Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасының Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық АНЫҚТАМАСЫ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық  АНЫҚТАМА

 

Түркістан қаласы                                                                  31.05.2022 жыл

 

         Кіріспе бөлім:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі - Ішкі талдау) жүргізуге негіздеме:

Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы;

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 116-тармағы;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»   2016 жылғы 19 қазандағы №12 Бұйрығы;

  1. Ішкі талдаудың обьектілері және басшылары:

Басқарманың құрылымдық бөлім басшылары.

  1. Ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшелері:

Басқарма басшысының орынбасары Н.Нұрашов, әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы К.Мирова, жоспарлау және бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бөлімінің басшысы Г.Байдилдаева, бас маман (кадр)  И.Сейтбек және бас маман (заңгер) м.а. С.Қозиев.

  1. 4. Ішкі талдау жүргізу мерзімі:

2022 жылдың 1 мамыр – 31 мамыр күндер аралығы.

  1. Ішкі талдау қамтыған кезең:

01.01.2021-30.04.2022  жылдар аралығы.

  1. Ішкі талдау жүргізу барысында шектеу немесе кедергі жасау:

Орталықтың басшылығы мен қызметкерлері тарапынан ішкі талдау жүргізу кезінде кедергі жасау немесе шектеу болмады.

 

СИПАТТАМА БӨЛІГІ

Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

  1. Қызметкерлер құрамын басқару және еңбек қатынастары
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу
  3. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

 

 

Талдамалық АНЫҚТАМА:

БАСҚАРМАҒА ҚАТЫСТЫ:

Қызметкерлер құрамын басқару және еңбек қатынастары:

Басқармада шығарылған бұйрық, хаттама, анықтама, акт, хат рәсімдеулері Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулының талаптары сақталған.

Басқарма басшысымен 2021 жылы-640, 2022 жылдың 4 айында 195 бұйрық шығарылған.

Жұмысқа қабылданға, шығарылған, көтермеленген, төмендетілген, ауыстырылған қызметкерлер:

2021 жылы - 5 адам қабылданған (конкурс нәтижесінде), 6 адам босатылған (4 адам өз еркімен, 2 адам шатат санының қысқаруы бойынша), 1 адам көтермеленген (бас маманнан бөлім басшысына); 2022 жылы - 1 адам қабылданған (конкурс нәтижесінде)

Жұмысқа қабылдау сәтінде: Басқармаға мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңына сәйкес, конкурс нәтижесінде қабылданған.

Қызметкерлерді жұмыстан шығару сәтінде құқықбұзушылықтар және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Ішкі лауазымдық ауысымдар кезінде құқықбұзушылықтар анықталмады.

Жұмыс берушінің қызметкерлерге қолдау көрсету шаралары туралы (сыйақы, материалдық көмек т/б):

2021 жылы – мемлекеттік қызметкерлерге 2 рет келісім шарт негізінде жұмыс жасайтын қызметкерлерге 4 рет сыйақы  берілген, 2022 – жылы, мемлекеттік қызметкерлерге 1 рет, келісім шарт негізінде жұмыс жасайтын қызметкерлерге 2 рет сыйақы  берілген, одан бөлек, материалдық көмек пен алғыс хаттар берілген.

Жұмыстан жұмыс берушінің бастамасымен шығарылған қызметкерлер туралы:

Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу жағдайлары орын алмаған.

Тәртіп жаза алған қызметкерлер:

2021 жылы-14, 2022 жылы-7 қызметкерге тәртіптік жазалар қолданылған. Тәртіптік жаза қолдану кезінде ҚР Еңбек кодексінің және Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығының негізінде жүзеге асырылған.

Басқарма қызметкерлерінің біліктілік талаптарының сәйкес келуі бойынша:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығының негізінде жүзеге асады.

Ішкі талдау жүргізу барысында біліктілігі сәйкес келмейтін қызметкерлер анықталмады.

Демалыс және мереке күндері жұмысқа тартылған қызметкерлер туралы: Басқармада қызметкерлердің жазбаша келісімімен демалыс және мереке күндері жұмысқа шақыртылған. Аталған күндерге ҚР Еңбек кодексінің 109-бабына сәйкес, еңбек ақылар төленген.

Қызметкерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тартылған сәттерінде құқықбұзушылықтар анықталмады.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде жасалатын рәсімдер:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 21 ақпандағы                 № 40 бұйрығының негізінде жүзеге асада.

Басқармаға мемлекеттік қызметкерлерді қабылдауды облыстық әкім аппаратының кадр жөніндегі қызметі ұйымдастырады.

Мерзімінен бұрын алынған тәртіптік шаралардың саны, негіздемесі, неше уақытта алынғаны туралы:

2021 жылы-12, 2022 жылы-0, 2021 жылы-орын алмаған.

Мерзімінен бұрын алынған тәртіптік жазалар 3 ай өткен соң алынған.

Негіздеме, басшы орынбасарының ұсыныс хаты, облыстық аппаратта құрылған тәртіптік кеңестің хаттамалары.

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу:

Басқарма қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысына байланысты төмендегі мәселелер бойынша заң бұзушылықтар анықталмады:

- Басқармада ерлі-зайыптылар мен жақын туысқандар ортақ бірге жұмыс атқару жағдайлары;

-қызметкерлердің материалдық мүддесін, жақын туыстарының, жекжаттарының немесе өзге де үшінші тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыруға байланысты;

- Басқармада шешім қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;

-егер ҚР-ның заңнамасында өзгеше көзделмесе, өзінің мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларын орындағаны үшін тұлға тиісті функцияларды орындамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, қызметтер және өзге де нысандар түрінде кез келген сыйақы қабылдау бойынша;

- Басқармадағы мүліктерді пайдалана отырып заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру.

 

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру: Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспарлары 2021-2022 жылдары бекітілген, соған сәйкес құқықтық оқыту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде, нақтысы, Басқармада және Басқармаға бағынысты мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді, соның нәтижелерінде ұсынымдар (электронды құжат айнылымына көшуді, түскен өтініштерді обьективті, жан-жақты қаралуына қамтамасыз етуді, мемлекеттік сатып алулар жүргізілу барысында заң талаптарын сақтауды, бюджет қаржысының негізсіз жаратылып, жымқырылуына жол беру фактілерін болдырмау және алдын алуды, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау-босату (лауазымын төмендету), сыйлықақы беру, үстемеақы белгілеу, тәртіптік жаза қолдану кезінде артықшылықтарды (протекционизм, отбасылық) мен ерекше көзқарас танытпай еңбек заңнамаларын қатаң сақтауды) енгізіліп, орындалуда. Атқарылған жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз еу мақсатында Басқарманың веб-сайтына жарияланған (сілтемесі https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhumys-aleumettik-korgau/documents/1 lang=kk ).

2021 жылы ішкі талдау 3 кезеңмен жүргізілді: 1) талдау обьектісі туралы ақпаратты жинау және қорыту; 2) обьектінің қызметін, оның ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болмауына талдау; 3) талдамалық анықтаманы дауындау және қол қою.

Талдау екі бағытта жүргізілді құқықтық актілер, ішкі құжаттар және ұйымдастыру-басқару қызметі.

2021 жылы Басқармаға және оның қарамағындағы 11 мекемеге ішкі талдау жүргізілді, сонымен қатар, Басқармаға және оның қарамағындағы 4 мекемеге сыртқы талдау жүргізілді.

Талдау нәтижесінде 74 тәуекелдер мен заңбұзушылықтар анықталған. Олар: құқықтық актілер бойынша-11, персоналды басқару бойынша-40, мүдделер қақтығысы реттеу-3, бұйрық шешім қабылдау сәтінде-7, сыбайлас жемқорлық алдын-алу жұмыстарын ұйымдастырмау-4, мемлекеттік сатып алулар рәсімдерінде-5, өтінішерді қарау бойынша-1, қызмет көрсету бойынша-5.

Құқықтық актілер бойынша 1 кодекске (еңбек), 1 заңға (мемлекеттік сатып алу), 7 ҚР нормативтік құқықтық актілерге (еңбек қатынастар, мемлекеттік сатып алулар).

2021 жылы жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша 38 қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды (Басқарма-1, бағынысты мекемелерде-34).

Талдау нәтижелері бойынша 33 ұсыныс енгізіліп орындалды.

Қызмет көрсету бойынша

Басқарма өз қызметін халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясатын
5 бағытта жүргізуде:

  1. жұмыспен қамту мәселелері (жұмыспен қамту үйлестіру, жаңадан ашылған жұмыс орындарына жұмыспен қамту, еңбек рыногын талдау, жұмыссыздықты төмендету жұмыстары);
  2. көші-қон мәселелері (этникалық қазақта, еңбек мигранттары, солтүстік өңірлерге қоныс аудару, шетел жұмыс күшін тарту);
  3. аз қамтамтылған азаматтарды әлеуметтік көмек көрсету мәселелері (табысы ең төменгі күнкөріс, кедейлік деңгейлерінен төмен тұратындарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, «Қамқорлық» бағдарламасының үйлестіру жұмыстары);
  4. жекелеген санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау (ардагерлер, зейнеткерлер, көп балалы аналар, Батыр аналар, жалғызілікті қарттар, т.б.);
  5. мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау және әлеуметтік мекемелердің жұмысын үйлестіру (оңалту шаралары, қолжетімді ортаны құру, үкіметтік емес сектормен жұмыс жасау, т.б.)

Басқармада қандас мәртебесін беру және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, ұзарту бойынша екі түрлі мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Аталған көрсетілетін қызметтер 2018 жылдан бастап қызмет алуышылар мен қызмет берушілердің қатысуынсыз электронды үкімет арқылы жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі функция Басқарманың бас маман (заңгер) лауазымына жүктелген.

Басқармада барлық мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылданған;

Талдау объектісі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер бұзылған және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері орын алмаған.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған қызметкерлер туралы:

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының                                126-тармағын орындау мақсатында, Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілерін Қазақстан Республикасының Бас прокуротурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Арнайы есепке алу» ақпараттық жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағанына тексеру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған қызметкерлер анықталмады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері:

2021 жылы Басқармаға және бағынысты мекемелерге ішкі және сыртқы талдаулар жүргізілді.

Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық 74 тәуекелі анықталып, бүгінгі таңда кемшіліктер жойылып ұсыныстар орындалған.

 

3.2. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу:

Жеке және заңды тұлғалармен тек мемлекеттік сатып  алулар веб порталы арқылы үлгілік нысанда жасалған.

Аталған үлгілік шартқа өзгеріс енгізу мүмкін емес.

Сондықтан, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалмайды.

 

3.3. Қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету:

Басқарманың интернет желісінде парақшасы тіркелген. (https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhumys-aleumettik-korgau?lang=kk)

Мемлекеттік сатып алулар толығымен мемлекеттік сатып алулар веб порталы арқылы жүргізіледі.

Сонымен қатар, Басқарманың әлеуметтік желілердегі (Instagram, Facebook) парақшалары ашылып жарияланымдар тіркеліп отырады.

Басқарма басқармалар үйінің 1-қабатында орналасқан және әр дәріздерде бейнебақылаулар орнатылған, қызметкерлер отыратын кабинеттердің қабырғалары ашық шынылармен жасалған.

Басқармаға қатысты БАҚ-тағы жарияланымдар:

2021-2022 жылдары - Басқармаға қатысты резонанс туғызатын жарияланымдар анықталмады.

 

3.4. Сот процестері:

Басқарманың қатысуымен:

2021 жылы (2 рет):

Басқарма 2 рет жауапкер ретінде Түркістан қалалық сотында азаматтық іс бойынша процес жүргізілді. Нәтижесінде сотттың ұйғарымымен қараусыз қалдырылды.

2022 жылы (4 рет):

Талапкер ретінде 2 рет Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап арызбен жүгініп басқарманың пайдасына шешілген.

Түркістан қалалық сотында Басқарма жауапкер ретінде қатысып процес осы күнге дейін жүруде.

Түркістан қалалық сотында Басқарма жәбірленуші тарапынан қатысы қылмыстық іс осы күнге дейін жүргізілуде.

 

3.5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:

Жеке және заңды тұлғалардан 2021 жылы 109, 2022 жылы 100, өтініш тіркелген.

Оның ішінде: 2021 жылы арыз-85, шағым-5, сұрау салу-15, ұсыныс-4,
2022 жылы арыз-66, шағым-6, өзгелер-28 тіркелген.

Өтініштерді уақытылы орындалмау салдарынан 2021 жылы 2 рет орын алып 2 қызметкерке тәртіптік жаза қолданылды. 2022 жылы 2 рет орын алып, 2 қызметкерге тәртіптік жаза қолданылған.

 Басқарма басшының жеке қабылдауында 2021 жылы-68, 2022 жылы-12 жеке және заңды тұлғалар болған.

 

3.6. Талдау объектісіне қатысты мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулердің нәтижелері:

2022 жылы «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-мен аудиторлық тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 2019-2021 жылдары аралығында кемшіліктер анықталған. Анықтамаға сәйкес, бухгалтерлік құжаттардың дұрыс рәсімделмегені, артық төлем жүргізілгені, автокөлік көлік жанармайы лимиттен артық бекітілгені, мемлекеттік-жекешелік әріптестік арасындағы рәсімдердің дұрыс жүргізілмегенін көрсеткен. Осы кемшіліктердің нәтижесінде 2 лауазымды тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды және 1 қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.

2022 жылы ҚР мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тексеру жүргізілді. Нәтижесінде лауазымдық тұлғалардың электронды цифрлы қолтаңбаны дұрыс қолданбағаны көрсетілген. Осы кемшіліктің нәтижесінде 1 лауазымды тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды және екі қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.

 

3.7. Өзге мәселелер:

Мемлекеттік сатып алулар бойынша:

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу барысындағы кемшіліктер анықталмаған.

Анонимдік сауалнама туралы:

Ішкі талдау жүргізу барысында жұмыс орнында отырған қызметкерлермен анонимдік сауалнамалар жүргізілді.

Нәтижесінде Басқарма басшылық тарапынан қандай да бір кемшілік немесе қысымдар көрсететіні және сыбайлас жемқорлық жағдайлары орын алатыны анықталмады.

Қорытынды:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар анықталмады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жұмыс тобы Ішкі талдау обьектілерінің басшыларына төмендегілерді ҰСЫНАДЫ:

  1. Тексеру нәтижелерінде анықталған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізу;
  2. Ішкі талдау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізу;
  3. Сыбайлас жемқорлық алдын алу іс-шараларын жетілдіру.

 

Жұмыс тобының жетекшісі:

Басшы орынбасары                                                               Н.Нұрашов

 

Жұмыс тобының мүшелері:

Әлеуметтік мекемелердің қызметін

үйлестіру бөлімінің басшысы                                               К.Мирова

 

Жоспарлау және бюджеттік

бағдарламаларды қаржыландыру

бөлімінің басшысы                                                                Г.Байдилдаева

 

Әлеуметтік мекемелердің қызметін

үйлестіру бөлімінің бас маманы                                           Е.Әбілқасым

 

Бас маман (кадр)                                                                   И.Сейтбек

 

Бас маман (заңгер) м.а.                                                          С.Қозиев

 

 

Келісемін (ішкі талдау обьектілерінің басшылары):

 

 

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасының Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық АНЫҚТАМАСЫ
Дата публикации
10 июня 2022