Түркістан облысы әкімі Ө. Шөкеевтің Сауран ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелер

 

Түркістан облысы әкімі Ө. Шөкеевтің Сауран ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелер

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы
(ЖАО құрылымдық бөлімшесі)

Аяқтау нысаны

Орындалу барысы

(3 айлың қорытындысы)

 

Жол саласы

1

«Батыс Қытай - Батыс Еуропа» автомагистралынан Майдантал ауылының арасын бай-ланыстыратын автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілсе? (Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекені, Шәкәрім көшесі 22 үй тұрғыны, Шегенбайұлы Әбілқасым

тел: 87027333944)

 

Мердігер мекемемен келісім-шартқа отырып, автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.

(Түркістан облысы Сауран ауданындағы КХ-95 М-32 - Ынталы автомобиль жолын орташа жөндеу 0-20 км. жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсымен мердігер мекеме анықталды. Ағымдағы жылы мердігер мекемемен келісім-шартқа отырып, автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары басталады).

2022-2023 ж.ж.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Сауран ауданының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Бүгінгі таңда, нысанның жөндеу жұмыстарына мердігер мекеме анықталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиісті қаржысы толығымен қаралған. 20 шақырымға асфальт жабыны төселіп, Ынталы ауылына 1,2 шақырымға жаяу жүргіншілерге жаңадан аяқжол салынуда. Қазіргі таңда жұмыстар өндіріс кестесіне сәйкес жүргізілуде.

Нысандағы орташа жөндеу жұмыстары 2023 жылға өтпелі.

2

Шорнақ елді мекенінен Бабайқорған жол бойына жайылымға мал шығады. «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» автома-гистралынан мал өткелін ашуға ықпал жасалса? (Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекені, Бабай-қорған көшесі 43 үй тұрғыны, Кариев Ражап
тел: 87056824872)

Зерделеу жұмыстарын жүргізу.

(«ҚазАвтоЖол» АҚ-на «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автомагистралы арқылы жайылымға мал өткізетін өткел ашуға ұсыныс жасалды. Алдағы уақытта аталған мекеменің мамандары арнайы өту жолын ашу мақсатында зерделеу жұмыстарын жүргізеді).

сәуір,

2022 жыл

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ

облыстық филиалы

 

Сауран ауданының әкімдігі

Автомагистралы арқылы жайылымға мал өткізетін өткел ашу

«Батыс Қытай - Батыс Еуропа» көлік дәлізі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің теңгерімінде.

Министрлікке Сауран ауданы Шорнақ елді мекені тұсынан көлік дәлізі арқылы жайылымға мал өткізетін өткел ашу бойынша Түркістан облысы әкімдігі тарапынан (28.04.2022ж. №18051) ұсыныс жолданған. Министрлік, бұл мәселе бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, 20.05.2022ж. №42-11 хатында бюджет қаражатының шектеулі болуына байланысты, жобаны іске асыру алдағы уақыттарда жоспарланатындығын мәлімдеді.

3

Ораңғай – Қосқорған елді мекендері арасындағы 12 шақырымдық автожолы күрделі жөндеуден өткізілсе?

(Оранғай ауылдық округі, Қосқорған елді мекені, Оранғай көшесі 46 үй тұрғыны, Қасимов Юлдашбай

тел: 87475343035)

Ораңғай-Қосқорған автожолын жөндеу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарастыру.

(Ораңғай-Қосқорған автожолын облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының маманымен зерделеу жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде, ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізуге сметалық құжат әзірленіп, бюджеттік өтінім тапсырылады. Алдағы уақытта қаржы бөлінген жағдайда жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы жолды күрделі жөндеу жұмысы 2023 жылға жоспарланған. Ол үшін күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге 12,485 млн. тенге аудандық бюджеттен қарастырылды).

 

 

2022-2023 ж.ж.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Сауран ауданының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

2022 жылы Оранғай-Қосқорған автожолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда мердігер мекемені анқтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Ал күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау сметалық құжат әзірлеуге конкурс өткізілуде. Жобалау сметалық құжат дайындау ағымдағы жылы аяқтау көзделген. Автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы саласы

4

«ПУИД-2» бағдарлама-сы бойынша жұмыс жүргізіп отырған «ҚазСуШар» РМК мекемесінің суды тарату құны (тарифі) жоғары?

(Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан елді мекені, М.Юлдашев көшесі 2 үй тұрғыны, Юлдашев Мамирхан тел: 87768692727)

«Тұран су» мекемесіне өткізу немесе мемлекет тарапынан ағын суға субсидия қарастырып беру.

        (Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылдық округі егістік жерге ағымдағы жылдың көктем айынан бастап 10 770 га. егу жоспар қойып отыр.

Аталған округ шаруалары егін суаратын суды Түркістан магистралды каналынан алады. Каналға суды «Бөген арнасы» мекемесі жеткізеді. Ал ішкі жүйелердің көпшілігіне «Тұран су» мекемесі жеткізсе, Ескі Иқан ауылына «ПУИД-2» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіліп отырғандықтан «ҚазСуШар» РМК Түркістан филиалы мекемесі су таратады.

«Тұран су» мекемесінің тарифі 2021 жылы 1000 м/3 ағын су үшін 280 теңге болып белгіленген болса, ал Ескі Иқан ауылдық округіне су таратушы "Қазсушар" мекемесінің тариф бағасы 1000 м/3 ағын су үшін 660 теңгеге белгіленген. Оны Республика бойынша тарифтің көтерілуімен түсіндіруде.

2022 жылға су тарифтік бағасы бекітілді. Қазіргі таңда, «Тұран су» мекемесінің тарифтік бағасы 293,40 тг болса, ал «Қазсушар» мекемесінің тарифтік бағасы 703 тг-ге тағы да қосымша көтеріліп отыр).

желтоқсан, 2022жыл

 

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

Сауран ауданының әкімдігі

«Тұран су» мекемесіне өткізу

Казсушар РМК Түркістан филиалы теңгеріміндегі Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округіндегі су нысандарын облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты «Тұран су» КММ ШЖҚ теңгеріміне алу мақсатында тиісті хаттар жолданып, ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің келсім хаты алынды.

Қазіргі таңда, нысандарды мекеменің теңгеріміне алу бойынша үш жақты меморандум әзірленіп, «Казсушар» РМК-ге бекітуге жолданды.

 

5

«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» дәлізінің бойында орналасқан аудан тұрғындары бекітілген тарифтің бағасын қайта қарастырса?

(Қосмезгіл ауылының тұрғыны, Оразбекова Бибісара Абдулазовна,

тел: 87052647012)

         Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тарифтың құнын төмендету бойынша ұсыныс жолдау.

          (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.04.2013 жылғы №429 Қаулысымен жол жүру үшін ақы төлеу тарифі бекітілген. Аталған мерзім аралығында тариф құны өзгермеген. Тариф құнын өзгерту немесе қайта қарау Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құзыретіне жатады).

 

сәуір,

2022 жыл

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ

Облыстық филиалы

Тариф құнын тө мендету

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының теңгерімін ұстаушы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетіне жолдарға енгізілген ақылы жүйенің тарифтік құнын төмендету бойынша Түркістан облысы әкімдігі тарапынан 28.04.2022ж. №18051 хатпен ұсыныс жолданған.

Министрлік 20.05.2022ж. №42-11 хатында келесіні мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.04.2013 жылғы №429 Қаулысымен жол жүру үшін ақы төлеу тарифі бекітілген. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» дәлізінің бойындағы әкімшілік аумақта орналасқан елді-мекен тұрғындары үшін жол жүру жылдық абонемент құны жеңіл көлік үшін екі бағытқа да барлық маршрут үшін 1000 теңге мөлшерінде абоненттік төлем көзделгенін және соған сәйкес жергілікті тұрғындар тиісті тіркеуден өтіп, аталған жеңілдікті қолдануға мүмкіндігі бар екендігін мәлімдеді.

Газ саласы

6

Біздің ауданымызда газ қашан қосылатын болады? Әсіресе Жібек жолы ауылдық округінде? (Жібек жолы ауылдық округі, Сауран елді мекені, О.Алтаев көшесі 34 үй тұрғыны, Төлепбай Балмаханбет
тел: 87027333944)

Жүйнек, Қарашық ауылдық округін және Ораңғай ауылын табиғи газбен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарастыру.

(1. Сауран ауданы бойынша қазіргі таңда 4 ауылдық округ, яғни 11 елді мекенге табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 2018-2020 жылдар аралығында құрылыс жұмыстары жүргізілген. Аталған 11 елді мекенге «ҚазТрансГаз» АҚ-мен «ИнтерГаз Орталық Азия» АҚ-ның нысандарға берілген кемшіліктерін мердігер мекеме өз есебінен толығымен қалпына келтірді, атқарушы техникалық құжаттары (ИТД) алынған, газ қосуға дайын. Ендігі кезекте «ҚазТрансГаз» АҚ-ы тарапынан аталған 11 елді мекенге газ беруге көмек берсе және өз тараптарынан «ИнтерГаз Орталық Азия» АҚ-ға ықпал жасаса, елді мекендер табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

2. Жүйнек, Қарашық ауылдық округін және Ораңғай ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды, аудан әкімдігі тарапынан аталған нысандар бойынша, республикалық бюджеттен қаржы бөлуге өтінім берілді.

Ал, қалған ауылдық округтерге бүгінгі таңда табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жобалық-сметалық құжатнамалары әзірлеуге облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.

Табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылысы жүргізілмеген ауылдық округтерге, сәулет-жоспарлау тапсырмасы (АПЗ) мен жобалау-ізденіс жұмыстарының сметасы әзірленіп, жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы бөлдіруге ұсынылды. Қаражат бөлуді қажет етеді).

1. 4 е.м. 15 сәуірде іске қосу жоспарлануда.

Ал, қалған 7 е.м. а.ж. мамыр айында іске қосу жоспарлануда.

2. 2022-2024жж.

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Сауран ауданының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

1. Атқарушы техникалық құжаттары (ИТД) алынған, 4 елді мекен газға қосылды. Қалған 7 елді мекен «Ескі Иқан» АГТС (әрі қарай АГТС) арқылы газ тұтынады. Бүгінгі күнге АГТС-ін метрологиялық атесттациядан өткізу жұмыстары жүргізілуде. АГТС іске қосу мерзімі 2022 жылдың 15 шілде айына дейін жоспарлануда. АГТС іске қосылғаннан кейін
7 елді мекен кезең-кезеңімен табиғи газға қосылатын болады.

          2. Құрылыс монтаж жұмыстарына 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің нақтылауында қаржы қарастыру үшін бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне ұсынылып, қолдау таппады. Алдағы уақытта келесі республикалық бюджеттің нақтылауына бюджеттік өтінім ұсынылады. Республикалық бюджеттік нақтылауында қаржы қаралған жағдайда, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі.

 

Мәдениет саласы

7

1. Мәдениет үйлері қашан салынады?

2. Ұлттық мұражай салу қажет?

(Шорнақ ауылдық округі, Аша елді мекені, Ә.Байтұрсынов көшесі 17 үй тұрғыны, Жолдасбекова Бексұлу тел: 87058538250)

      1.1. «Қарашық», «Ескі Иқан» ауылдық мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізіп, мерзімінде аяқтау.

      (Сауран ауданы бойынша жалпы 12 ауылдық клубтар мен 3 ауылдық мәдениет үйлері және 29 кітапхана бар.

Қазіргі таңда, «Қарашық», «Ескі Иқан» ауылдық мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлініп, ЖСҚ дайындалды.

1.2. Майдантал ауылдық округіне мәдениет үйін салу.

(Майдантал ауылдық округінің орталығына ауылдық «Мәдениет үйін» салуға жерінің құжаттары нақтыланды, құрылысы 2023 жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасына енгізілген).

2. Ұлттық мұражай салу.

 

1.1. қыркүйек,

2022 жыл

1.2. 2023 жыл

2. 2024 жыл

 

Облыстық мәдениет басқармасы

 

Сауран ауданының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

«Қарашық», «Ескі Иқан» ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, жобалық сметалық құжаттарын дайындау жұмыстарына аудандық бюджеттен 20 млн. 580 мың теңге қаржы бөлініп, құжаттар әзірленуде. Күрделі жөндеу жұмыстары алдағы уақытта басталатын болады.

Майдантал ауылдық округінің орталығына ауылдық «Мәдениет үйі» құрылысы 2023 жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасына енгізілген.

 

Инвестиция және экспорт саласы

8

Ауданға қарасты ауылдық округтерде пайдалы құмды қиыршық тастарды заңсыз өндіру тоқтамай келеді. Осы ретте пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсат беретін мекемелер қауымдастықпен келісе отырып заңға сәйкес жұмыс жасалса?

(Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекені, Құрманғазы көшесі 22 үй тұрғыны, Ахметов Сейлхан
 тел: 87764531736)

Заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында рейд жұмыстарын тұрақты жүргізу.

(Заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімінің 02.11.2021 жылғы №37-н/қ өкімімен жұмысшы топ құрылған. Аудан аумағындағы заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және болдырмау жөніндегі аудандық мобильді топтардың іс-шара жоспары бекітіліп, ауылдық округ әкімі аппараттары тарапынан күндізгі және түнгі кезекшіліктер ұйымдастырылды.

Аудандық жұмысшы топ құрылғаннан бері 40 рет аралау жұмыстарын жүргізіп, 10 рет жұмысшы топтармен жиналыс өткізілді. Облыстық ситуациялық орталыққа 18 рет және 102-ге 14 рет хабарлама берілді.

Бүгінгі таңға дейін Сауран АПБ-і тарапынан ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау коитетінің Түркістан облысы бойынша Экологиялық департаментіне 10 рет хат жолданды. Сонымен қатар рейд жұмыстары кезінде заңсыз жер қойнауын пайдаланушылар анықталып, акт толтырылып жұмыстары тоқтатылды).

Тұрақты

Облыстық инвестиция және экспорт

 

Сауран ауданының әкімдігі

Заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін тоқтату

Заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімінің 02.11.2021 жылғы №37-н/қ өкімімен жұмысшы топ құрылған. Аталған жұмысшы топтың құрамына қауымдастықтың мүшесі қосылды.

Рейдтік жұмыстар кезінде тұрақты түрде өткізілуде.

 

Білім саласы

9

Аша, С.Қожанов, Қарашық, Абай елді мекендерінен мектеп салуға ықпал жасасаңыз?

(Қарашық ауылдық округі,  Қазақстан 2030 көшесі 53 үй тұрғыны, Каюмов Жанбаба
тел: 87718870754)

Аша, С.Қожанов, Қарашық, Абай елді мекендерде Оқу ғимараттарын салу үшін жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеуге үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарастыру

(Аталған елді мекендерде оқу корпусы ғимараттарын салу бойынша сәулет жоспарын әзірлеу үшін Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына хат жолданған).

 

2023 жыл

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

Сауран ауданының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

      «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы негізінде Аша және Қарашық елді мекендеріне 600 орындық, С.Қожанов және Абай елді мекендеріне 300 орындық мектеп құрылысын жүргізу үшін ұсыныстар министрлікке жолданылды. Қазіргі таңда жергілікті салалық бөлімдер тарапынан сәулет жоспарлау тапсырмасы әзірленуде. Тиісті жұмыстар аяқталғаннан соң, облыстық құрылыс басқармасына жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша сұраныс енгізілетін болады. Аталған елді-мекендерде мектеп құрылысын жүргізу 2024-2025 жылдарға жоспарлануда.

10

Колледждер мен университеттерді бітіріп келіп жатқан түлектердің білім сапасы төмен деңгейде.

(Сауран аудандық мәслихатының депутаты, Жүсіпбаев Нұржан Әбілдаұлы, тел: 87057589006)

        Жаңадан бастаған педагогтарды қолдау үшін тәлімгерлік институтын дамыту тетіктері көзделген.

         Сондай-ақ, педагогтың кәсіби өсуінің жаңа жүйесін енгізудің арқасында жалақы лауазымдық жалақыдан 30%-дан 50%-ға дейін ұлғайды.

        Еліміздің үздік педагогтарын моральдық және материалдық көтермелеудің ұштасуы «Үздік педагог» республикалық конкурс жыл сайын өтеді.

        Педагогикалық этика және педагогтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңестер құрылды.

Тұрақты

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

Білім сапасын жоғарылату

        Жаңадан бастаған педагогтарды қолдау үшін тәлімгерлік институтын дамыту тетіктері көзделген.

         Сондай-ақ, педагогтың кәсіби өсуінің жаңа жүйесін енгізудің арқасында жалақы лауазымдық жалақыдан 30%-дан 50%-ға дейін ұлғайды.

        Еліміздің үздік педагогтарын моральдық және материалдық көтермелеудің ұштасуы «Үздік педагог» республикалық конкурс жыл сайын өтеді.

        Педагогикалық этика және педагогтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңестер құрылды.

11

Біздің аудан енді құрылды. Көп нысандар жоқ. Ең қажетті оқушылар үйі жоспарда бар ма? (Шорнақ ауылдық округі, Қозмезгіл елді мекені, Р.Атабаев көшесі 57 үй тұрғыны, Ахметов Сейлхан
тел: 87771724069)

          «Оқушылар Үйі» ғимаратының құрылыс жұмыстарын бастап, мерзімінде аяқтау.

         (Қазіргі таңда Сауран ауданының орталығынан мемлекеттік жекеменшік әріптестігі шеңберінде «Оқушылар Үйі» ғимаратын салу жобасы қаралуда. Жобаға қатысушы инвестор бар. Ендігі кезекте қажетті жер телімін бөлу мәселесі шешілуде).

2024 жыл

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

Облыстық жер қатынастары басқармасы

 

Сауран ауданының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

        Ауданда «Оқушылар Үйі» ғимаратының құрылысы бойынша білім бөлімі тарапынан аудандық әкімдікке қажетті жер телімін бөлу мәселесі бойынша сұраныс хат жолданылды. Тиісті жұмыстар жүргізілуде.

12

Аудан көлемінде 35 жалпы орта мектеп бар, солардың көбісі күрделі жөндеуді қажет етеді?

(Шаға ауылдық округінің тұрғыны Тубелбаев Кенжебек тел: 87057039849)

19 мектептің күрделі жөндеу жұмысын жүргізу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарастыру.

(19 мектептің күрделі жөндеу жұмысын жүргізу үшін ЖІЖ (ПИР) жасалынып, Жобалық сметалық құжатамаларын әзірлеуге 100.296,0 мың теңге қаржы сұралып Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына хат жолданған.

Жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы қажет.)

 

 

 

 

 

2023-2024 ж.ж.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Сауран ауданының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

       6 мектептің күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге ЖСҚ (ПСД) әзірлеу үшін 35 052,0 мың теңге қаржы бөлініп мемлекеттік сатып алу порталына конкурсқа  қойылып 29.06.2022 жылы аяқталады. 13 мектепке ЖСҚ (ПСД) әзірлеу үшін қаржы бөлуді қажет етеді.

Тұрғын үй және коммуналдық саласы

13

Тұрғын үй құрылысын салуға жер учаскелері берілсе?

 (Шаға ауылдық округі,  Қазақстанның 30 жылдық ауылының тұрғыны, Егізбаев Оразгелді
тел: 87077579107)

Бюджет есебінен жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеп, республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсыну.

(Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде 5029 азамат жер кезегіне тіркелген. Алайда тұрғын үй құрылысын жүргізуге бөлінген алаңшаларды «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен қаржы қарастыру қажет.

Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін ҚР Жер кодексінің
44 бабына сәйкес инфрақұрылым (Су, жарық, жол, кәріз жүйелер) жүргізу керектігі нақтыланған).

желтоқсан,

2023 жыл

1. Облыстық жер қатынастары басқармасы

 

2. Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

Жер учаскелерін бөлу

       Түркістан қаласы мәслихатының 22.08.2013 жылғы №18/108-V шешімімен бекітілген «Қазақстанның 30 жылдығы» ауылының бас жоспарына сәйкес, тұрғын үй үшін қарастырылған жер телімдерін инфрақұрылыммен қамтамтамасыз ету мақсатында Шаға ауылдық округы әкімшілігінен жер қатынастары бөліміне мемлекетке мұқтаждығына қайтарылған жерлер бойынша ұсыныс түскен жағдайда, дайын алаңшаларға ЖСҚ әзірлеу үшін республикалық бюджеттен қаржы қарастыруға ұсыныс енгізілетін болады.

14

 

Шаға ауылдық округінде Шой учаскесіндегі 1000 га. жайылым жерді суармалы жерге айналдыру үшін,
5 шақырым лоток арықты созып берсе?

(Шаға ауылдық округі,  Қазақстанның 30 жылдық ауылының тұрғыны, Егізбаев Оразгелді
тел: 87077579107)

Облыстық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарастыру

(Жаңбырлатып суару қондырғысын орнату мақсатында жер учаскесін таңдау жұмыстары жүргізіліп, картасы жасақталды. Оның ішінде, келешекте егістікке жарамды 590 га. жайылым,
110 га. суармалы жер анықталды.

Иесі бар жер учаскелерін мемлекеттік қорға қайтару және лоток арықтарды 5 км. құрылысын жүргізуге қаржы бөлу қажет).

желтоқсан,

2023 жыл

1. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

2. Облыстық жер қатынастары басқармасы

 

 

5 шақырым арықтың ұзындығын созу

        Сауран ауданы әкімдігітарапынан жаңадансалынатын арықтың(лоток) астына мемлекеттік актісін алу қажет. Аудан тарапынан құжаттарын толық заңдастырып, (ақау актісі, түсінлірме жазба, смета на ПИР, СЖТ) ұсынылған жағдайда, басқарма тарапынан құрылыс басқармасына жобалық – сметалық құжаттама әзірлеуге ұсыныс жолданатын болады.

15

Жаңа Иқан ауылдық округі, Ойық елді мекені тұрғындарын таза ауыз сумен қашан қамтамасыз етіледі?

(Жаңа Иқан ауылдық округі, Ойық елді мекені, Рысдаулетов көшесі 10 үй тұрғыны, Бейсенбаев Тұрманбай
тел: 87711568844)

Ойық елді мекенінің орталақтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсыну.

(Ойық елді мекенінің тұрғындарын сапалы, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары 2019 жылы әзірленген. Жобаның мерзімі өткен. Осыған орай, «Түркістан облысы, Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округі, Ойық елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы. Сметалық құжаттаманы түзету» нысаныны бойынша жобалау-сметалық құжаттары қайта әзірленіп,  сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаның жалпы сметалық құны – 259,518 млн.теңгені құрайды.

Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге – 259,518 млн. теңге қаржысын бөлдіру қажет етеді.

Нысанды қаржыландыру үшін республикалық бюджеттің 2023-2025 жж. қалыптастыруына ұсынылды).

желтоқсан,

2023 жыл

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Сауран ауданының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

        Жоба бойынша, жалпы ұзындығы 4,993 шқ. су құбырлары, сыйымдылығы 2х70 м3 резервуар, көлемі 15 м3 су мұнарасы, І және ІІ көтерілімдегі су сорғы станциясы, 2 дана су ұңғымасын (1-резервті, 1-рабочий) бұрғылау, транформаторлық подстанция, су тазартқыш қондырғысын (станция фильтрации) салу жұмыстары қарастырылған

Жобалаушы мекеме - «Қаз Нұр жобалау құрылыс институты» ЖШС.

       Аталған жобаның құрылыс жұмыстарын қаржыландару үшін 2023-2025 жж. арналған республикалық бюджеттің қалыптастыруына ұсынылды.

Қаржы бөлінген соң, құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген тәртіппен жүргізілетін болады. Нәтижесінде, 327 халық ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Денсаулық сақтау саласы

16

Сауран ауданында салынатын аурухананың ішінде перзентханасы қарастырылған ба?

(Қосмезгіл ауылының тұрғыны, Оразбекова Бибісара Абдулазовна,

тел: 87052647012)

          1.1. Аудандық аурухана құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу.

          1.2. Аудандық аурухана құрылысын жүргізу.

          (Аудан орталығында нормативке сәйкес 200 төсек-орынға арналған аудандық аурухана құрылысын салу жоспарлануда. Қазіргі таңда қажетті жер телімі анықталып, арухананың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге бастапқы деректер жинақталуда. 2022 жылдың сәуір айындағы облыстық бюджетті нақтылау барысында жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қажетті қаржы бөлінетін болады. 2023 жылы аудандық емхананың құрылысы басталғанның ішінде перзентхана бөлімі жоспарланған. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № ҚР ДСМ - 1 бұйрығы негізінде клиникалы - техникалық негіздеме дайындалуда).

1.1.  желтоқсан,

2022 жыл

1.2. 2023-2024 ж.ж.

1 Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы.

2. Облыстық құрылыс басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

          Аудан орталығында нормативке сәйкес 200 төсек-орынға арналған аудандық аурухана құрылысын салуға жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 10 млн. тг. қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

 

 

 

Дата публикации
08 июля 2022