Түркістан облысы әкімі Ө.Е.Шөкеевтің Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелер
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалу барысы (3 айлың қорытындысы)
|
|
Тұрғын үй және коммуналдық саласы |
||||||
|
1 |
Облыс орталығындағы Бірлік мөлтек ауданында cу құбыры тартылмаған көшелер бар. Сол көшелерге ауыз су құбырын жүргізу жоспарланған ба? (Түркістан қаласының тұрғыны, Хакимов Алишер Мухтарович Тел: 87029214666) |
Бірлік мөлтек ауданындағы көшелерді ауыз сумен қамту бойынша республикалық бюджеттен құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. (Саумалкөл көшесін ауыз су желісімен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы 28.08.2021 жылы алынған («Түркістан қаласындағы жаңадан қоныстанған аумақтардағы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету» жобасы). Қазіргі таңда Түркістан облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан республикалық қаржыландыруға ұсынылған). |
2023-2024 жж.
|
Түркістан облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Түркістан қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Жобаның құрылыс жұмыстарын бастау үшін, 2022 жылы облыстық бюджеттен 80,0 млн. теңге қаржы қарастырылды. Қазіргі таңда, мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін, белгіленген тәртіппен құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін болады. |
|
2 |
Алпамыс батыр, Ы.Дүйсенбаев, Желтоқсан, А.Молдағұлова, Алтаев, Сарыарқа көшелеріне кәріз жүйесі қашан жүргізіледі? (Түркістан қаласының тұрғыны, Маккамбаев Хусан Ергешбаевич Тел: 87773921000)
|
Аталған көшелерге кәріз жүйесін жүргізу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. (Алпамыс батыр, Ы.Дүйсенбаев, Желтоқсан, А.Молдағұлова, Алтаев, Сарыарқа көшелеріне кәріз жүйесін жүргізу 2023 жылдың жоспарында. Аталған көшелерді сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету «Түркістан қаласы, Түркістан - Қызылорда тас жолы бойында орналасқан Сауран мөлтек ауданында сарқынды су жүйелері құрылысы» жұмыс жобасында қарастырылған. Жұмыс жобасы сметалық құжаттамалары рәсімделіп, мемлекеттік сараптаманың 02.12.2021 жылы оң қорытындысы алынған. Қаржыландыру бойынша салалық басқармаға ұсынылды). |
2023-2024 жж.
|
Түркістан облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Түркістан қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Аталған жобаның құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру үшін республикалық бюджеттің кезекті нақтылауына ұсынылған. Нысанның құрылысына қаржы бөлінген соң, құрылыс-монтаж жұмыстары заң талаптарына сәйкес жүргізіледі. |
|
3 |
Отырар мөлтек ауданындағы 5 көп қабатты тұрғын үйлердің жан-жағын реттеу жүргізіле ме? Онда саябақ салу жоспарда бар ма? (Түркістан қаласының тұрғыны, Арыстанбаева Гүлнар Асхатовна |
Саябақ құрылысын басталуын ұйымдастыру. (Яссауи көшесі бойымен екі жақ бетінен желілік саябақ және субұрқағы бар сквер салу ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланған. Жалпы аумағы 5 га. құрайды. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамалары толық әзірленіп, бюджетке ұсынылып, қаржы қарастырылған. Жобаға сәйкес демалыс орындары, балалар алаңшалары, спорт алаңшалары, аяқжолдар, веложолдар және субұрқақ пен түнгі жарықтандыру қарастырылған). |
Сәуір-желтоқсан 2022 жыл
|
Түркістан қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Яссауи көшесі бойымен екі жақ бетінен желілік саябақ және субұрқағы бар сквер салу құрылыс жұмыстары жасалуда. Қазіргі таңда аяқ жолдар салу, жол жиек тастарын салу (Бордюр), Веложолақтар және каналдар салу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын аяқтау ағымдағы жылдың тамыз айының соңына жоспарланып алайда көгалдандыру жұмыстары күзгі ағаш егу маусымында жүргізілетін болады. |
|
4 |
1. Отырар мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерге қашан газ кіргізіледі екен, жоспарда бар ма? (Түркістан қаласының тұрғыны, Маккамбаев Тулкин Ергешбаевич Тел: 87058866272)
|
1. Отырар мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерге газ кіргізу бойынша ЖСҚ әзірлеу. 1.1. Сараптама қорытындысын алу. 1.2. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 1.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. (Отырар мөлтек ауданындағы 5 қабатты 36 тұрғын үйлерді газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге тапсырыс берілді. Сараптама қорытындысы одан кейін алынады. Жобаға сәйкес 2. «Арман» және «Сырдария» тұрғын үй кешендерін абаттандыру жұмыстарын жүргізу. («Арман» және «Сырдария» тұрғын үй кешендерін абаттандыру бойынша 5 жобасы іске асуда. Олар: су және кәріз, электр, газ, телефон, абаттандыру. Аулаларын абаттандыру, жолдар салу, ойын алаңшаларын орнату жұмыстары ағымдағы жылғы сәуір айында басталып, жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда) |
1. сәуір 2022 ж. 1.1. мамыр - маусым 2022 ж. 1.2. 2022 жыл 1.3. 2023 жыл 2. сәуір -желтоқсан 2022 ж. |
Түркістан қаласының әкімдігі |
1. Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
2. Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
1. Отырар мөлтек ауданындағы 5 қабатты 36 тұрғын үйлерді газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді 1.1. Сараптаманың оң қорынтындысы алынды (5 қабатты тұрғын үйлерге сыртқы және ішкі газ құбырларын жүргізу қарастырылады). 1.2.,1.3. 2023 жылдың алғашғы қаржы қарастырылған жағдайда құрылыс жұмыстары бастау жоспарлануда. 2. «Арман» және «Сырдария» тұрғын үй кешендерін абаттандыру бойынша жұмыстары қарқынды жасалуда. Ағымдағы жылғы жыл соңына дейін аяқталады. |
|
Білім саласы |
||||||
|
5 |
1. Түркістан қаласында 500 оқушы білім алатын 1948 жылы пайдалануға берілген Әмір-Темір мектебі жұмыс істеуде. Мектеп тарлық етуде. Осы мектепке қосымша құрылыс жүргізу қарастырылады ма екен? (Түркістан қаласының тұрғыны, Тінейбай Ерболат Арапбайұлы 87058168181) |
1. Мектепке қосымша ғимарат салу үшін бюджеттен қаржы қарастыру. 1.1. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. (Аталған мектепке қосымша 200 орындық оқу корпусын салу жоспарлануда. Жобалық сметалық құжаттамасы дайын, оң қорытындысы алынған. Сметалық құны 757,0 млн. қаржыны құрайды).
|
1.2022 жыл
1.1. 2023 жыл.
|
Облыстық құрылыс басқармасы
Түркістан қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Бүгінгі күнге жаңа мектеп құрылысына 10,0 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Жеңімпаз анықталысымен құрылыс жұмыстары басталады. |
|
6 |
Биылғы жыл Президентімізбен «Балалар жылы» болып жарияланды. Алайда, балаларымыздың бос уақыттарын тиімді өткізу, қосымша білім алу мен үйірмелерге қатысуы өте өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай қала оқушыларына (Түркістан қаласының тұрғыны, Килибаева Жанна Султанбаевна 87758616556) |
Көтеріп отырған мәселе бойынша жұмыстарды ұйымдастырып, тиісті жауап беру. (Түркістан қаласында 47 мыңнан астам мектеп оқушылары бар (облыста 500-мыңнан астам оқушы бар). Қалада 7 қосымша білім беру ұйымында 4 мыңнан астам бала қамтылған. Осыған байланысты, 2022 жылы білім үйірмелеріне, секцияларға облыстық бюджеттен 7 мың орынға мемлекеттік тапсырыс қаралуда. Сондай-ақ, спорт саласына Мемлекеттік тапсырысты бөлудің нәтижесінде, қосымша білім берумен қамтылатын балалардың үлесі 66%-ға жеткізіледі деген жоспар бар). |
01.01.2023 ж. |
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
Түркістан қаласының әкімдігі |
Письменный ответ |
2022 жылы қыркүйек айынан бастап мемлекеттік тапсырыс жүзеге асырылып, қала оқушыларына тегін қосымша білім берумен қамту жүргізіледі. |
|
Спорт саласы |
||||||
|
7 |
Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылында жастарды спортқа баулу мақсатында жұмыс атқарып жатқан Б.Саттарханов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт кешені қайта бой көтере ме, әлде басқа құрылыс нысаны салына ма? (Түркістан қаласының тұрғыны, Орынбасаров Әбілқасым 87021756939)
|
Спорт кешенінің құрылысын мерзімінде аяқтау. («Б.Саттарханов» атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт кешені орнынан қазіргі заманауи үлгідегі спорт кешені құрылысы басталып, 2022 жылдың желтоқсан айында құрылысын аяқтау күтілуде).
|
Құрылыс жұмыстарын аяқтау - желтоқсан 2022 жыл
|
Облыстық құрылыс басқармасы
Түркістан қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
«Б.Саттарханов» атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт кешені орнынан қазіргі заманауи үлгідегі спорт кешені құрылысы басталып, жұмысы жоспар бойынша жасалуда. Құрылысы 2022 жылдың желтоқсан айында аяқтау күтілуде |
|
Денсаулық сақтау саласы |
||||||
|
8 |
Түркістан қаласындағы салынып жатқан облыстық жедел медициналық көмек станциясының құрылысы қашан аяқталады, станция қашан пайдалануға беріледі? (Түркістан қаласының тұрғыны, Рысбеков Қыдырәлі Оспанұлы 87022624919) |
Жедел медициналық көмек станциясының құрылысын мерзімінде аяқтау. (Түркістан қаласында 25 бригадаға арналған облыстық жедел медициналық көмек станциясын салу құрылысы 2020 жылдың желтоқсан айында басталған, ғимараттың жалпы ауданы 5 631,81 кв.метрді құрайды. Пайдалануға беру 2022 жылдың шілде айында жоспарланған).
|
Шілде 2022 жыл |
Облыстық құрылыс басқармасы
Түркістан қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Түркістан қаласында 25 бригадаға арналған облыстық жедел медициналық көмек станциясының жұмысы аяқталып, жабдықтау жұмыстары жүруде. Пайдалануға беру ағымдағы жылдың шілде айында жоспарланған.
|
|
Жол және қоғамдық көлік саласы |
||||||
|
9 |
Түркістан қаласындағы Тұран ауылының Алаша Байтақ жырау, Саққорған және Түркістан-Балтакөл бағытындағы Жангелдин көшесінде жөндеу жұмыстары қашан басталады? (Түркістан қаласының тұрғыны, Дилманов Арман Акимович 87713816282)
|
1. Алаша Байтақ жырау көшесінің жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, мерзімінде аяқтау. 2. Саққорған қөшесінің жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, мерзімінде аяқтау 3. Жангельдин көшесінің жұмыстары кестеге сәйкес жүргізу (Жолдарға асфальт салудан бұрын аталған көшелердің бойынан инфрақұрылым жүйелерін жүргізу, содан кейін асфальт төсеу мәселелері жүйеге қойылды. Яғни, тұрғындарға қажетті коммуникациялық жүйелер жүргізіліп болғаннан соң жол салу жұмыстары жоспарлануы қажет. Осы орайда, инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары аяқталған Саққорған және Алаша Байтақ Жырау көшелерін жөндеу жұмыстары 2022 жылы жоспарланған. Ауа-райының қолайлы мезгілінде жөндеу жұмыстары басталатын болады. Түркістан қаласынан Балтакөл бағытының шыға берісіндегі Жангелдин көшесін қайта құруға жобасы әзірленіп, бүгінгі таңда мердігер мекеме («Отау Строй» ЖШС) анықталған (ағымдағы жылы қаралған қаржы 682,1 млн.тг). Жұмыстар кестеге сәйкес атқарылады. Қазіргі жағдай бойынша Түркістан қаласы аумағында 127,3 шақырымды құрайтын топырақ жолдар бар. Оларға жылдың соңына дейін толық шағал тас төсеу жұмыстары атқарылатын болады. Одан бөлек ағымдағы жылы 46,4 шқ. құрайтын 40 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Асфальт төсеуді қажет ететін көшелерге бірінші кезекте инфрақұрлым (су, газ, кәріз жүйелері) жүйелері толық жүргізіледі. Кейін асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі). |
1. Алаша Байтақ жырау көшесі - 2022 жылдың қазан айы. 2. Саққорған көшесі - 2022 жылдың қазан айы. 3. Жангелдин көшесі - 2023 жылдың |
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Түркістан қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
1,2. Түркістан қаласындағы Алаша Байтақ жырау және Саққорған көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 41,9 млн.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Techtronic-Stroy» ЖШС тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысандарды ағымдағы жылы қазан айында пайдалануға тапсыру жоспарлануда. 3. Жангельдин көшесінің жұмыстары кестеге сәйкес жүргізу Түркістан қаласынан Балтакөл бағытының шыға берісіндегі Жангелдин көшесінде қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары басталып, жол негізіне түсетін ауыз су желісінің құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
|
|
10 |
Бүгінгі таңда, қолданыстағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі қаланың негізгі көшелерінің біріне айналды. Транзиттік және басқада көліктердің қала аумағынан өтуі кезінде кептелістерді туындатпауы және жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін қаланы айналып өтетін балама жол құрылысы қашанға жоспарланған? (Түркістан қаласының тұрғыны, Қалмұрзаев Бағдат Есіркепұлы 87021363333) |
1. Түркістан қаласы шығыс айналма жолының құрылысын жүргізу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды атқару. 1.1. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. (Қазіргі таңда ұзындығы 30 шақырымды құрайтын Түркістан қаласы шығыс айналма жолының құрылысын жүргізуге жоба әзірленген. Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын бастауға Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тарапынан қаржы қарастырылуда).
|
1. 2022 жыл 1.1. 2022-2024 жж.
|
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Түркістан қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Аталған жолдың құрылысына тапсырыс беруші ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті болып табылады. Нысанды қаржыландыру республикалық бюджеттік комиссияда қолдау тапқан. Бүгінгі таңда мердігерді анықтау бойынша конкурс өткізілуде. |
|
11 |
Түркістан қаласындағы қалалық бағыттардағы қоғамдық көліктер қашан жаңартылады? (Түркістан қаласының тұрғыны, Әбдіраймқызы Диляра 87025699150)
|
Түркістан қаласындағы қалалық бағыттардағы қоғамдық көліктерді жаңарту бойынша жұмыстарды жүргізу. (Түркістан қаласында 2 тасымалдаушы 18 бағытқа 220 қоғамдық көлікпен қызмет көрсетеді. 2021 жылы жалпы 40 автобус жаңартылды (18%) (соның ішінде, «ТехПрофАвто» ЖШС-і – 30, «Жолаушы» ЖШС-і - 10 автобус). 2022 жылға жалпы 50 автобус жаңарту жоспарлануда (41%) (соның ішінде, «ТехПрофАвто» ЖШС-і – 30, «Жолаушы» ЖШС-і – 20 автобус). |
Шілде 2022 жыл |
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Түркістан қаласының әкімдігі |
Пайдалануға беру |
2022 жылға жалпы 50 автобус жаңарту жоспарланып, бүгінде 20-сы сатып алынды («ТехПрофАвто» ЖШС-і – 10, «Жолаушы» ЖШС-і - 10 автобус), қалған 30 автобус а.ж. қыркүйек айына дейін әкелінетін болады. |
|
12 |
Түркістан қаласы, Марғұлан көшесіне асфальт төсеу және түңгі жарық шамдары қашан орнатылады? (Түркістан қаласының тұрғыны А.Қарабалаева) |
1. Марғұлан көшесіне кәріз жүйесі жүргізу жоспарлануына байланысты тас төсеу жұмыстарын ұйымдастыру (Түркістан қаласы, Марғұлан көшесіне алдағы уақытта кәріз жүйесі жүргізу жоспарлануына байланысты асфальт салуға мүмкіншілік жоқ, алайда сәуір айының 25-не дейін көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізіледі). 2. Көшеге түңгі жарық шамдарын орнату. |
1. 01.05.2022 ж. 2. 01.06.2022 ж.
|
Түркістан қаласы әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде 2022 жылдың шілде айының 30-шы жұлдызына дейін көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізіледі 2022 жылдың соңына дейін Марғұлан көшесіне жарықшам бағаналарын орнату жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылы толығымен аяқталатын болады. |
|
Құрылыс |
||||||
|
13 |
Түркістан қаласын суландыру және су нысандарын салу қарастырылған ба? (Түркістан қаласының тұрғыны, Бүркітбаева Қатира 87715483753)
|
Қаланы суландыру жүйесі мен су спорт каналы жобаларының құрылыс жұмыстарын кезең-кезеңімен аяқтау. (Түркістан қаласы ыстық климатта орналасқан және жел жиі тұратын аймақ. Осы жағдайларды ескере отырып, бас жоспарда қаланы суландыру жүйесі қарастырылған (каналдар жүйесі). Сондай-ақ, су спортын дамыту да қарастырылған, атап айтқанда әкімшілік-іскерлік орталығында су спорт каналын және көл ұйымдастыру жоспарланған. Осы нысандарды |
2 кезең - мамыр 2022 жыл, |
Облыстық құрылыс басқармасы
Түркістан қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Түркістан қаласын суландыру мақсатында «Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығын көгалдандыруға ирригациялық жүйелермен мен суармалы су құбырларының құрылысы» жұмыс жобасы 2 кезекке бөлінген. Бүгінгі таңда 1 кезектің ЖСҚ-сы дайындалып, 26.04.2022 ж. №19-0016/22 сараптаманың оң қорытындысы алынған. 1 кезектің жобасы бойынша каналдардың жалпы ұзындығы 7,2 км. құрайды. Бүгінгі таңда 2-кезектің жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жобаның сараптама қорытындысын 2022 жылдың 4 тоқсанында алу жоспарлануда. «Су спорт кешендері бар есу каналы» құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2022 жылдың қыркүйек айы. Есу каналының жалпы аумағы 99 га. Судың сиымдылығы 1,7 млн м3. Сонымен қатар 2 кезектің жобалау жұмыстары жүргізілуде. «Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталықта қалалық саябақ салу» (Жасанды көл) Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың желтоқсан айында аяқталатын болады. Жалпы жер аумағы 12,7 га. Судың сиымдылығы 0,6 млн. м3. |
|
Басқа да сұрақтар |
||||||
|
14 |
Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы бойындағы «Сәтті жол» ЖЖМБ құрылысы 2019 жылы мемлекеттік мұқтажына алынып, құрылысы бұзылған. Алайда, осы күнге дейін өтемақысы төленбеген, өтем ақысы 255, 1 млн. теңгесін төлеп беруге ықпал жасауыңызды сұранамын. (Түркістан қаласының тұрғыны, Қошқаров Құлажан Ақынбабаевич 87012187543) |
Өтемақысын төлеу бойынша жұмыстарды жүргізу. (Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы бойындағы кадастр №19-307-163-1895 мемлекеттік актідегі жер телімімен үстіндегі нысаны Түркістан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 мамыр №668 қаулысымен мемлекеттік мұқтажына қабылданған. Тәуелсіз бағалаушы тарапымен бағалау жұмыстарына келіспеген. Сондықтан, Түркістан облысы бойынша Сот сараптамалары институтына жүгініп, қорытындысына сәйкес 255, 1 млн. теңгеге бағаланды. Қажетті өтемақыларға қаржы сұрауға облыстық Жер қатынастары басқармасына және облыстық стратегия және экономикалық даму басқармаларына өтінім жолданған). |
Тамыз |
Түркістан қаласы әкімдігі Облыстық жер басқармасы |
Өтемақысын төлеу |
Аталған тұрғынның мәселесі бойынша ағымдағы жылдың 24 маусым күні дауды татуласы тәртібімен реттеу туралы Келісім парағы толтырылып Б.Саттарханов даңғылы бойындағы кадастр №19-307-163-1895 мемлекеттік актідегі жанармай құю бекетін мемлекеттік мұқтаждыққа алу бойынша жалпы соммасы 255, 1 млн. теңгеге бағаланған болатын. Қазіргі таңда келісім парағы негізінде келісім шарттың жалпы соммасының 50 млн. тг. өтемақысы 1 шілдеге дейін төлем жасауға міндеттелді. Мемлекеттік мұқтаждыққа алу туралы бойынша келісім шарттың қалған бөлігін, яғни 205,1 млн. тг. өтемақыны «Талапкерге» 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін төлем жасауға міндетке алынған. Яғни аталған азаматтың өтінішіне сәйкес жер телімінің өтемақысы ағымдағы 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін толық өтелетінін хабарлаймын. |