.см-ге бірінші бетке - 700 теңге.
  2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттыққа тіркелген- дердің сайлаушылар қоры қаржысы есебінен жарияланатын сайлауалды мате- риалдар - 1 ш.см-ге ішкі беттерге - 300 теңге, соңғы бетке 1 ш.см-ге - 350 теңге.

ЕСКЕРТУ: Көрсетілген баға Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттыққа тіркелгендердің бәріне бірдей қатысты болып табылады.

Саитқа жариялау 1 аптаға - 100 000 теңге.

  1. Сайлауалды үгіт-насихат жүмыстарына материал ұсыну мен жариялаудың тәртібі (№3 ҚОСЫМША)
  2. «Оңтүстік Қазақстан» газетінде Қазақстан Республикасы Президенттігі- не кандидаттың сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға мына жағдайлар негіз болып табылады:
  • «Оңтүстік Қазақстан» газетінің директор-бас редакторының атына жазыл- ған мүдделі тұлғаның тиісті өтініші. Мүдделес тұлға (бұдан әрі — Өтініш беруші) болып Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың өкілетті адамы саналады:
  • «Оңтүстік Қазақстан» газетімен Өтініш беруші арасында жасалған сай- лауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау жөніндегі (баспасөзден орын беру) келісімшарт;
  • сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін 100 пайыздық төлемақы.
  1. «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясы өтінішке және жариялауға қабылдаған материалға тігілуге тиіс өтініш берушінің өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмесін жасап беруге құқылы.
  2. Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын қабылдау мерзімі осы Ере- женің 10-тармағында көрсетілгендей, сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға негіз болып табылатын соңғы іс-әрекетті орындау мерзіміндегі жұмыс күні болып табылады.

Заңдық мониторингі қорытындысында сайлауалды үгіт-насихат материал- дары Қазақстан Республикасының сайлау заңдылығының талаптарына жауап бере алмайтын болса, оны өкелген екінші күн қабылдау күні болып саналады («Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясының материалдарды қабылдау туралы белгісі бойынша қателіктер жойылғаннан кейінгі күн).

  1. Өтініш беруші сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау жөніндегі өтініште материалды жариялаудың мерзімі туралы ұсынысын («Оңтүстік Қазақстан» газетінің шығу мерзімін есепке алғанда) және орналаса- тын орнын (газет бетінің жоғары, төмен бөлігі, «Оңтүстік Қазақстан» газетіндегі «Қазақстан Республикасының Президент сайлауы» тақырыптық бөлімінің бірінші, екінші және т.б. беттері) көрсете алады.

Материалды жариялау мерзімі сайлауалды үгіт материалы қабылдауға тапсырылған күннен 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмеуі тиіс.

Талап етілген бет алаңы «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бір шығарылымын- дағы бір стандартты газет бетінен жоғарыламауы тиіс.

  1. Бірнеше Тапсырыс берушінің бір күнтізбелік күнге және сайлау алдын- дағы үгіт материалдарын қабылдау уақыты, сайлауалды үгіт материалын (мате- риалдарын) ұсыну белгіленген орны «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бір шыға- рылымына қатар келіп қалған жағдайда мұндай Тапсырыс берушілердің ара- сында жеребе тасталады.

Жеребенің өткізілетін күнін, уақыты мен орнын «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясы белгілейді. Сонымен қатар, жеребе тастау оның әлеуетті қатысушыларына хабарлама жіберілген сәттен бастап, 24 сағат өткеннен ерте басталмауы тиіс.

Жеребе өтетін күні, уақыты және орны туралы өтініш берушілер жазбаша түрде (факспен, электронды почтамен немесе басылым алаңын ұсыну туралы келісімшартта көрсетілген мекенжайға арнайы) хабарлайды.

Жеребе тастауға қатысу үшін хабарландырылған Өтініш берушінің келмей қалуы оны өзгертуге негіз болып табылмайды. Мұндай жағдайда жеребе тас- тауға қатысқан Өтініш берушілердің арасында өтеді. Жеребе тастауға қатыс- паған Өтініш берушілердің қатысу кезегі Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 37-бабымен реттелетін тәртіпке сәйкес белгіленеді.

Жеребеге қатыспаған Өтініш берушінің сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру реттілігін «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясы, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңы 37-бабының ереже- лері есебінен дербес анықтайды. Жеребе өткізу кезінде сайлауалды үгіт мате- риалдарын (1, 2, 3 және одан ары жеребеге қатысушы Өтініш берушілердің саны бойынша) орналастыру реттілігі анықталады. Жеребе тастау нәтижесінде 1 нөмірді алған Өтініш берушінің сайлауалды үгіт материалдары оны орналас- тыруға тапсырыс берген орнына орналастырылады. Жеребеге басқа қатысу- шылардың сайлауалды үгіт-насихат материалдары басқа тапсырыс беруші- лердің материалдарынан кейін (материалдардың орналасу орны тікелей орналасу орнынан кейін орналасуына тапсырыс берілген, бірақ жеребе заты табылмаған) жеребенің қорытындысы бойынша алған нөмірлік тәртібімен орналасады.

Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру орнына жеребе тастау қорытындысы дауласуға жатпайды.

  1. Сайлауалды үгіт-насихат материалы қазақ тілінде (бұқаралық ақпарат құралында есепке қою туралы куәлігінде белгіленген тілде) бір дана болып қағазға басылған түрде қабылданады.

Өтініш берушінің қалауымен сайлауалды үгіт-насихат материалы қағазға басылғанымен, бір мезетте электронды түрде («Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясымен келісілген электронды нұсқада) ұсынылуы мүмкін.

Сайлауалды үгіт-насихат материалында қаржыландыру көзі туралы мәлі- мет көрсетілуі жөне Тапсырыс берушінің қолы қойылуы, әр бетіне виза қойылуы (егер ұсынылған баспа беті бір данадан асатын болса) тиіс.

Сайлауалды үгіт-насихат материалында бейне, сурет және т.б. салынған болса, тиісті нұсқада және жариялауға қажетті сапаны қамтамасыз ете алатын («Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясымен келісілген) тасымалдағыш нұсқада ұсынылады.

  1. Сайлауға байланысты қоғамдық пікірдің сауалнамасының қорытындысы туралы материалдарда сауалнаманы жүргізген ұйым, сауалнаманы жүргізген, сауалнамаға тапсырыс берген және ақысын төлеген тұлғалар, сауалнаманың жүргізілген уақыты, ақпаратты жинақтау әдісі, сауалнамаға қатысқандардың саны және сауалнаманың нәтижесінің айырмашылық коэффициенті көрсетілуі тиіс.
  2. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің кезекті шығарылымына сайлауалды үгіт материалдарын жариялауға қабылдау газеттің сол шығарылымына басуға тап- сырғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын сағат 18.00-де аяқталады.

Жеребе өткізу және «Оңтүстік Қазақстан» газетінің кезекті шығарылымына жарияланатын сайлауалды үгіт-насихат материалдарына арналған осы Ере- жеде көзделген басқа да шаралар газеттің сол шығарылымына басуға тапсыр- ғанға дейін бір күн бұрын сағат 18.00-ге дейін аяқталуы тиіс.

  1. «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясы сайлауалды үгіт-насихат мате- риалына ұсынылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей заңгерлік мониторинг жүргізуге құқылы.

Заңгерлік мониторинг нәтижесінде сайлауалды үгіт материалының Қазақ- стан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтіні анықгалған жағдайда «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясы оны жариялауды тоқтатып, ол туралы Өтініш берушіге (факспен, электронды почтамен немесе басылым алаңын ұсыну туралы келісімшартта көрсетілген мекенжайына арна- йы) Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілеріндегі нақты ережеге сілтеме жасай отырып, сайлау заңнамасының бұзылғанын анықтаған мөнін көрсете отырып хабарлама жібереді.

Сайлауалды үгіт материалының Қазақстан Республикасы сайлау заңнама- сының талаптарына сәйкес келмейтіні туралы «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясының хабарламасын алғаннан кейін тапсырыс беруші анықталған сәйкессіздікті түзетуге немесе (жазбаша нұсқада) сайлауалды үгіт материалын (материалдарын) жариялау туралы (толығымен немесе белгілі бір бөлігін) өтінішін қайтып алуға құқылы.

  1. Тапсырыс беруші сайлауалды үгіт материалын (материалдарын) жария- лау туралы өз өтінішін (толығымен немесе белгілі бір бөлігін) өз бастамасы бойынша материалдың жариялау күні белгіленгенге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей қайтарып алуға құқылы.
  2. Материалды жариялау туралы өтініш қайтарып алынған жағдайда «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясы Өтініш берушінің осы қайта шақыруы туралы хабарламасын алған сәттен бастап тоқтатылады.

Мұндай жағдайда сайлауалды үгіт-насихат материалына (материалдарына) басылым алаңын ұсыну туралы келісімшарт бойынша төленген ақша шақыры- лып алынған жарияланым бағасының 50 (елу) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық сомасы шегеріліп, тапсырыс берушіге қайтарылады.

  1. Қорытынды ереже
  2. 21. Осы Ереже Өтініш берушінің танысуына, одан сайлауалды үгіт-насихат материалын (материалдарын) жариялау туралы өтініш қабылданған кезде ұсы- нылып жөне сайлауалды үгіт-насихат материалын (материалдарын) жариялау үшін басылым алаңын ұсыну туралы келісімшарт жасалады.

 

 

 

 

Дата публикации
12 октября 2022