Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының тұрақты, кәсіби негізде жұмыс атқаратын мүшелерінің міндеттері

 

«Бекітемін»

Түркістан облыстық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы

____________________ Ә.Өмірәлиев

"____"______________ 2022 ж.

 

 

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының тұрақты, кәсіби негізде жұмыс атқаратын мүшелерінің міндеттері

 

I . Комиссия төрағасы – Өмірәлиев Әлібек Кәденұлы

  1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының талаптарына сай облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жұмысын үйлестіріп басқару.
  2. Сайлау туралы заң талаптарын және орталық сайлау комиссиясының сайлау туралы қаулылары мен шешімдерін барлық деңгейдегі сайлау комиссияларында орындалуын қадағалап қамтамасыз ету.
  3. Сайлау туралы заң талабына сай сайлауларды әзірлеу мен өткізу кезінде комиссия отырыстарын жүйелі түрде өткізілуін қамтамасыз ету.
  4. Сайлау туралы заң талабына сай комиссия мүшелерінің өздеріне жүктелген өкілеттіктері мен міндеттерін орындауын қадағалау.
  5. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң талаптарының орындалуы барысында – керек жағдайда облыстық аумақтық сайлау комиссиясының отырысында төменгі тұрған сайлау комиссияларының есептерін тыңдауды ұйымдастыру.
  6. Облыстағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының жүйелі түрде жұмыс атқаруларын қамтамасыз ету бойынша, керекті жағдайда жергілікті басқару органдарының басшыларымен бірлесе отырып, оңтайлы шешу жолдарын қарастыру.
  7. Комиссия мүшелерінің жұмыс уақытында "Қазақстан Республикасының Еңбек туралы" заң талаптарын орындауын қадағалау.
  8. Комиссия мүшелерінің өздеріне жүктелген міндеттерін заң талабына сай сапалы түрде өз мерзімдерінде атқарулары үшін тиісті қызметтік жағдай жасауды қамтамасыз ету.
  9. Сайлауларды өткізуге Республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген бюджеттік қаржылардың мақсатты орындалуын қадағалау.

 

  1. Комиссия төрағасының орынбасары – Әлішев Әмірдин Мұхиденұлы      (электоральдық процессті ұйымдастыру)
  2. Әкімшілік – аумақтық бөліністер аумағында сайлау туралы заңдардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
  3. Төмен тұрған аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының қызметтерін үйлестіреді.
  4. Сайлау инфраструктурасының қалыптастырылуын үйлестіреді және бақылайды.
  5. Жалпы сайлау процессіне қатысушыларды электорадтық оқытуды ұйымдастыру және басшылық жасау.
  6. Барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары мүшелерінің және саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдерінің біліктіліктерін арттыру бойынша президент жанындағы басқару Академиясының Түркістан облысындағы филиалымен және орталық сайлау комиссиясының электорадтық оқыту орталығымен бірлесе отырып электорадтық оқытуды ұйымдастыру.
  7. Сайлауға даярлық және өткізу барысында облыстағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктермен жұмысты үйлестіру.
  8. Сайлауларды әзірлеу мен өткізу кезеңдерінде облыс әкімшілігімен бірлесе отырып шетелдерден келетін байқаушылармен тиісті іс-шаралар жүргізу.
  9. Комиссия төрағасының еңбек демалысы кезінде – оның міндеттерін атқару.
  10. Сайлауды әзірлеу мен өткізуге байланысты төмен тұрған сайлау комиссияларымен, өкілді және атқарушы билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау.
  11. Төмен тұрған сайлау комиссияларының сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі жұмыс практикаларын зерделеуді және қорытуды қамтамасыз ету.
  12. Төмен тұрған сайлау комиссияларына ұйымдастыру мен ақпараттық мәселелер бойынша консултациялық және әдістемелік көмек көрсету.

 

III. Комиссияның хатшысы – Сағымбекова Ольга Уақытқызы

                                                    (сайлау процессін ұйымдастыру)

  1. Комиссия мүшесі ретінде өз өкілеттігін заң талабына сай атқару.
  2. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының отырыстарын жоспарлап, өткізуді ұйымдастыру.
  3. Барлық сайлауларды әзірлеу мен өткізу бойынша іс-шаралар жоспарларын дайындау және комиссия отырысына бекіту үшін ұсыну.
  4. Комиссия отырыстарының хаттамаларын уақытылы рәсімдеу.
  5. Тиісті жағдайда комиссия қабылдаған шешімдердің орындалуы үшін оларды төменгі тұрған сайлау комиссияларға және басқада органдарға жіберу.
  6. Комиссия қабылдаған шешімдердің орындалуын қадағалау.
  7. Барлық сайлауларды әзірлеу және өткізу бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарларының орындалуын қадағалау.
  8. Сайлауларды әзірлеу және өткізу барысы бойынша аумақтық сайлау комиссияларымен тығыз байланысты жұмыс атқару. Олардан жоспарланған тиісті мәліметтердің уақытылы алынуын қамтамасыз ету.
  9. Сайлау бойынша барлық жоспарланған, керекті мәліметтерді Орталық сайлау комиссиясына өз мезгілінде берілуін қамтамасыз ету.
  10. Комиссиядағы өзіне жүктелген міндеттерді Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң талаптарына сай атқару.
  11. Сайлаулар өткізгеннен кейін заң талабына сай тиісті мерзімде төменгі тұрған аумақтық сайлау колмиссияларынан сайлаулардың қорытындысы бойынша тиісті құжаттарды қабылдау.
  12. Сайлау нәтижесі бойынша қортынды есепті дайындап оны комиссия отырысында бекіттіріп өз мезгілінде Орталық сайлау комиссиясына жіберу.
  13. Төменгі тұрған барлық сайлау комиссияларын өз мезгілінде тиісті әдістемелік құрал-жабдықтармен, құжаттармен және канцтауарлармен қамтамасыз ету.
  14. Өткізілетін сайлауларды тиісті бюллетендермен т.б. құжаттармен қамтамасыз ету.
  15. Аудан, ауыл әкімдерінің сайлауларын ұйымдастырып өткізу бойынша тиісті жоспарларды жасайды және орындалуын қадағалайды.
  16. Комиссиядағы іс-жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру. Төменгі тұрған сайлау комиссияларындағы іс-жүргізу жұмыстарын қадағалау.
  17. Өзіне жүктелген міндеттердің шеңберінде сайлау процессіне қатысушыларды электорадтық оқыту.

 

  1. Комиссия мүшесі – Ускенбаев Бахтиёр

                                       (IT, сайлаушылар тізімі, цифрландыру мәселесі)

  1. Облыстағы барлық сайлау комиссияларында цифрландыру жүйесін енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізу.
  2. Облыстағы сайлаушылар тізімін жасақтау жұмыстарын облыс әкімшілігіндегі тиісті жауапты қызметкерлермен және АСК – төрағаларымен заң талабына сай жүйелі жұмыс жүргізу.
  3. Сайлаушылар тізімі бойынша РГП-мен тығыз байланыста жұмыс жасау, өз мезгілдерінде АИС "Сайлау" жүйесіне тиісті мәліметтерді енгізіп отыру.
  4. Сайлауларды әзірлеу және өткізу барысында электрондық – цифрлық, компьютерлік жүйелердің жұмыстарын қамтамасыз ету.
  5. Облыстағы сайлау мәселесі бойынша өткізілетін іс-шаралардың техникалық қамтамасыз етілуін іске асыру.
  6. Сайлау тақырыбы бойынша материалдарды облыстық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында орналастыру бойынша тұрақты – жүйелі жұмыс жүргізу.
  7. Облыстық, аумақтық сайлау комиссияларынын Интернет жүйесіне енгізілген ақпаратты қадағалау, бақылау;
  8. АИС Сайлау жүйесінің көмегімен сайлаушылар тізім деректерін жүктеп салу және жүктеп алу;
  9. АудандықАСК-ға ақпаратты СДОВ жүйесіне толтыру бойынша кеңес беру.
  10. Компьютерлік техникаға жедел қызмет көрсетуді жүзеге асыру, компьютерлік бағдарламаларды орнату, қалпына келтіру;
  11. Комьютерлік техниканың жұмыс қабілеттілігін сақтау бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу;
  12. Серверлік және желілік жабдықтың, компьютерлік жабдықтың жұмысындағы ақауларды, сондай-ақ оларды қалпына келтіру;
  13. АИС Сайлау, СДОВ, Интернет парақшаларына енгізілген ақпаратты бақылау және техникалық қызмет көрсету;
  14. АСК-ға компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу бойынша кеңес беру;
  15. Ақпараттық жүйелердің клиенттік бөлігінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, олардың жұмысындағы кемшіліктерді жою;
  16. АСК-ға ВКС бейне байланысты қосу кезінде техникалық көрсету.
  17. Өзіне жүктелген міндеттердің шеңберінде сайлау процессіне қатысушыларды электорадтық оқыту.
  18. Комиссия мүшесі – Махамбетова Гулбала Қосаққызы

                                      (қаржы мәселелері бойынша)

  1. Комиссия мүшесі ретінде өз өкілеттігі мен міндетін сайлау туралы Конституциялық заң талабына сай атқару.
  2. Өзіне жүктелген міндеттер бойынша қабылданған комиссиялық шешімдердің және сайлау заңнамасының талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.
  3. Сайлауларды әзірлеу мен өткізілуі бойынша бюджеттік өтінімдерді аумақтық сайлау комиссияларынан қабылдап оларды рәсімдеп Орталық сайлау комиссиясына және жергілікті басқару органына тапсыру.
  4. Сайлауларды әзірлеу мен өткізуге бөлінген бюджеттік қаржыларды тиісті есептемелер бойынша төменгі тұрған аумақтық сайлау комиссияларына жеткізу.
  5. Төменгі тұрған аумақтық сайлау комиссияларына бөлінген бюджеттік қаржылардың игерілуін қадағалау.
  6. Бюджеттік қаржылардың мақсатты игерілуі бойынша төменгі тұрған аумақтық сайлау комиссияларынан уақытылы есептерін алу. Қабылданған есептерді тиісті жоғары тұрған органдарға дер кездінде тапсырылуын қамтамасыз ету.
  7. Сайлаулардың қорытындысы бойынша өзіне бекітілген төменгі тұрған аумақтық сайлау комиссияларынан тиісті мәліметтерді дер кезінде қабылдап комиссия хатшысына тапсыру.
  8. Келісім-шартпен жұмыс істейтін комиссия мүшелеріне және басқа азаматтарға, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң талабына сай еңбек күндерін есепке алу табельдерін жүргізу. Ай соңында оларды бекіттіріп өз уақытысында ақы төленуін қамтамасыз ету.
  9. Комиссия мүшелерінің атқаратын жұмыстарына керекті канцтоварлармен, басқа да жабдықтармен қамтамасыз етуге комиссия хатшысымен бірге тиісті есептерді жасап жоғары тұрған органға жіберу және төлем жасау.

 

  1. Комиссия мүшесі – Оразымбетов Данияр Шекербекұлы

(заңдылықты қамтамасыз ету, М.Ш.А-дың сайлау құқығын қамтамасыз ету)

  1. Комиссия мүшесі ретіндегі өз өкілеттігі мен міндеттерін Сайлау туралы заң талабына сай атқару.
  2. Өткізілетін комиссия отырыстарына қатысу және өзінің өкілеттігі мен міндеттерін атқару барысында анықталған күрделі мәселелер бойынша комиссия отырысына өз ұсынысын ұсыну.
  3. Комиссияға келіп түсетін арыз-шағымдар бойынша заң талаптарына сай жұмыстар жүргізу.
  4. Сайлауларды әзірлеу және өткізу кезінде өзіне бекітілген аумақтық сайлау комиссияларына заң талабына сай кураторлық басшылық жасау.

Сайлауды өткізу бойынша заң талабына сай бекітілген күнтізбелік іс-шаралар жоспарында қаралған тиісті мәліметтердің және басқада құжаттардың өз уақытысында берілуін қамтамасыз ету. Қабылданған мәліметтерді комиссия хатшысына дер кезінде беру.

  1. Мүмкіншілігі шектеулі азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету бойынша төменгі тұрған сайлау комиссияларымен және басқа да уәкілетті, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып жүйелі түрде жұмыс жүргізіп орындалуын қамтамасыз ету.
  2. Өзіне жүктелген өкілеттіктері мен міндеттері бойынша Сайлау туралы заң талаптарының, Орталық сайлау комиссиясының қаулыларының және облыстық сайлау комиссиясы шешімдерінің орындалуын қадағалап қамтамасыз ету.
  3. Өткізілген сайлаулардың қорытындысы бойынша өзіне бекітілген төменгі тұрған сайлау комиссияларынан дер кезінде қорытынды есептерін (хаттама, бюллетендерін) қабылдау және комиссия хатшысына дер кезінде тапсыру.
  4. Сайлауды әзірлеу және өткізу барысында арыз-шағымдар бойынша құқық қорғау органдарымен тиісті жұмыс жүргізу.
  5. Өзіне жүктелген міндеттердің шеңберінде сайлау процессіне қатысушыларды электорадтық оқыту.

 

VII. Комиссия мүшесі – Утемалиев Баян Жалғасқызы

                                       (электорадтық процесс, үгіт-насихат жұмыстары)

  1. Комиссия мүшесі ретіндегі өз өкілеттігі мен міндеттерін Сайлау туралы заң талабына сай атқару.
  2. Өткізілетін комиссия отырыстарына қатысу және өзінің өкілеттігі мен міндеттерін атқару барысында анықталған күрделі мәселелер бойынша комиссия отырысына өз ұсынысын ұсыну.
  3. Сайлау процессіне қатысушыларды электорадтық оқыту бойынша тиісті жұмсытар жүргізу.
  4. Сайлауларды әзірлеу және өткізу кезінде өзіне бекітілген аумақтық сайлау комиссияларына заң талабына сай кураторлық басшылық жасау.
  5. Өзіне жүктелген өкілеттіктері мен міндеттері бойынша Сайлау туралы заң талаптарының, Орталық сайлау комиссиясының қаулыларының және облыстық сайлау комиссиясы шешімдерінің орындалуын қадағалап қамтамасыз ету.
  6. Өткізілген сайлаулардың қорытындысы бойынша өзіне бекітілген төменгі тұрған сайлау комиссияларынан дер кезінде қорытынды есептерін (хаттама, бюллетендерін) қабылдау және комиссия хатшысына дер кезінде тапсыру.
  7. Сайлауларды әзірлеу кезіндегі үгіт-насихат жұмыстарын заң талабына сай ұйымдастыру және қадағалау.
  8. Үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру бойынша облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасымен тығыз байланысты жұмыс жүргізу.
  9. Сайлауды өткізу кезеңінде сайлау учаскелеріндегі ұлттық, шетелдік байқаушылардың жұмыстарын заң талабына сай үйлестіру және бақылау.
  10. Сайлауды әзірлеу және өткізу кезінде кандидаттардың сенім білдірген адамдарымен жұмыс жүргізуді үйлестіру.
  11. Тіркелген кандидаттардың үгіт-насихат жүргізу кезінде өзара дебат өткізілуін үйлестіру және қадағалау.
  12. Кандидаттардың сайлау қорларын заң талабына сай пайдалануын қадағалау.

 

 

 

Комиссия хатшысы

О. Сағымбекова

 

Дата публикации
08 августа 2022