Бүгін, «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, «Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов «Теміртас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне арнайы барып, кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кәсіподақ мүшелері әлеуметтік әріптестік жылындағы қоғамдық қызмет пен өзара іс-қимыл перспективаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға бағытталған шараларды қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын және мекемедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктері түсіндіріліп, аталған бағыттағы жұмыстары талқыланды.
Бұдан бөлек аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі Президенттің Жолдауда айтқан еңбек адамдары үшін өте маңызды бастамаларын, соның ішінде ең төменгі жалақы 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге көтерілуі Кәсіподақтар федерациясының әртүрлі алаңдарда қазақстандық жұмысшылардың жалақысын дәйекті түрде жоғарылату, оның ішінде ең төменгі жалақыны көтеру мәселесін шешуге бастама көтергенін арқасында жеткен жетістік екенін жеткізді.
Жиын соңында кәсіподақ мүшелері еңбек ұжымындағы толғандыратын мәселелерді саралап, өздерінің көкейіндегі сауалдарын қойып, пікір алмасты.