Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеевтің Шардара ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде қаралған өзекті мәселелер

Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеевтің Шардара ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде қаралған өзекті мәселелер

№

Көтерілген мәселелер

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Орындалуы

1.        

Біздің ауданымызда кезекте тұрған мұқтаж 1274 отбасыларды тұрғын үймен  қамтамасыз ету мәселесі қашан шешіледі екен?

(Шардара қаласының тұрғыны,

Ілесов Қыстау ІнәйұлыТел 87014601786)

 

Түркістан облысы, Шардара ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 1274 отбасының мұқтаждығын шешу мақсатында Шардара қаласының бас жоспарына сай 4-ші мөлтек ауданынан 13,6 га аумаққа 20 көп қабатты тұрғын үй салу үшін жер телімдері бөлініп, 2015 жылы  инженерлік инфрақұрылымдар желілерінің (авто жол, аяқ жол, су ағарлар, ауыз су және электр) құрылысы жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мұқтаждығын шешу мақсатында инженерлік инфрақұрылым желілері жүргізілген аумаққа 2020 жылы жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, көп қабатты көп пәтерлі (5 қабатты 60 пәтерлі) 3 тұрғын үйдің жұмыс жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындылары алынды.

Атап айтқанда 3 жобаның сметалық құны төмендегіше:

№ 1 тұрғын үйдің сметалық құны – 675,617 млн теңге,

№ 2 тұрғын үйдің сметалық құны – 675,751 млн теңге,            

№ 3 тұрғын үйдің сметалық құны – 679,682 млн теңге. 

Жалпы соммасы 2 млрд 31,05 млн. теңгені құрайды. 

2023-2024 жж.

желтоқсан

Шардара ауданы әкімдігі,

Түркістан облысының құрылыс басқармасы,

Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Республикалық бюджет есебінен 2022 жылға тұрғын үй құрылысына қаржы қаралмаған.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған нысандарға 2022 жылға облыстық бюджеттен қаржы қарастыру үшін  2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру барысында депутаттық сауалмен ұсыныс жолданған. Алайда қолдау табылмаған.

2.        

Ауданда елді мекендерді газдандыру жұмысы қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Оған алғысымыз шексіз. Жаушықұм ауылының тұрғындары да ауылға газ келуін асыға күтуде. Сізден ауылды газдандыруға ықпал жасауыңызды өтінеміз?

(Жаушықұм ауылының тұрғыны,

Серікбаев Оралбай Қалымбетұлы

Тел 87011926402)

Жаушықұм ауылдық округін табиғи газ көзімен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірлеу үшін 2021 жылы аудандық бюджет есебінен қаржы қаралып, жобалаушы мекеме "МПК-ПРОЕКТ" ЖШС  тарапынан жобалау жұмыстары жүргізілді.

2023-2024 жж.желтоқсан

Шардара ауданы әкімдігі,

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Бүгінгі күнге, жобаның Мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, Республикалық бюджет есебінен қаржыландыруға ұсыныс берілді. Жобаның сметалық құны 433,8 млн. теңге.

 

3.        

Шардара қаласында салынып жатқан 150 орындық емхана құрылысы созылып кетті. Құрылыстың ағымдағы жылы аяқталып, пайдалануға берілуіне ықпал жасауыңызды сұраймыз?

(Шардара қаласының тұрғыны,

Альменов Туймебай

Тел 87012571637)

Емхананың құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған. Құрал-жабдықтарын заманауи талапқа сай алу үшін облыстық бюджеттен  334 758,0 мың теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда құрал-жабдықтарға тапсырыс берілді.

2022ж.қыркүйек

 

Түркістан облысының құрылыс басқармасы, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Емхананың құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған. Бүгінгі таңда құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары және әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін тапсыру жоспарлануда.

4.        

Аудандағы балық шаруашылығын дамытуға қандай көмектер бар және субсидия қарастырылады ма?

(Шардара қаласының тұрғыны,

Жетибаев Нурбол Бимурзаевич

Тел  87750000381)

 

«Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы №180 бұйрығы қабылданды.

Осыған сәйкес, бюджеттен алдағы уақытта қаржысы қаралып, бұл мәселе толығымен шешімін табады.

2022ж.  желтоқсан

 

Шардара ауданы әкімдігі,

Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалауды реттеу  басқармасы,Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы

Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы

Акваөсіру өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы №180 бұйрығы қабылданды.

   Осыған байланысты, балық шаруашылығымен айналысушы кәсіпкерлерден түскен болжамдарға сәйкес, балық шаруашылығын субсидиялау үшін, облыстық бюджеттен қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім әзірленуде. 

 Жоғарғының негізінде, облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінген жағдайда, қазан-қараша айларында акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамыту үшін субсидия көрсетіледі.

5.        

Шардара қаласының аумағы жылдан жылға үлкейіп келеді. Бұл өз кезегінде қала орталығына шеткі шағын аудандар тұрғындарының қатынауына қиындықтар туғызуда. Осы мәселенің шешілуіне ықпал жасауыңызды өтінеміз.

(Шардара қаласының тұрғыны,

Асилтаева Құрсан Құттыбекқызы

Тел 87781266371)

 

Шардара қаласында «Қала-1», «Қала-2», «Қала-3» бағыттары  бойынша қоғамдық көлік жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

2022ж.

желтоқсан

Шардара ауданы әкімдігі,

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Шардара аудан әкімдігінің қаулысы

Ағымдағы жылдың сәуір айында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан конкурс өткізіліп, «SAR avto» ЖШС-і жеңімпаз болып танылған. 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап Шардара қаласындағы «Қала-1» бағыты өз жұмысын бастаған, 2022 жылдың                  1 тамызынан бастап  «Қала-2» және «Қала-3» бағыттары бойынша автобустар мен шағын автобустар  жүргізіліп жатыр.

6.        

Шардара қаласында қарқынды жүріп жатқан газдандыру жұмыстарынан Төменгі тоғай елді мекені қалып кетпесе екен

 (Шардара қаласының тұрғыны,

Керимбеков Шахаба

Тел 87752987300)

Шардара қаласы, Төменгі тоғай мөлтек ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджет есебінен қаржы қарау бойынша ұсыныс беру.

2022-2023жж. желтоқсан

Шардара ауданы әкімдігі,

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Шардара қаласы, Төменгі тоғай мөлтек ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджет есебінен қаржы қаралып, "Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласының Төменгі тоғай ықшам ауданында тартылатын және орам ішіндегі газ желілерін салу" жұмыс жобасы әзірленді. Жобаның сметалық құны - 673 366,0 мың теңге. Республикалық бюджет есебінен 2022 жылға 200 000,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары басталған.

Нысан 2023 жылға өтпелі.

7.        

Шардара қаласы «Нұр Отан» шағын ауданындағы Т.Жүргенов көшесіне асфальт төсеуге ықпал жасауыңызды сұраймыз (Шардара қаласының тұрғыны, Құрманбай Изатулла Сәлімжанұлы

Тел 87014842912)

Шардара қаласы «Нұр Отан» шағын ауданында орналасқан Т.Жүргенов көшесіне асфальт төсеуге сметалық құжаттары әзірленген.

2022 ж.

қыркүйек

 

Шардара ауданы әкімдігі,

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Шардара қаласы «Нұр Отан» шағын ауданында орналасқан Т.Жүргенов көшесіне мемлекеттік сатып алу нәтижесімен 15.08.2022 ж. «Строительная компания строймонтаж» ЖШС-і жеңімпаз болып танылып, асфальт жабынын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында асфальт төсеу жұмыстары аяқталады.

8.        

Алатау батыр ауылының орталығындағы аурухана аудан орталығынан шалғай жатқан ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі таңда, аурухана күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Осы мәселені өз бақылауыңызға алып, оң шешімін табуға көмектесіңіз. (Алатау батыр ауылының тұрғыны,

Сейділдаев Жолбарыс

Тел 87013032878)

Шардара аудандық орталық ауруханасына қарасты Алатау батыр ауылдық ауруханасы 1980 жылы салынған. Соңғы рет 2011 жылы күрделі жөндеуден өткізілген.

Қазіргі таңда аурухана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттама дайындалып (ЖСҚ құны-208706,83 мың тенге) Сараптамадан өткізіу үшін мемлекеттік сатып алу порталына ашық конкурсқа жарияланған.

2022-2023жж.  желтоқсан

 

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы,

Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы

Шардара ауданы әкімдігі

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Аурухана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін «Nova  Atprum»  ЖШС арқылы ЖСҚ 25.05.2022ж. дайындалды (ЖСҚ құны - 208 706,83 мың тенге).

Сараптамадан өткізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы  болып «AIM Company» ЖШС анықталды. Сараптамадан өткізу жұмыстары мақсатында Е-ПСД порталына 10.08.2022 ж. енгізілді.

Қазіргі таңда ЖСҚ сараптама нәтижесі күтілуде.

 

Дата публикации
12 сентября 2022