Түркістан облысы әкімі Ө.Е.Шөкеевтің Отырар ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелер

 

Түркістан облысы әкімі Ө.Е.Шөкеевтің Отырар ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелер

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Ескерту/орындау

1

Бізде табиғи газдың құрылысы 2021 жылы жүргізіліп аяқталған. Талапты ауылында жалпы 180 тұрғын үй бар, ауыл тұрғындарына табиғи газдың тезірек берілуіне ықпал етсеңіз?

(Нұрымшан Нұржігіт, Қоғам ауылдық округі, Талапты ауылының тұрғыны)

1. Тұрғын үйлерге газ беру жұмыстарын аяқтау

(Бүгінгі таңда Отырар ауданы бойынша 8 елді мекенге (Ақтөбе, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Қарақоңыр, Ш.Қалдаяқов, Мыңшұқыр, Ынталы, Қоғам) табиғи газ берілуде. Жылдың соңына дейін кезектегі 5 елді мекеннен 3 елді мекеннің құрылысы толығымен аяқталған (Талапты, Бестораңғыл, Ақтам), қазіргі таңда елді мекендерді табиғи газға қосу үшін эксплуатациялаушы мекеме тарапынан берілген сын ескертпелер  орындалуда. Аталған сын ескертпелер орындалғаннан кейін жыл соңына дейін табиғи газ берілетін болады. Қалған 2 елді мекеннің (Шәуілдір, Темір) құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылы аяқталады.)

2022-2023 жыл

 

 

 

 

 

Отырар ауданының

әкімдігі

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

 

2

Көкмардан ауылында газ құбырларының құрылыс қашан аяқталады?

(Нұрқұлов Құттыбек, Талапты ауылдық округі, Көкмардан ауылының тұрғыны)

 

2. Газ тарту бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу.

2.1. Қалған қаржыларды 2023 жылға бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

2.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

 (Түркістан облысы, Отырар ауданы, Көкмардан елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 2021 жылы республикалық бюджеттен 122,551 млн.тг қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Мердігер мекеме – «Jana Kz Qurylys». Келісім шарт құны – 631,466 млн теңге. 2022 жылға 224,2 млн.тг қаржы бөлінді. Нысан 2023 жылға өтпелі.)

2023-2024 ж.ж.

 

 

2.1. 2022-2023 ж.ж.

 

2.2. 2023-2024 ж.ж.

Отырар ауданының

әкімдігі

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

Қаржы

бөлінуіне қарай

3

Кейінгі кездері Шәуілдір-Түркістан аралығындағы жолдың сапасы нашарлар кетті, қазіргі таңда аталған жолға күрделі жөндеу жұмыстары басталды, осы жұмыстар тоқтап қалмай, мерзімінде сапалы аяқталса екен.

(Көлбай Жалғасбай Шәуілдір ауылдық округі, Шәуілдір ауылының тұрғыны)

 

 3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

3.1. Қалған қаржыларды 2023 жылға бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

3.2. Құрылыс жұмыстарын мерзімді  және сапалы жүргізу.

(Облыстық маңыздағы КХ-190 «Түркістан-Шәуілдір-Төрткөл» автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 4 кезеңге бөлініп сараптамалық қорытындысы алынған. 2022 жылы Түркістан-Шәуілдір бағытындағы ұзындығы      64 шақырымды құрайтын жолдың  35 шақырымында (ІІІ-ІV уч) қайта құру жұмыстары басталды.)

 2022-2024 ж.ж

 

 

 

Облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

Қаржы

бөлінуіне қарай

4

«Шәуілдір-Көксарай» бағыты бойынша облыстық маңыздағы автомобиль жол құрылысы басталды. Осыған байланысты осы құрылыстың созбалаңдыққа салынбай сапалы аяқталуына ықпал етсеңіз. 

(Тоқбергенов Оңал  Көксарай ауылдық округі, Көксарай ауылының тұрғыны)

Құрылыс жұмыстарын жүргізу

(Облыстық маңыздағы КХ-10 «Шәуілдір-Көксарай-Байырқұм» автокөлік жолының 0-25,250 шақырымдары аралығына орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру мерзімі 2022 жылға жоспарланған)

2022 жыл

Облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

5

Балтакөл ауыл округіне қарасты 100 орындық Ақкөл бастауыш мектебінің құрылысы 2020 жылы басталған болатын. Алайда, жаңа мектептің құрылысы тоқтап қалды.  Осы мәселенің шешілуіне ықпал етсеңіз.

(Алтыбаев Бектемір, Балтакөл ауылдық округі, Ақкөл ауылының тұрғыны)

Құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру.

(Ақкөл ауылындағы 100 оқушы орындық бастауыш мектебінің құрылысына аудандық бюджеттен 2020 жылы басталған. Нысан құрылысы  2021 жылға өтпелі.

      2021 жылы білім нысандары облыстық жергілікті атқарушы органдарына өтуіне байланысты тапсырысшы облыстық құрылыс басқармасы болып табылады.

       2021 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары тоқтап қалғаны рас. Құрылыс басқармасы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жүгініп, қазіргі таңда келісім шарт біржақты бұзылған.

     Мектеп құрылысын жалғастырып бітіру үшін ағымдағы жылы республикалық бюджет есебінен қаржы қаралған.

         Осы мәселені тиісті облыстық құрылыс басқармасы арқылы өз мерзімінде шешілуі бақылауға алынады.)

2023 жыл

 

 

 

 

 

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Отырар ауданының

әкімдігі

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

 

6

Аудан орталығында ардагерлерге демалыс орындары ұйымдастырылса?

(Өксікбаев Мырзабай Отырар аудандық ардагерлер кеңеснің төрағасы)

 

Зейнеткерлердің саны көбейуіне байланысты Арагерлер үйін үлкен жайға ауыстыру.

 

(Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» (бұдан әрі – Орталық) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әзірлеген ұлттық жоспарына сәйкес құрылған.

Аудан көлеміндегі 134 зейнеткер тіркеліп, қызмет алып келеді.

Орталықтың мақсаты: белсенді және салауатты өмір салтын жақсарту, зейнет жасындағы қарияларымыздың қоғамға деген белсенділігін арттыру, зияткерлік, қоғамдық, шығармашылық өмірге тарту болып табылады. Орталықта әлеуметтік экономикалық, әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік мәдени, көркем шығармашылық үйірмелері, спорттық жаттығулар, массажды орындық, жүгіру жолы, вело жаттығу, гимнастика көркем үйірмелері, кітапхана бұрышы, шахмат, дойбы, теннис, бильярд қызметтері көрсетіледі. Бүгінгі таңда орталықта қызмет алатын зейнеткерлердің саны көбеюіне байланысты бұрынғы қонақүй жайын алу жөнінде келісімшарты жасалуда.

Қыркүйек айына дейін жаңа ғимаратқа көшу жұмыстары жүргізілуде.)

2022 жыл

 

Отырар ауданы әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

 

 

Дата публикации
28 июня 2022