Конкурс «Үздiк еңбек әулетi», «Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi», «Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi» номинацияларынан тұрады.
Аталған конкурс жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерiн сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздiк еңбек әулеттерi мен өндiрiс қызметкерлерiн анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесiн арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнiмдiлiгiн ынталандыруға ықпал етедi.
Конкурс 2 кезеңде өтедi: «Еңбек жолы» конкурсы жеңiмпаздарын облыстық және республикалық деңгейде iрiктеу.
Республикалық комиссия жеңiмпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бiрiншi, екiншi, үшiншi орындар) анықтайды.
Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, кәсiпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлерi қатыса алады.
• «Үздiк еңбек әулетi» — ең ұзақ еңбек өтiлi, ең көп марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.
• «Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi» — өндiрiстiң еңбек өтiлi 5 жылдан аспайтын ең белсендi және еңбекқор қызметкерi таңдалады.
• «Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi» — кемiнде 20 жыл жұмыс өтiлi бар ең белсендi және тиiмдi тәлiмгер таңдалады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) номинацияны көрсете отырып үлгілік формадағы конкурсқа қатысу туралы өтініші;
2) жеке басы куәлігінің көшірмесі;
3) 1-3 минуттан артық емес номинация тақырыбы бойынша бейнебаян (ниеті бойынша жұмыс орны мен машықтанған жұмысын көрсету);
4) 1-3 минуттық үміткер туралы компьютерлік презентация (MicrosoftPowerPoint форматында) (жұмыс, отбасы, қызығушылығы, бос уақытта айналысатын сүйікті ісі және т.б.);
5) Еңбек кітапшасының, еңбек династиясының әр өкілінің немесе жұмысшының еңбек өтілімін растайтын жұмыс берушімен куәландырылған өзге де құжаттың көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама;
6) Жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыныс хат. Өзімен бірге болуы қажет құжаттар: (келесі құжаттардың көшірмелері): Мемлекеттік немесе ведомствалық марапаттаулар, грамоталар, алғыс хаттар, біліктілікті арттыру туралы сертификаттар.
«Еңбек жолы» конкурсына қатысу үшін үміткерлердің материалдары ағымдағы жылдың 1-ші шілдесіне дейін turkistan_prof@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.