Түркістан облысы әкімі Ө. Шөкеевтің Сауран ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелер
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Ескерту / орындау |
|
Газ саласы |
||||||
|
1 |
Сауран ауданына қарасты барлық ауылдық округтерге табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығы белгілі. Оранғай ауылдық округіне табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ 2019 жылы әзірленген екен, бүгінде ЖСҚ-ны дайындалғанына 2 жыл уақыт өтті. Оранғай ауылдық округіне газдың келуіне, құрылыс жұмыстарына қаржы қарауға ықпал жасасаңыз. (Оранғай ауылдық округі, Оранғай елді мекені, Мектеп көшесі 7 үй тұрғыны, Касимов Юлдашбай тел: 87027333944)
|
Жүйнек, Қарашық ауылдық округін және Ораңғай ауылын табиғи газбен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарастыру. Жүйнек, Қарашық ауылдық округін және Оранғай ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды, аудан әкімдігі тарапынан аталған нысандар бойынша, республикалық бюджеттен қаржы бөлуге өтінім берілді. Ал, қалған ауылдық округтерге бүгінгі таңда табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жобалық сметалық құжатнамалары әзірлеуге облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. |
2022-2024 жж. |
1. Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
2. Сауран ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қаржы бөлінуіне қарай |
|
Тұрғын үй және коммуналдық саласы |
||||||
|
2 |
Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылында электр энергиясының қуаттылығы төмен, соған қосымша трансформаторлар орнатуға болады ма? Оранғайдан бөлек дәл осындай электр қуатына деген қажеттілікті Иассы ауылында да байқап жүрмін. Осы мәселенің шешілуіне жәрдемдессеңіз. (Оранғай ауылдық округі, Оранғай ауылының тұрғыны, Ибадуллаева Гүльнара |
Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округі, Оранғай елді мекеніндегі электр бағаналарымен электр желілері және трансформаторлары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның теңгерімінде және «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның қайта жаңғырту инвестициялық бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Оранғай ауылдық округі Оранғай елді мекеніндегі электр жарығының сөніп қала беру себебі, елді мекендегі бағаналар мен трансформаторлар ескіруі. Қазіргі таңда, аудандық бюджеттің есебінен 2022 жылдың соңына дейін сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы қарастыруға ұсыныс беріліп, 4 дана трансфарматорға қаржы беріліп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жариялануда.
|
желтоқсан, 2022 жыл |
Сауран ауданының әкімдігі |
|
Қаржы бөлінуіне қарай |
|
Жол саласы |
||||||
|
3 |
Шорнақтың орталық көшесіне асфальт салынып жатыр. Рахмет үлкен, қазір біздің ауыл аудан орталығы болуына байланысты, ауыл көшелеріне асфальт салу жұмыстары жалғасады ма? Сонымен қатар көшелерге жарықтандыру жұмыстары да жасалса деген сұранысымыз бар. (Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекені, Құрманғазы көшесі 22 үй тұрғыны, Бегалиев Алайдар тел: 87764531736 |
Сауран ауданының орталығы Шорнақтың 1-ші кезекте негізгі көшесін жөндеу жоспарланып, қажетті қаржысы бөлініп, жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар 3,37 шақырым құрайтын 4 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар Шорнақ ауылының 18 көшесіне жарықтандыру жұмыстарына да қаржы бөлінді. Елді мекеннің қалған көшелеріне асфальттау жұмыстары газ жүйесі жүрген соң жүргізіледі. |
2022-2023 ж.ж. |
1. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
2. Сауран ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
|
4 |
Сіздің қолдауыңызбен Майдантал ауылдық округіне қарасты, Егізқара елді мекеніне баратын жолдың 10 шақырымына тас төселді, алғысымызды айтамыз. (Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекені, Жансүгіров көшесі 16 үй тұрғыны, Раматулаев Арсылан |
Егізқара елді мекеніне баратын автожолды конкурс негізінде жеңімпаз атанған «Иса құрылыс» ЖШС мердігер мекемесі ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс келісім шарт талаптарына сәйкес толық жүргізілетін болады.
|
желтоқсан, 2022 жыл |
1. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
2. Сауран ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
|
5 |
Қаражон - Ынталы - Түркістан, Абай - Бабайқорған - Түркістан қоғамдық көлік маршруттары ашылса? (Бабайқорған ауылдық округі, Бабайқорған елді мекені, Бабай батыр көшесі 39 үй тұрғыны, Тұрғанбаев Құттыбай тел: 87768692727) |
Аталған маршруттар бойынша Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бірнеше рет конкурс жариялады. Алайда ынта білдірген тасымалдаушы мердігер болмауынан конкурс өтпеген деп танылды. Алдағы уақытта тағы да конкурс өткізілетін болады.
|
2022-2023 ж.ж. |
1. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
2. Сауран ауданының әкімдігі |
|
|
|
6 |
Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Игілік елді мекеніне апаратын 9 шақырым жерге жол салынса екен. (Бабайқорған ауылдық округі, Бабайқорған елді мекені, Бабай батыр көшесі 9 үй тұрғыны, Қорғанбаев Ережеп тел: 87768692727) |
Аталған автожолды зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аудандық бюджеттен ЖСҚ әзірлеуге қаржы қаралды. Жобалау сметалық құжаттама сараптаманың оң қорытындысы алынған соң 2023 жылдың бюджетіне ұсынылады. |
желтоқсан, 2023 жыл
|
1. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
2. Сауран ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
|
Туризм және Ауыл шаруашылығы саласы |
||||||
|
7 |
1. Құрметті Өмірзақ Естайұлы! Аудандағы тарихи орындарды облыстың туристік маршруттарына қосып, насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізілсе деген ұсынысым бар еді. Одан бөлек Ескі Иқан ауылының кәсіпкерлерінің қаржыландыруымен Жүсіп ата кесенесінің аумағынан «Сапар» орталығы мен музейдің құрылысы аяқталуға жақын. Құрметті Өмірзақ Естайұлы ендігі кезекте осы орталықтың салынуына атсалысқан кәсіпкерлердің атынан ұсынысымызды қабыл алсаңыз. Болашақта орталығымыз туристік маршруттардың қатарына кірсе. 2. «ПУИД-2» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіп отырған «ҚазСуШар» РМК мекемесінің суды тарату құны 251 теңге болып белгіленді. Үлкен алғысымызды айтамыз. Ұсынысымыз бар еді, суармалы жерлерге скважина қазып берсеңіздер. (Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан елді мекені, М.Юлдашев көшесі 2 үй тұрғыны, Юлдашев Мамирхан тел: 87768692727) |
1. Ескі Сауран қалашығының аумағынан, жоба құны 256,0 млн.теңгені құрайтын туристерді қабылдау орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде заманауи туристерді қабылдайтын орталыққа айналмақ. Сауран, Үкаша ата кесенесі сынды тарихи орындар облыстың туристік маршруттарының қатарында бар. Ал қалған тарихи орындар кезең-кезеңімен зерттелуіне қарай болашақта тізімге енетін болады. Жүсіп ата кесенесіні Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының теңгерімінде. Болашақта міндетті түрде туристік маршруттардың қатарына кіретін болады. 2. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 16 қарашадағы №332 «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі №317 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының (бұдан әрі - Қағида) №11 «Суару жүйелерін және тамшылатып суаруды құру және кеңейту» жоба паспорты бойынша мемлекеттік қолдау қарастырылған. Яғни, агроөнеркәсіптік кешен субъектісі өз қаржы есебінен скважина қазған жағдайда шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша 50 % субсидиялау ережесіне сәйкес төленеді. |
2023-2024 ж.ж. |
1. Облыстық туризм басқармасы
2. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
3. Сауран ауданының әкімдігі |
|
|
|
Спорт саласы |
||||||
|
8 |
Түркістан қаласынан түрлі спорт нысандары бой көтеруде. Сондай нысандардың бірін Шорнақ ауылынан салып берсеңіздер? (Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекені, Темірбаев көшесі 14 үй тұрғыны, Жұманова Нышанкүл тел: 87057039849) |
Шорнақ ауылынан спорт кешен құрылысын жүргізу үшін жер телімі белгіленіп, «Сауран ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атына шешім шығып, сәулет жоспарлау тапсырмасы әзірленген. Қазіргі уақытта кешеннің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 13 млн. теңге бөлініп тиісті жұмыстар жүргізілуде. |
2023-2024 ж.ж. |
1. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы
2. Сауран ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|