Түркістан облысы әкімі Ө.Е.Шөкеевтің Кентау қаласының тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелер

Түркістан облысы әкімі Ө.Е.Шөкеевтің Кентау қаласының тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелер

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Ескерту / орындау

Тұрғын үй және коммуналдық саласы

1

Қалаға кіре берістегі кәріз тазарту станциясының орналасқан жерін басқа жаққа ауыстыруға мүмкіншілік барма?

(Кентау қаласының тұрғыны,

Қалымбетов Нұрлан

Тел:87027426223)

       1.1. Кентау қаласындағы кәріз тазарту станциясы мен кәріз жүйелерін қайта құру ЖСҚ әзірлеу.

       1.2. Сараптама қорытындысын алу.

       1.3. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

       1.4. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

      (Кентау қаласының тұрғындарын орталықтандырылған кәріз су құбырына қосу үшін «Кентау қаласындағы кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысы» жобасын іске асыруға, жобаның техникалық экономикалық негіздемесін (ТЭН) келісу жұмыстары және жобалау-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.)

1.1.   қазан,

2022 ж.

1.2.желтоқсан, 2022 жыл

1.3. ақпан,

2023 жыл

1.4. маусым, 2023 жыл

Түркістан облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Кентау қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қаржы бөлінуіне қарай

2

Қаламыздағы 368 көппәтерлі үй бар, соның 276 үйге жаңарту жұмыстары жүргізілді. Енді қалған 92 көп пәтерлі үйге модернизация жұмыстары қашан жүргізіледі?

(Кентау қаласының тұрғыны,

Қалымбетов Нұрлан

Тел:87027426223)

        1.1. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

        1.2. Жөндеу жұмыстарын жүргізу.

       (2022 жылдың қаңтар айында Кентау қаласында
92 көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2022-2023 жылға 2,706 млрд. қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім берілді. 2022 жылдың қырүйек айында республикалық бюджетті нақтылау барысында қаржы қарастырылған жағдайда тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.)

1.1.   қазан,

2022 жыл

1.2. 2023-2024 ж.ж.

Түркістан облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Кентау қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қаржы бөлінуіне қарай

3

Қаладағы аулаларда балалар алаңшасы салынадыма?

(Кентау қаласының тұрғыны, Жақысбек Нұрсат 

Тел:87471862001)

        1.1. Экономикалық сараптама қорытындысын алу.

        1.2. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

        1.3. Балалар алаңшасын салу.

        (Кентау қаласында 56 аула бар. 2021 жылы 6 аула абаттандырылды (балалар ойын алаңшасы, спорт алаңшасы және авто көлік тұрағы орнатылды). Қазіргі таңда 33 көп қабатты ойын алаңшаларын орнату мақсатына ЖСҚ әзірленіп, Мемлекеттік сараптамадан өткізілді.).

1.1. тамыз,

2022 жыл

1.2.  қыркүйек 2022 жыл

1.3.  маусым 2023 жыл

Түркістан облысының экономика басқармасы

 

Кентау қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қаржы бөлінуіне қарай

4

52 орам аумағына балалар ойын алаңшасы салынса?

(Кентау қаласының тұрғыны,

Биембетов Мақсат

Тел:87053447670)

       1.1. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

       1.2. Балалар алаңшасын салу.

      (Кентау қаласындағы жеке тұрғын үй секторлар аумағына балалар ойын алаңшаларын салу үшін ЖСҚ әзірленген. Соның ішінде 52 орамның 4 көшесіне 2 балалар ойын алаңшасын салу қарастырылған. Алдағы уақытта қаржы қарастырлған жағдайда тиісті жұмыстар атқарылатын болады ).

1.1.            қазан 2022 жыл

1.2.  маусым, 2023 жыл

Кентау қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қаржы бөлінуіне қарай

Жол саласы

5

Қаладағы 52 орам жолдары қашан толық ретке келтіріледі?

(Кентау қаласының тұрғыны,

Биембетов Мақсат

Тел:87053447670)

        1.1. 52 орамның ішкі көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу.

       (Мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы аясында 52 орам ауданының ішкі көшелеріне 2023 жылға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.)

маусым-тамыз айлары,

2023 жыл.

 

Кентау қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қаржы бөлінуіне қарай

Спорт саласы

6

Кентау қаласындағы орталық бассейн қашан іске қосылады?

(Кентау қаласының тұрғыны,

Нарынбетов Серікбай

Тел:87784174855)

        1.1. Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасымен облыс теңгерімінен Кентау қаласының теңгеріміне өткізу.

      (Қаладағы бассейн жұмысын қайта бастау үшін жаңадан арнайы құрылатын мекеменің қаулысы қала әкімімен бекітіліп, “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының ресми сайтына жарияланды. Ресми сайтта заңға сәйкес  кемінде 1 ай тұруы қажет. Хабарландыру 02.07.2022 жылы жарияланған. Қазіргі таңда Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасымен облыс теңгерімінен Кентау қаласының теңгеріміне өткізу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта заңға сәйкес, ақылы қызмет көрсету үшін “Кентау қалалық бассейні” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ашылып, қала тұрғындары суға шомылу және спортпен шұғылдану мүмкіндігіне ие болады).

қыркүйек,

2022 жыл

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы

 

Кентау қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қаржы талап етілмейді

Мәдениет саласы

7

Кентауда балалар кітапханасының орналасқан ғимараты қазір тозығы жетіп тұр. Балаларға жағдай жасалып, кітапханаға жөндеу жүргізіле ме?

(Кентау қаласының тұрғыны,

Жүнісова Сандуғаш
Тел: 87024313669)

       1.1. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

       1.2. Жөндеу жұмыстарын жүргізу.

       (Кентау қалалық орталық балалар кітапханасы ретінде 1961 жылы ашылып, 2010 жылы жоғарыда аталған ғимаратқа орналастырылған. Ғимарат 1984 жылы салынған. Кітапхана орналасқан ғимарат 254,4 шаршы метрді құрайды. Кентау қалалық балалар кітапханасы ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттар дайындалып, 7,5 млн. теңгеге 2022 жылға қосымша бюджеттік өтінім ұсынған. Алдағы уақытта қаржы қаралып, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілетін болады).

1.2тамыз,

 2022 ж.

1.2.қыркүйек, 2022 жыл

 

Кентау қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қаржы бөлінуіне қарай

Құрылыс саласы

8

Қаладағы лотоктар мен дренаж мәселесі қашан шешіледі?

(Кентау қаласының тұрғыны,

Нарынбетов Серікбай

Тел:87784174855)

       1.1. Кентау қаласының жер асты суларының деңгейін төмендету жобасының ІІ-кезеңін жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеу.

       1.2. Сараптама қорытындысын алу.

       1.3. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

       1.4. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

       (Қазіргі уақытта Кентау қаласының жер асты суларының деңгейін төмендету мақсатында "Қосқорған су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, Кентау қаласында су төмендету жүйесін салу" II – кезеңнен тұратын жобассын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жоба "Глубокий" шахтасының оқпанында 4 жоғары дебитті сорғыларды орнатуды, сондай-ақ қаланың негізгі су басу аймақтарына тік дренаждың (СВД) 11 ұңғымасын бұрғылауды қамтиды.

Бүгінгі таңда 11 ұңғыманың 6 ұңғымасы бұрғыланып, толығымен отырғызылған. Су бұру бойынша 5,5 шақырымның 2,5 шақырымын монтаждау жұмыстары жүргізілді. Ұңғыма сорғылары үшін 7 қосалқы электр тарату пунктінің монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған жобаның ІІ-кезеңі жүзеге асқаннан кейін қаладағы лоток және дренаж мәселесі шешімін табатын болады).

1.2.   қазан,

 2022 ж.

1.2.желтоқсан, 2022 жыл

1.3. ақпан,

2023 жыл

1.4. маусым, 2023 жыл

Түркістан облысының құрылыс басқармасы

 

Кентау қаласының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қаржы бөлінуіне қарай

 

Дата публикации
09 августа 2022