Түркістан облысы әкімі Ө.Е.Шөкеевтің Мақтаарал ауданының тұрғындарымен екінші
кездесуіндегі өзекті мәселелер
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Ескерту/ орындау |
|
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы |
||||||
|
1 |
Ауданымызда жалпы көптеген жұмыстар атқарылуда. Ендігі кезекте ауданымыздағы Жаңажол, Ж.Нұрлыбаев, Достық, Еңбекші ауылдық округтеріне қарасты 23 елді мекенге табиғи газ кіргізуге ықпал етсеңіз. (Жаңажол ауылдық округі, жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы Мырзалиев Бахыт) |
Аталған елді мекендерге табиғи газ құрылысын жүргізу. (Мақтаарал ауданындағы газдандырылмаған жалпы 23 елді мекеннің ішкі газ жүйелерінің құрылысына жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуді бастау үшін 2022 жылға аудандық бюджеттен 11,5 млн. теңге қаржы қаралып, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, Мақтаарал ауданына жаңадан Мақтаарал автоматты газ тарату станциясының құрылысы жүргізілуде. Нысан 2023 жылға өтпелі.) |
2023 жыл желтоқсан |
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
|
2 |
Біздің елді мекенде ауыз су құбырларының тозығы жетіп отыр. Осы ауыз су құбырларын қайта құруға тиісті қаржы бөлінуіне ықпал етсеңіз. (А.Қалыбеков ауылдық округінің тұрғыны Көзбаев Қалдыбек) |
А.Қалыбеков ауылдық округінің ауыз су құбырларын қайта құру. (А.Қалыбеков ауылдық округі, Жаңажол елді мекеніндегі ауыз су құбырларын қайта құру жұмыстарына «СуҚұрылысПроект» ЖСШ тарапынан жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталуда. Қаржысы 9,2 млн. теңге. (Жобаны аяқтауға қосымша 5,6 млн. теңге қажет) Жобаға мемлекеттік сараптама қорытындысы алынғаннан соң құрылыс жұмыстары белгіленген тәртіппен жүргізілетін болады.) |
2022-2024 жж
|
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
|
3 |
Мақтаарал ауданы, Жамбыл елді мекеніне электр желісін тарту жұмыстары қашан аяқталады екен? (Жамбыл ауылдық округінің тұрғыны Полатов Дауылбай) |
Жамбыл ауылына электр желілерін жүргізу. («Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл, Кеңесшіл, Жалын, Көкпарсай елдімекенінде КТП (Жабдықталған трансформаторлық подстанциясы) орнату және электр желілерін жүргізу құрылысы» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысын аяқтауға қосымша |
2023 жыл желтоқсан |
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
|
4 |
Мақтаарал ауданы, Наурыз ауылының тұрғынымын. Біздің ауылға жүргізіліп жатқан газдың құрылыс жұмыстары қашан бітеді екен? (Иіржар ауылдық округінің тұрғыны Сағынбаев Мұхамеджан) |
Наурыз ауылының газ құрылысы жұмыстарын мерзімінде аяқтау. (Иіржар ауылдық округі, Наурыз елді мекенінің газ құбырларының құрылысы 2021 жылы басталған. Нысанға қалған қаржысы толық қаралған, 2022 жылы аяқталады) |
2022 жыл желтоқсан |
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
|
5 |
Өзіңіз көргендей Индустриалды аймақта күннен-күнге кәсіпорындар саны көбейіп келе жатыр. Соның бірі биылғы жылға қосу жоспарланып отқан «Janasil» ЖШС мақта қабылдау зауыты. Біздегі өзекті мәселесі газ мәселесі, осы мәселенің шешілуіне ықпал жасауыңызды сұраймын. («Janasil» ЖШС-інің директоры Сарсенбаев Нұрлан) |
Индустриалды аймаққа табиғи газ құрылысы мәселесі үшін қосымша қаржы қарастыру. (Индустриалды аймаққа 2019 жылы жеткізуші газ құбыры (қуаттылығы 800 м3/сағ) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Алайда, бүгінгі таңға қосымша нысандар ашылуына байланысты табиғи газдың қуаттылығы жетпейді. Осы мәселе Атакент және Мақтарал ауылдық округінің 10 елді мекенін газ қуатын арттыру мақсатында жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, аудандық бюджеттен 1,0 млн. теңге қаржы қаралып, «Строй-проект-инвентаризация» ЖШС тарапынан жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы қаржысы 10,8 млн. тг. Қалған сомма бойынша қосымша қаржы қарау жұмыстары жүргізілуде.) |
2022-2023 жж |
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Облыстық инвестиция және экспорт басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
|
Білім саласы |
||||||
|
6 |
Ағымдағы жылы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан кепілдендірілген әлеуметтік пакетімен қамтылған отбасы балаларына мектеп формасы (киім-кешек) беріледі ме? (Мырзакент кентінің тұрғыны, көпбалалы ана Шойкараева Қарлығаш) |
Бөлінген қаржыны уақтылы игеру. (Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан кепілдендірілген әлеуметтік пакетімен қамтылған Ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін жұмыстар толығымен аяқталады. Сондай-ақ, Мақтаарал ауданының мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алатын әлеуметтік осал топтардың 6357 балаға 237687 мың теңге қаржы қаралған.) |
2022 жыл 31 тамыз |
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы |
|
|
|
7 |
Мақтаарал ауданының «Оқу өндірістік комбинаты» мекемесі 1958 жылы салынған. Мекеме ғимараты және оқу материалдық базасы ескірген, күрделі жөндеуді материалдық базаны жаңартуды қажет етеді. Осы орайда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғанба? (Мырзакент кентінің тұрғыны, аудандық әжелер алқасының төрайымы Құрбанбаева Шахзада) |
«Оқу өндірістік комбинаты» мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. (Аудандағы «Оқу өндірістік комбинаты» мекемесінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу бойынша техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жобалық іздестіру жұмыстары дайындалған. Жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге 8 551 000 мың теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Дайындалған жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес, күрделі жөндеу жұмыстары 2023-2024 жылдары аралығында жүргізу жоспарлануда.) |
2023-2024 жж |
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
|
|
|
|
Жол саласы |
||||||
|
8 |
Бүгінгі таңда аудан орталығы Мырзакент кентіндегі апатты жағдайдағы көпірден көптеп ауыр жүк көліктері кіруде. Оған қоса ауыр жүк көліктері орталықтың бас көшелері арқылы өтеді. Осыған байланысты Мырзакент кентін айналып өтуге мүмкіндік беретін заманауи көпір салуға қаржы бөлуге ықпал жасасаңыз? (Мырзакент кентінің тұрғыны, аудандық мәслихат депутаты Жолдасов Алданияз) |
Көпір салуға бюджеттен қаржы қарастыру. (Қазіргі таңда, Мырзакент кентіндегі қолданыстағы көпірдің құрылысы үшін әзірленген ЖСҚ-ға өзгерістер енгізілуде. Ал, Достық каналының үстінен Мырзакент кенті Абай көшесі бойымен айналма жол салу үшін аудан әкімдігі тарапынан жер бөлу комиссиясының оң қорытындысы алынып, мемлекеттік акт алу жұмыстары атқарылуда.) |
2023-2024 жж |
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобильдер басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
|
9 |
Мақтаарал ауданы, Бірлік ауыл округі, Қоңырат елді мекенінің көшелеріне асфальт салу жұмыстары жоспарда бар ма? (Бірлік ауылдық округінің тұрғыны Ерманова Саулеш) |
Республикалық бюджеттен қаржы қарастыру. (Қазіргі таңда, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Мақтаарал ауданы, Бірлік ауылдық округі, Қоңырат елді мекенінде құны 64,7 млн. теңге болатын 4 көшенің жөндеу жұмыстары (асфальт төсеу) жүргізілуде. Одан бөлек ұзындығы |
2023-2024 жж |
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобильдер басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
|
Құрылыс саласы |
||||||
|
10 |
Біздің елді мекендегі (Иіржар ауылдық округінің тұрғыны Давлятов Хайдар) |
Құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтау. (Азамат және Еркінабад елді мекендеріндегі 200 орындық мектеп құрылыстары нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылы қаңтар айында басталған. Құрылыс нысандарына тиісті қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары қаржылық жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда, А,Б,В блоктарының 1-қабатының қабырғалары толығымен қаланып, плита жаппалары орнатылуда. Нысандардың құрылысы 2023 жылы пайдалануға беріледі.) |
2023 жыл желтоқсан |
Облыстық құрылыс басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
|
Спорт саласы |
||||||
|
11 |
Ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында Атакент кентінен спорт зал салынса және әр бір елді мекендерден шағын спорт алаңшалары салынуына ықпал етсеңіз. (Мақтарал ауылдық округінің тұрғыны Жұрымбетов Даулетбай) |
Атакент кентіне спортзал салу. (Атакент кентінен спорт зал салу үшін арнайы жер телімі анықталған. Қазіргі таңда, сәулет жоспарлау тапсырмасы рәсімделуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін нысанға жобалық сметалық құжаттары дайындалып, сараптамадан өткізу жоспарлануда. Сараптаманың қорытындысына сәйкес 2023 жылы қаржы бөлдіру мақсатында бюджеттік комиссияға ұсыныстар енгізіледі. Бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында бүгінгі күнге дейін бюджет есебінен сегіз шағын футбол алаңдары салынып, тұрғындардың пайдалануына берілді. Қазіргі таңда, сегіз (Ж.Нұрлыбаев а/о Ырысты және Өнімкер ауылынан, Иіржар а/о Наурыз және Мақтажан ауылдарынан, Бірлік а/о Өркениет, А.Қалыбеков а/о Үлгілі, Достық а/о Достық) елді мекенге спорт алаңдары салынуда.) |
2023-2024 жж |
Мақтаарал ауданының әкімдігі
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|