Түркістан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметімен 2022 жылғы 9 айда жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижелері

          Ішкі аудит қызметімен 2022 жылғы 9 айда 5 мемлекеттік аудит объектісінде тиімділік, сәйкестік аудиті жүргізілді, оның ішінде 1 мемлекеттік мекемеде және 4 квазимемлекеттік сектор субъектілерінде. 

         Аудиторлық іс-шарамен жалпы 4 101 543,9 мың теңге қамтылды. Анықталған бұзушылықтар 3 200 393,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде  рәсімдік бұзушылықтардың қаржысы 3 147 236,6 мың теңге, қаржылық бұзушылықтардың қаржысы 53 156,4 мың теңге, оның ішінде  бюджетке өтелетін қаржылық бұзушылықтар 8 329,0 мың теңге.  

          Аудит объектісіне жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындысымен анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті уәкілетті органдарға материалдар жолданды.  Сондай-ақ, анықталған  бұзушылықтардың себептерін жоюға бағытталған, аудит объектінің қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру бойынша ұсынымдар аудит объектілеріне және бағдарлама әкімшісілеріне жолданды.

 

Дата публикации
06 октября 2022