ЖОБА
БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ
Түркістан облысы Жетісай, Мақтаарал аудандарының шекараларын және олардың ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес және Жетісай, Мақтаарал аудандары әкімдіктерінің және мәслихаттарының бірлескен ұсыныстары негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1) Жетісай ауданының шекарасы, Мақтаарал ауданы Достық ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 95,93 гектар жерлерін, Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округінің шекарасына қосу арқылы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 104541,1 гектар болып белгіленсін;
2) Жаңа ауыл ауылдық округінің шекарасы Жетысай қаласының шекарасына ауылшаруашылығы мақсатындағы 74,36 гектар жерлерін, Мақтаарал ауданы Достық ауылдық округінің шекарасына ауылшаруашылығы мақсатындағы 187,83 гектар жерлерін беру арқылы және Мақтаарал ауданы Достық ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 95,93 гектар жерлерін қосу арқылы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 8818,10 гектар болып белгіленсін;
3) Қарақай ауылдық округінің шекарасы Жетысай қаласының шекарасына ауылшаруашылығы мақсатындағы 2,34 гектар жерлерін беру арқылы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 8288,21 гектар болып белгіленсін;
4) Қазыбек би ауылдық округінің шекарасы Жетысай қаласының шекарасына ауылшаруашылығы мақсатындағы 0,36 гектар жерлерін беру арқылы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 9057,28 гектар болып белгіленсін;
5) Ынтымақ ауылдық округінің шекарасы Асықата кентінің шекарасына ауылшаруашылығы мақсатындағы 336,13 гектар жерлерін беру арқылы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 7477,71 гектар болып белгіленсін;
6) Абай ауылдық округінің шекарасы Қызылқұм ауылдық округінің шекарасына ауылшаруашылығы мақсатындағы 612,04 гектар жерлерін беру арқылы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 2898,44 гектар болып белгіленсін;
7) Қызылқұм ауылдық округінің шекарасы Абай ауылдық округінің шекарасынан ауылшаруашылығы мақсатындағы 612,04 гектар жерлерін қосу арқылы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 10005,26 гектар болып белгіленсін;
8) Атамекен ауылдық округінің шекарасы Жылы су ауылдық округінің шекарасынан ауылшаруашылығы мақсатындағы 13,51 гектар жерлерін қосу арқылы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 13499,19 гектар болып белгіленсін;
9) Жылы су ауылдық округінің шекарасы Атамекен ауылдық округінің шекарасына ауылшаруашылығы мақсатындағы 13,51 гектар жерлерін беру арқылы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 11839,43 гектар болып белгіленсін;
10) Ш.Ділдабеков ауылдық округінің шекарасы жалпы көлемі 9924,83 гектар болып белгіленсін;
11) Ж.Ералиев ауылдық округінің шекарасы жалпы көлемі 10507,4 гектар болып белгіленсін;
12) Мақталы ауылдық округінің шекарасы жалпы көлемі 10870,73 гектар болып белгіленсін.
1) Мақтаарал ауданының шекарасы Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 187,83 гектар жерлерін, Мақтаарал ауданының Достық ауылдық округінің шекарасына қосу арқылы өзгертіліп, жалпы көлемі 80855,9 гектар болып белгіленсін;
2) Достық ауылдық округінің шекарасы Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 187,83 гектар жерлерін қосу арқылы және Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округінің шекарасына ауылшаруашылығы мақсатындағы 95,93 гектар жерлерін беру арқылы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 11501,97 гектар болып белгіленсін;
3) Еңбекші ауылдық округінің шекарасы Мырзакент кенті шекарасына ауылшаруашылығы мақсатындағы 98,0 гектар жерлерін беру арқылы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 6395,87 гектар болып белгіленсін;
4) Жаңажол ауылдық округінің шекарасы Мырзакент кенті шекарасына ауылшаруашылығы мақсатындағы 62,0 гектар жерлерін беру арқылы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 1031,91 гектар болып белгіленсін;
5) Жамбыл ауылдық округінің шекарасы Атакент кенті шекарасына ауылшаруашылығы мақсатындағы 20,98 гектар жерлерін беру арқылы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 5993,63 гектар болып белгіленсін;
6) Мақтарал ауылдық округінің шекарасы Атакент кенті шекарасына ауылшаруашылығы мақсатындағы 150,35 гектар жерлерін беру арқылы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 17949,81 гектар болып белгіленсін;
7) Бірлік ауылдық округінің шекарасы Атакент кенті шекарасына ауылшаруашылығы мақсатындағы 5,48 гектар жерлерін беру арқылы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 5700,22 гектар болып белгіленсін;
8) А.Қалыбеков ауылдық округінің шекарасы жалпы көлемі 5402,45 гектар болып белгіленсін;
9) Иіржар ауылдық округінің шекарасы жалпы көлемі 9211,7 гектар болып белгіленсін;
10) Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің шекарасы жалпы көлемі 7921,8 гектар болып белгіленсін.
Облыс әкімі Облыстық мәслихат
Ө. Шөкеев хатшысы
Қ. Балабиев
А.Ш.Жетпісбай
Ә.Е.Тұрғымбеков
С.А.Қалқаманов
А.С.Сабитов
Ұ.Қ.Тәжібаев
Қ.Ә.Қайыпбек
А.Б.Тасыбаев
«Түркістан облысы Жетісай, Мақтаарал аудандарының шекараларын және олардың ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы «____»__________ №______ қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы «____»__________ №______ шешіміне.