«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, «Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясындағы кезекті кездесуі «ЯНС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өз жалғасын тапты.
Жиында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі сөз алып, қатысушыларға кездесудің бастауыш ұйымдарды қолдау және еңбек ұжымдарымен тікелей кері байланыс орнату мақсатында өткізіліп отырғанын жеткізіп, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторлардың құқықтары мен өкілеттіктері туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы сөз етіліп, халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартып, өмір сапасын арттыратын бірнеше басымдықтарына тоқталды. Оның ішінде ең төменгі жалақы мөлшерін 60 000 теңгеден 70 мың теңгеге дейін көбейту туралы шешімі, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин тарапынан үздіксіз көтеріліп келген өзекті мәселердің бірі екендігін тілге тиек етті.
Жиын соңында еңбеккерлердің көкейінде жүрген сұрақтары тыңдалып, оларға тұщымды жауаптар берілді.