Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 156 хаттамалық шешімнің көшірмесі

                    Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының

                    кеңейтілген  отырысының  2022 жылғы 12 тамыздағы

                               № 156 хаттамалық  шешімнің  көшірмесі

                               

  1. Кеңейтілген семинар-кеңесте жасалған баяндамаларда және жарыссөздерде айтылған ұсыныстар,сын ескертпелер ескеріліп басшылыққа алынсын.

 

  1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 3-5 тамызындағы өткізілген семинар-кеңестің № 5 хаттамасы бойынша берілген тапсырмалардың орындалу кестесі бекітілсін және аудандық-қалалық аумақтық сайлау комиссияларына көрсетілген мерзімдерден кешіктірмей орындауға жолдансын.

 

  1. Түркістан облысындағы тұрақты кәсіби негізде қызмет атқаратын аудандық,қалалық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларына өз өкілеттіктері мен жүктелген міндеттерін сайлау туралы заңнамаларға,Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңының талаптарына және осы кеңейтілген семинар-кеңесте қабылданған шешімге сай, жүйелі түрде жауапкершілікпен кәсіби тұрғыда атқару міндеттелсін.

 

  1. 2022 жылдың 3-5 тамызындағы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен өткізілген семинар-кеңестегі ауыл округтері әкімдері сайлауы кезіндегі іс-шараларға байланысты заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпаратты  басшылыққа алып, іске асыру бойынша аудандық,қалалық аумақтық сайлау комиссияларына жолдансын.

 

  1. Аумақтық сайлау комиссиялары сайлаушылар тізімін жасап қалыптастыруда жергілікті атқару органдарымен бірге,Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 23 тамыздағы № 11/197 қаулысымен бекітілген «Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру қағидалары бойынша» ережеге сәйкес жүйелі түрде жауапкершілікпен атқаруды қамтамасыз етсін.

 

  1. Аумақтық сайлау комиссиялары мен жергілікті атқару органдары арасында ақпарат алмасу жеке деректер және оларды қорғау, ақпараттық қауіпсіздік туралы заңнама талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылсын.

 

  1. Аумақтық сайлау комиссияларына жергілікті атқару органдарымен бірлесе отырып тұрақты түрде  сайлау учаскелеріндегі сайлаушылардың санын қадағалау, сайлау учаскелерінің шекараларын нақтылау жұмыстарын жүргізіп жаңа сайлау учаскелерін ашу жұмыстарын тездету тапсырылсын.

 

  1. . Барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары жергілікті атқару органдарымен бірлесе отырып жоспарланған іс-әрекеттердің негізінде, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша тұрақты түрде тиісті жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырсын.

 

  1. Аумақтық сайлау комиссиялары жергілікті атқару органдарымен және тиісті қоғамдық бірлестіктермен,ауыл округтері әкімдерімен бірлесе отырып

 

 

әр ауыл бойынша мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сандарын нақтылау бойынша жұмыс топтарын құрсын. Жұмыс топтарының жүргізген нақтылау жұмыстарының қорытындысын «Сайлау» ААЖ « Сайлау учаскесі» ақпараттық кіші жүйесіндегі мәліметтермен салыстырып қорытынды мәліметтерді 2022 жылдың 01-қыркүйегіне дейін облыстық аумақтық сайлау комиссиясына жолдау тапсырылсын.

 

  1. Аудандық,қалалық аумақтық сайлау комиссиялары ЖАО бірлесіп, мүмкіндіктері шектеулі сайлаушылардың нақты санын анықтау үшін, ауыл округтері әкімдерінің ақпараттарына мән беріліп тұрақты түрде мониторинг жүргізілсін. 

 

  1. Сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау заңнамаларына байланысты электорадтық оқыту кезінде, сайлау құжаттарын дайындау тәртібіне көңіл бөлінсін.

 

  1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының және Орталық сайлау комиссиясының қаулыларының талаптарына сай, сайлаушылар тізімдерін дайындағанда, жеке тұлғалардың дерекқорында  мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың қосымша тізімдері  қамтылсын.

 

  1. «Сайлау» ААЖ «Сайлау учаскесі» ақпараттық кіші жүйесіне- сайлау учаскелері, олардың шекаралары,сайлаушылар саны /оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі сайлаушылар туралы/ туралы деректер жергілікті атқару органдарынан алынған мәліметтер негізінде енгізіліп,тоқсан сайын нақты ақпарат беріліп отырылсын.

 

  1. «Сайлау» ААЖ СДОВ веб-қосымшасындағы  депутаттар мен ауыл округтері әкімдерінің сайлаулары туралы ақпараттар мен әкімдіктердің интернет –парақшасындағы «Сайлау» бөлімінде мәліметтердің мерзімінде орналастырылуын қадағалау.

 

  1. Облыстық және аудандық,қалалық аумақтық сайлау комиссияларының өз өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жұмыс атқаратын мүшелерінің арасындағы жүктелген  міндеттерді хаттамалық шешіммен бекіту.

 

  1. Облыстық, аудандық-қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін ҚР ОСК-ның, облыс әкімінің, облыс мәслихатының алғыс хаттарымен марапаттау/тізім тіркеледі/

 

  1. Барлық аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларына – алдағы уақыттарда өз міндеттерін тиісті талаптар деңгейінде атқармай, кемшіліктерге жол берген жағдайда қатаң шара қолданатындығы ескертілсін.

 

            Комиссия төрағасы:   _________________   Ә.Өмірәлиев

 

            Комиссия хатшысы     _________________   О.Сағымбекова

 

 

Дата публикации
08 августа 2022