Түркістан облысы әкімі Отырар ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелердің орындалуы туралы МӘЛІМЕТ

 

Түркістан облысы әкімі Отырар ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелердің орындалуы туралы

МӘЛІМЕТ

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Орындау

Газ саласы

1

Бізде табиғи газдың құрылысы 2021 жылы жүргізіліп аяқталған. Талапты ауылында жалпы 180 тұрғын үй бар, ауыл тұрғындарына табиғи газдың тезірек берілуіне ықпал етсеңіз?

(Нұрымшан Нұржігіт, Қоғам ауылдық округі, Талапты ауылының тұрғыны)

1. Тұрғын үйлерге газ беру жұмыстарын аяқтау

(Бүгінгі таңда Отырар ауданы бойынша 8 елді мекенге (Ақтөбе, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Қарақоңыр, Ш.Қалдаяқов, Мыңшұқыр, Ынталы, Қоғам) табиғи газ берілуде. Жылдың соңына дейін кезектегі          5 елді мекеннен 3 елді мекеннің құрылысы толығымен аяқталған (Талапты, Бестораңғыл, Ақтам), қазіргі таңда елді мекендерді табиғи газға қосу үшін эксплуатациялаушы мекеме тарапынан берілген сын ескертпелер  орындалуда. Аталған сын ескертпелер орындалғаннан кейін жыл соңына дейін табиғи газ берілетін болады. Қалған 2 елді мекеннің (Шәуілдір, Темір) құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылы аяқталады.)

2022-2023 жыл

 

 

 

 

 

Отырар ауданының

әкімдігі

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

Орындалу үстінде

Талапты ауылына газ құбырын салу нысан құрылысы 2021 жылы аяқталған. Бүгінгі таңға техникалық орындаушылық  құжаттары дайындалып, табиғи газ жүйесіне қосылуға техникалық шартты рәсімдеу жұмыстары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен жүргізілуде. Аталған жұмыстар аяқталған соң, газ құбырлары пневматикалық қысымдау сынағынан өткізіліп, табиғи газ жүйесіне қосылады.  

2

Көкмардан ауылында газ құбырларының құрылыс қашан аяқталады?

(Нұрқұлов Құттыбек, Талапты ауылдық округі, Көкмардан ауылының тұрғыны)

 

2. Газ тарту бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу.

2.1. Қалған қаржыларды                         2023 жылға бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

2.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

 (Түркістан облысы, Отырар ауданы, Көкмардан елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 2021 жылы республикалық бюджеттен 122,551 млн.тг қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Мердігер мекеме – «Jana Kz Qurylys». Келісім шарт құны – 631,466 млн теңге. 2022 жылға 224,2 млн.тг қаржы бөлінді. Нысан 2023 жылға өтпелі.)

2023-2024 ж.ж.

 

 

2.1. 2022-2023 ж.ж.

 

2.2. 2023-2024 ж.ж.

Отырар ауданының

әкімдігі

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

Орындалу үстінде

     «ОҚО, Отырар ауданы, Шытты елді мекеніне және Көкмардан елді мекеніне, Талапты ауылдық округіне газдандыру жүйелерін салу» нысаны құрылысы (сметалық құны – 721,435 мың теңге, келісім шарт құны – 631,467 млн теңге) 2021-2022-2023 жылдарға жоспарланған. Есепті кезеңге дейін 346,765 млн теңге қаржы бөлінген (2023 жылға – 284,702 млн теңге) Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес атқарылуда.

Жол саласы

3

Кейінгі кездері Шәуілдір-Түркістан аралығындағы жолдың сапасы нашарлар кетті, қазіргі таңда аталған жолға күрделі жөндеу жұмыстары басталды, осы жұмыстар тоқтап қалмай, мерзімінде сапалы аяқталса екен.

(Көлбай Жалғасбай Шәуілдір ауылдық округі, Шәуілдір ауылының тұрғыны)

 

 3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

3.1. Қалған қаржыларды                        2023 жылға бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

3.2. Құрылыс жұмыстарын мерзімді  және сапалы жүргізу.

(Облыстық маңыздағы КХ-190 «Түркістан-Шәуілдір-Төрткөл» автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 4 кезеңге бөлініп сараптамалық қорытынды алынған. 2022 жылы Түркістан-Шәуілдір бағытындағы ұзындығы 64 шақырым жолдың                                                      35 шақырымында (ІІІ-ІV уч) қайта құру жұмыстары басталды.)

 2022-2024 ж.ж

 

 

 

Облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

Орындалу үстінде

2022 жылы Түркістан-Шәуілдір бағытындағы ұзындығы 64 шақырымды құрайтын жолдың                                 35 шақырымында (ІІІ-ІV уч) қайта құру жұмыстары басталып кетті. Аталаған аралыққа екі мердігер мекеме жұмылдырылып, ағымдағы жылға республикалық бюджеттен 5,5 млрд теңге қарастырылды (жалпы құны 22,1 млрд теңге). Жобаны толық жүзеге асыру 2022-2024 жылдар аралығына жоспарланған.

4

«Шәуілдір-Көксарай» бағыты бойынша облыстық маңыздағы автомобиль жол құрылысы басталды. Осыған байланысты осы құрылыстың созбалаңдыққа салынбай сапалы аяқталуына ықпал етсеңіз. 

(Тоқбергенов Оңал  Көксарай ауылдық округі, Көксарай ауылының тұрғыны)

Құрылыс жұмыстарын жүргізу

(Облыстық маңыздағы КХ-10 «Шәуілдір-Көксарай-Байырқұм» автокөлік жолының 0-25,250 шақырымдары аралығына орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру мерзімі 2022 жылға жоспарланған)

2022 жыл

Облыстық автомобиль жолдарыжәне жолаушылар көлігі басқармасы

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде

     2021 жылы Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен  мердігер мекеме «АҚ-ЖОЛ» ЖШС-і тарапынан Шәуілдір-Көксарай бағытындағы облыстық маңызы бар КХ-10 «Шәуілдір-Көксарай-Байырқұм» автомобиль жолының                                                  0-25,250 (құны: 904,9 млн.тг) шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстары басталған.

Ағымдағы жылы (Жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі:                                  2022 жылдың қазан айы) жолдың 0-10,4 шақырымы және 22-25,250 шақырым аралығында жөндеу жұмыстарын аяқтауға қаржы толығымен қаралып, жұмыс-өндірістік кестесі бекітілген. Бекітілген сметалық құжаттамаға сәйкес жолдың       0-8 шақырым аралығында ескі асфальт жабынын бұзу жұмыстары жүргізіліп, жолдың бұзылған учаскелеріне құмды-шағал тас (ГПС) қоспасы толығымен төселген.

Алайда, жол битум тапшылығы мен асфальтобетон салу жұмыстарына қолданылатын жол битумының нарықтағы бағасының күрт қымбаттауына байланысты мердігер мекеме нысанның сметалық құнын қайта қарауды талап етіп, нысандағы  жұмыстарды тоқтатқан.

Облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқарма тарапынан аталған мәселе бойынша мердігер мекемемен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жол битумы қамтамасыз етілген уақыттан бастап асфальт жабынын салу жұмыстары жалғасатыны жөнінде келісімге қол жеткізілген.

Құрылыс саласы

5

Балтакөл ауыл округіне қарасты 100 орындық Ақкөл бастауыш мектебінің құрылысы 2020 жылы басталған болатын. Алайда, жаңа мектептің құрылысы тоқтап қалды.  Осы мәселенің шешілуіне ықпал етсеңіз.

(Алтыбаев Бектемір, Балтакөл ауылдық округі, Балтакөл ауылының тұрғыны)

Құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру.

(Ақкөл ауылындағы 100 оқушы орындық бастауыш мектебінің құрылысына аудандық бюджеттен 2020 жылы басталған. Нысан құрылысы  2021 жылға өтпелі.

2021 жылы білім нысандары облыстық жергілікті атқарушы органдарына өтуіне байланысты тапсырысшы облыстық құрылыс басқармасы болып табылады.

2021 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары тоқтап қалғаны рас. Құрылыс басқармасы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жүгініп, қазіргі таңда келісім шарт біржақты бұзылған.

Мектеп құрылысын жалғастырып бітіру үшін ағымдағы жылы республикалық бюджет есебінен қаржы қаралған.

 Осы мәселені тиісті облыстық құрылыс басқармасы арқылы өз мерзімінде шешілуі бақылауға алынады.)

2023 жыл

 

 

 

 

 

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Отырар ауданының

әкімдігі

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

      Орындалу үстінде

Балтакөл ауыл округіне қарасты Ақкөл ауылындағы 100 орындық «Ақкөл» бастауыш мектебінің құрылысы бойынша қазіргі таңда құрылыс материалдары бағасының қымбаттауына байланысты жобалау-сметалық құжаттамасына түзету енгізу жұмыстары жүргізілуде.

         Нысанның жобалау-сметалық құжаттамасына түзету енгізілгеннен кейін құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

 

 

 

Әлеуметтік сала

6

Аудан орталығында ардагерлерге демалыс орындары ұйымдастырылса?

(Өксікбаев Мырзабай Отырар аудандық ардагерлер кеңеснің төрағасы)

 

Зейнеткерлердің саны көбейуіне байланысты Арагерлер үйін үлкен жайға ауыстыру.

 

(Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» (бұдан әрі – Орталық) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әзірлеген ұлттық жоспарына сәйкес құрылған.

Аудан көлеміндегі 134 зейнеткер тіркеліп, қызмет алып келеді.

Орталықтың мақсаты: белсенді және салауатты өмір салтын жақсарту, зейнет жасындағы қарияларымыздың қоғамға деген белсенділігін арттыру, зияткерлік, қоғамдық, шығармашылық өмірге тарту болып табылады. Орталықта әлеуметтік экономикалық, әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік мәдени, көркем шығармашылық үйірмелері, спорттық жаттығулар, массажды орындық, жүгіру жолы, вело жаттығу, гимнастика көркем үйірмелері, кітапхана бұрышы, шахмат, дойбы, теннис, бильярд қызметтері көрсетіледі. Бүгінгі таңда орталықта қызмет алатын зейнеткерлердің саны көбеюіне байланысты бұрынғы қонақүй жайын алу жөнінде келісімшарты жасалуда.

Қыркүйек айына дейін жаңа ғимаратқа көшу жұмыстары жүргізілуде.)

2022 жыл

 

Отырар ауданы әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

Орындалды.

Ағымдағы жылы «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, қыркүйек айында мекеме үлкен жайға көшірілді, аталған жайда ардагерлердің демалуына барлық жағдай жасалған. 

 

 

 

Дата публикации
16 сентября 2022