Облыс әкімінің Сарыағаш ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген мәселелер бойынша іс - шаралар жоспарының орындалуы туралы
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы (3 ай қортындысы) |
|
|
Тұрғын үй және коммуналдық саласы |
|||||||
|
1. |
Ақжар ауылдық округі Ақжар елді мекені Жамбыл мен Төле би көшелерінің тозығы жетіп отыр, жолды жөндеп беруге ықпал етсеңіз? (Ақжар ауылдық округі тұрғыны Беркінбаев Абдуманап Тел:87027109033) |
Ақжар елді мекеніндегі Жамбыл мен Төле би көшелерінің жолын жөндеу. (Ақжар ауылдық округі, Ақжар елді мекеніндегі Жамбыл көшесінің ұзындығы 0,4 шақырымына және Төле би көшесінің ұзындығы 0,7 шақырымына аудандық бюджеттен 21,3 млн. теңге қаралған). |
2022-2023 ж.ж.
|
Сарыағаш ауданы әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап «ГрантСтрой 2018» ЖШС жолдарға орта жөндеу жұмыстарын жүргізуде
|
|
|
2. |
Бүгінгі күні Көктерек кентінде 50-ден астам шипажайлар орналасқан, электр жарығы нашар. Электр желілері мен бағаналары күрделі жөндеуден өткізіледі ма? (Көктерек кентінің тұрғыны Байдыбекова Ира Тел:87021394000) |
Көктерек кентіндегі электр желілері мен бағаналарын күрделі жөндеуден өткізу. (Көктерек кентін сапалы электр желісімен қамтамасыз ету мақсатында Республикалық бюджеттен 2022 жылы 200 млн теңге қаралды (жобаның жалпы құны 446,1 млн. теңге). |
2022-2023 ж.ж. |
Сарыағаш ауданы әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қазіргі таңда Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде |
|
|
3. |
Сарыағаш қаласы, Байтерек көшесінің бойында орналасқан 13 тұрғын үйді пайдалануға беруге қандай жұмыстар атқарылуда? (Құркелес ауылдық округінің тұрғыны Алимбаева Гулсара Тел:87025052884) |
Сарыағаш қаласы, Байтерек көшесінің бойында орналасқан 13 тұрғын үйді пайдалануға беру мақсатында кәріз жүйесінің шешу жолдарын қарастырып, ұсыныс еңгізсін. («Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласындағы алаңы 10 га кварталының көп қабатты тұрғын үйлерімен, әлеуметтік мәдени нысандарымен, қазандық және инженерлік инфрақұрылымдары құрылысы» нысаны бойынша 27.07.2016 жылы мердігер «Шұғыла» 2002 ЖШС-мен №31 келісім-шарт жасаған. Аталған нысанның бүгінге дейін жүргізілген құрылыс жұмыстары барысында көп қабатты тұрғын үйлердің инфрақұрылым (газ, су, электр, кәріз) жүйелері тартылған. Бүгінгі таңда жоба бойынша үйлердің алдын абаттандыру, ойын алаңшаларын және жол жабындыларын орнату жұмыстары жүргізілуде.
|
Маусым 2022 ж. |
Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Сарыағаш ауданы әкімдігі |
Ұсыныс енгізу |
Сарыағаш қаласындағы кәріздік тазарту нысанының жобалық сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. (31.12.2021 ж. №19-0497/21) Сметалық құны: Сарыағаш ауданы әкімдігі 13 көп қабатты (жалпы 585 пәтер) тұрғын үйлерді ағымдағы жылы пайдалануға беру мақсатында, тұрғындар санын есепке ала отырып 13 көп қабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесіне уақытша арналған 100 м3, 3 (үш) дана қойма (емкостъ) орнату жоспарланған. Бүгінгі таңда осы нысанның жобасы әзірленіп, 23.06.2022 жылы №LTD-0173/22 мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Нысанның жалпы құны - 134,7 млн теңге. Экономика басқармасына тиісті ұсыныстар жолданған. Келесі бюджетті нақтылау кезінде аталған қаржы бөлінеді деп күтілуде |
|
|
4. |
Қабланбек ауылдық округінің Жонарық және Қанағат елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі ме? (Қабланбек ауылдық округі, Жонарық елді мекеннің тұрғыны Аширов Габпар Тел:87059926922) |
Қабланбек ауылдық округінің Жонарық және Қанағат елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету. (Жонарық және Қанағат елді мекендерін таза ауыз су мен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 2022 жылға 185,0 млн. теңге қаралды. (жобаның жалпы құны 445,2 млн. теңге) |
2022-2023 ж.ж. |
Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Сарыағаш ауданы әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қазіргі таңда Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурысы өткізілуде. |
|
|
5. |
Сарыағаш ауданы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі қашан беріледі екен? (Дербісек елді мекені тұрғыны Бегалиев Рахманберді Тел:87016736454) |
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру. (Жеке тұрғын үй құрылысына жер беру мәселесі Есептік кезеңге, жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін алуға 18 190 азамат кезекке тіркелген. Аудан аумағындағы 6 ауылдық округінің 10 елді мекені шегінде шамамен жалпы 466 гектар бос жатқан, бас және оңтайланған жоспарларында сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін қаралған жер учаскелері бар. Бұл жер учаскелеріне инфрақұрылымдар жүргізілген жағдайда, кезекте тұрған 2850 азаматқа жер учаскесін беруге мүмкіндік бар. Бүгінгі күнге Жылға елді мекеннінен 42,0 гектарда электр желісі құрылысына республикалық бюджеттен 102,7 млн. теңге қаржы бөлінді. 2022 жылдың 1 жартыжылдығында шамамен). |
2023-2024 ж.ж. |
Сарыағаш ауданы әкімдігі |
Жер учаскелерін тұрғын үй құрылысы үшін бөлу |
Жылға ауылдық округінен 480 азаматқа тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру жоспарлануда. Дарбаза ауылдық округінің Дарбаза елді мекенінде 30,0 гектарға электр желісі құрылысын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 225,0 млн. теңгеге, Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде Электр желісі мен су құбыры құрылысын қаржыландыруға 504,0 млн. теңгеге өтінімдер берілген |
|
|
6. |
Сарыағаш ауданына темір жол арқылы келген қонақтар бірінші кезекте Майлы қожа көшесі арқылы өтеді. Кәзір бұл көше арқылы жүріп өту өте қиын. Көшенің жөндеу жұмыстары жүргізіледі ме? (Сарыағаш қаласының тұрғыны Кеншинбаев Ермек Тел:87754735205)
|
Сарыағаш қаласы, Майлы қожа көшесін жөндеуден өткізу. (Сарыағаш қаласындағы Майлы қожа көшесінің 0,8 шақырымына орташа жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен 43,0 млн. теңге 2022 жылға бөлінді). |
2022-2023 ж.ж. |
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомомбиль жолдары басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілуде. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. Жоба құны 130,0 млн. теңге |
|
|
Білім және мәдениет саласы |
|
||||||
|
7. |
Дихан баба ауылы жастарының өнерге деген қызығушылығын арттыру үшін, ауылымызға мәдениет ошағы салынса? (Жібек жолы ауылдық округі, Дахан баба елді мекеннің тұрғыны, Көмеков Жанғазы 87011756806) |
Дихан баба елді мекеніне мәдениет үйін салу. (Жібек жолы ауылдық округінің Дихан баба елді мекеніндегі Е.Бектұрғанов көшесінің бойында кітапхана және мәдениет үйін салу мақсатында облыстық бюджеттен 340,4 млн. теңге қаралған). |
2022-2023 ж.ж.
|
Түркістан облысының құрылыс басқармасы |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап «VEK STROY COM» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын бастады. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. |
|
|
8. |
Жылға елді мекеніндегі №12 С.Сейфулин атындағы жалпы орта мектебінде білім алып отырған балалар сыймай жатыр, қосымша ғимаратының құрылысы қай кезде жүргізіледі? (Жылға ауылдық округі, Жылға ауылының тұрғыны Қожабаева Баршагүл. Тел:87011404491) |
Жылға елді мекеніндегі №12 С.Сейфулин атындағы жалпы орта мектебіне қосымша ғимарат құрылысын салу. (№12 С.Сейфулин атындағы жалпы орта мектебінің 150 орындық қосымша ғимаратының сметалық құны 595,7 млн. теңге құрайды).
|
2022-2023 ж.ж. |
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Бүгінгі таңда "Ar Kua Group" ЖШС-і жеңімпаз болып анықталып, маусым айынан құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Конкурстық құны 461 391,0 мың тенге. Құрылыс-монтаж жұмыстарына 2022 жылға 10,0 млн. қаржы қаралған. Білім беру нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі |
|
|
9. |
Қабланбек ауылдық округі, Қабланбек елді мекені №13 «Мәнгілік ел» жалпы орта мектебіне күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізіледі ме? (Қабланбек ауылдық округі, Қабланбек елді мекеннің тұрғыны Тазабаева Рауан Тел:87021858636)
|
Қабланбек елді мекені №13 «Мәнгілік ел» жалпы орта мектебін күрделі жөңдеу. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Түркістан облысы бойынша 18 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарлаған. |
2022-2023 ж.ж. |
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Осы бағдарламаға №13 «Мәнгілік ел» жалпы орта мектебі де енгізілген, бүгінгі таңда республикалық бюджеттен 25,0 млн. теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын 2022 жылы бастау жоспарланған, 2023 жылға өтпелі. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу күтілуде.
|
|
|
Ауыл шаруашылғы және кәсіпкерлік саласы |
|
||||||
|
10. |
Дарзаба ауылдық округі Құрсай ауылының тұрғынымын, үйімде бағып отырған малдарымды жаюға жер аздық етуде. Ортақ мал жайылым жерлерін ұлғайту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр? (Дарбаза ауылдық округінің тұрғыны Абдраимов Бауыржан. Тел:87024291059)
|
Дарбаза ауылдық округіндегі ортақ мал жайылым жерлерін ұлғайту. (Жалпы, Жылға ауылдық округінен 1233,40 гектар, Тегісшіл ауылдық округінен 1018,30 гектар, барлығы 2251,7 гектар суарылмайтын егістік жер учаскелері Сарыағаш ауданы әкімдігінің 05 сәуір 2021 жылғы №118 қаулысымен ауыл шаруашылығы алқабының жайылым түріне ауыстырылып, Тегісшіл ауылдық округінің Мәдениет елді мекеніне 1277,28 га, Жылға ауылдық округінің Жылға елді мекеніне 600,0 га, Қарақалпақ елді мекеніне 633,4 га жер учаскесін ортақ жайылымға енгізу үшін осы елді мекендерге жер-шаруашылық жоспары жасалынып, Сарыағаш ауданы әкімдігінің және Сарыағаш ауданы мәслихатының 2022 жылғы 25 мамырдағы бірлескен шешімімен бекітілді. 2022 жылы Дарбаза ауылдық округі, Құрысай және Ердәуіт елді мекендері маңындағы бос жатқан ауданның арнайы жер қорындағы 671 га жайылым жер учаскесі Дарбаза ауылдық округі әкімі аппараты ММ-іне Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 08 ақпандағы №39,№40 қаулыларымен ортақ пайдалануға берілді. Бұдан бөлек К.Муталиевке шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген 50,0 га жайылым жер учаскесін К.Муталиевтің келісімімен елді мекеннен ұзақ басқа жерге ауыстырып, осы 50,0 га жер учаскесін ортақ жайылым ретінде беру бойынша жұмыстар жүргізілуде). |
2023-2024 ж.ж. |
Сарыағаш ауданы әкімдігі |
Ортақ мал жалымын ұлғайту |
Дарбаза ауылдық округі Құрсай елді мекені маңынан 92,0 га. суарылмайтын егістік, Әлімтау ауылдық округі, Әлімтау елді мекені маңынан 500,0 га. суарылмайтын егістік, барлығы 592,0 га. мемлекет меншігіндегі жер пайдалануға берілмеген жерлер анықталып, тұрғын халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жайылыммен қамтамасыз ету бойынша ортақ жайылымға қосып беру жұмыстары жүргізілуде |
|
|
11. |
Алдыңғы жылы мал азығын табу қиындық туғызды. Биылғы жылы мал азығын жинауға жәрдем ретінде қандай шаралар қабылданып жатыр? (Әлімтау ауылдық округі, Тасқұдық елді мекеннің ауыл биі Алданов Тәжібай Тел:87024346905)
|
Мал азығын жинауға жәрдем беру. (Мал азығы тауарларының қорын қалыптастыру мақсатында 2022 жылы 316,9 мың тонна мал азығын дайындау жоспарланған). |
2022 ж. |
Сарыағаш аудан әкімдігі |
Қажетті мал азығын дайындау |
15.07.2022ж. мәлімет бойынша 215,9 мың тонна мал азығы дайындалған, алдағы уақытта сабан, жүгері сүрлемі және жантақ, жоңышқаның 3 – 4 орымдарын жүргізіп жоспар артығымен орындалады деп күтілуде. Келесі жылдарға мал азығы қорын дайындау мақсатында қосымша биылғы жылға бекітілген жоспардан 200,0 мың тонна артық мал азығын дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. |
|