«Қалың қалай бастауыш?» акциясы аясында, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, Түркістан облыстық «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне арнайы барып, кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді.
Жиында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі сөз алып, қатысушыларға «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында өткізіліп жатқан мұндай кездесулер тәжірибе алмасу және еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді оңтайлы шешу мақсатында өткізіліп отырғанын жеткізді. Сонымен қатар еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктерін түсіндіріп, еңбек адамының құқығын қорғау, еңбек адамының кауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек жастарын қолдау, еңбек адамының әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелерін тілге тиек етіп, алдағы уақытта кәсіподақтар тарапынан атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары осы мәселелер екенін атап өтті.
Бұдан бөлек ұжымның жағдайымен танысқан Бердіғали Өмірәлі кәсіподақ мүшелеріне ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Әлеуметтік әріптестік» жылы аясындағы атқарылып жатқан «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы, «Парыз», «Еңбек жолы», «Еңбек адамын ұлықтау» республикалық медиа-байқауы, «2022 жылғы үздік ұжымдық шарт», «Заң клиникасы» жұмысы жайлы қысқаша ақпарат беріп өтті.
Жиын соңында еңбеккерлердің көкейінде жүрген сұрақтар тыңдалып, оларға тұщымды жауаптар берілді.
#Әлеуметтікәріптестікжылы
#Годсоциальногопартнерства
#социальноепартнерство
#әлеуметтікәріптестік
#равноесотрудничество
#еңбекқатынастары