«Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінде

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

             Түркістан қаласы                                                                   30.05.2022 жыл

 

        Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінеішкіи талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына және «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан  әрі - Басқарма)  2021 жылғы 15 сәуірдегі №16 н/қ бұйрығы негізінде 2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 мамырға  дейінгі қамтылған кезең аралығындағы «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

  • Басқарның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормаларды анықтау;
  • персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  • бақылау фунцияларын іске асыру;
  • Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

10) Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

11) Басқарманың қызметін қозғайтын заңнамалық актіліріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзгерістер мен толықтуларды есепке алу;

Талдамалық анықтама:

  1. «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормаларды анықтау.

«Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Түркістан облысының аумағында туризм саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.

        Басқарманың жаңа Ережесі Түркістан облысы әкімінің 2022 жылдың 10 қаңтарда № 8 қаулысымен бекітілген.

Басқарманың филиалдары және өкілдіктері жоқ.

Басқарманың негізгі міндеттері:

1) туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау, туристік өнімді ішкі және дүниежүзілік нарықта ілгерілету;

2) Түркістан облысын жағымды туристік имиджін қалыптастыру;

3) туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау болып табылады.  

Басқармада 2022 жылдың басынан жалпы 53 бұйрық қабылданған. Оның ішінде, жеке құрам бойынша - 48 бұйрық, негізгі құрам бойынша – 15 бұйрық.          

Басқарманың біліктілік талаптары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 17-бабының                         4-тармағына «мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам (орган) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптарының негізінде бекітеді» сәйкес, бекітілген.

        «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдерінің  біліктілік талаптарында айқындалған нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын) өкілеттік пен нормалар анықталмады;

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Ішкі талдаумен қамтылған мерзімде  2022  жылдың 31 мамырға дейін штат саны 10 бірліктен болған.

Оның ішінде:

Басқарма басшысы  - 1 бірлік;

Бас маман (заңгер -кадр) – 1бірлік;

Бас маман (есепші) – 1 бірлік;

Бөлім басшысы – 2 бірлік;

Бас маман – 5 бірлік.

Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің негізгі міндеті туристік қызметті дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады. Атап айтқанда:

Туризмді дамыту және туристік жобаларды іске асыру бөлімінің - негізгі міндеттері туристік қызметтің сапасын арттыру мен сыртқы байланыстарды нығайту арқылы бәсекеге қабілетті туризм индустриясын дамытуға жағдай жасау болып табылады. Осыған орай, сыртқы туризмге қатысты қызмет көрсету (туризм), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) мамандықтары алынған. 

 Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу және қолдау бөлімі  - негізгі міндеттеріне туристік қызметтің сапасын арттыру мен инфрақұрылымды күшейту арқылы бәсекеге қабілетті туризм индустриясын дамытуға жағдай жасау кіреді. Соның негізінде, біліктілік талаптарымен ішкі туризмге қатысты  қызмет көрсету (туризм), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), әлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару)  мамандықтары қамтылған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, конкурс облыс әкімі аппаратының біріңғай конкурс комиссиясымен жүзеге асыралады. 

Соның ішінде, 2022 жылы 1 мемлекеттік қызметкер өз еркімен жұмыстан босатылды.

Басқарманың персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы, мүдделер қақтығысын реттеу мәселелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты заң бұзушылық анықталмаған.

  1. 3. Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер

Туризмді дамыту және туристік жобаларды іске аһсыру бөлімі мен туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу және қолдау бөлімі өз қызметін бекітілген ережеге және атқаратын функцияларына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамаларын соңғы өзгерістері мен толықтыруларын ескере отырып атқарған.  («Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы», «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң бұйрықтары, «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы») Қолданыстағы заңнама талаптарын сақтамау фактілері анықталмады.

2022 жылы басқармада 52 лот (оның ішінде қызмет көрсету- 19 лот;  тауарларды сатып алу -27 лот , жұмыс -6 лот) 265 988 393,402 теңгеге мемлекеттік сатып алу жүргізілуде.

Түркістан облысының туризм басқармасына қатысты негізгі ақпараттар қазақ және орыс тілдерінде енгізіліп, қажет жағдайда жаңартылып отырған. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу веб-порталында (goszakup.gov.kz) басқарманың мемлекеттік сатып алуларына қатысты ақпараттар ілінген.

         Тексеру нәтижиесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты қателіктер уақтылы түзетіліп,  заң бұзушылықтарға жол берілмеді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінеішкіи талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына және «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің   (бұдан  әрі - Басқарма)  2021 жылғы 15 сәуірдегі №16 н/қ бұйрығы негізінде 2019-2021 жылдарға дейінгі қамтылған кезең аралығындағы «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

  • Басқарның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормаларды анықтау;
  • персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  • мүдделер қақтығысын реттеу:
  • мемлекеттік қызмет көрсету;
  • рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  • бақылау фунцияларын іске асыру;
  • Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
  • Басқармаға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;
  • туризм саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар;

10) Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

11) Басқарманың қызметін қозғайтын заңнамалық актіліріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзгерістер мен толықтуларды есепке алу;

 

 

 

Ішкі талдау жүргізген

жұмыс топ мүшелері:  

                              

              Туристік жобаларды жоспарлау

           және жүзеге асыру бөлімінің басшысы,

            жұмыс тобының жетекшісі ;

           Н.Д.Медеуов

          

           Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік

             реттеу және қолдау бөлімінің басшысы,

             комисссия мүшесі;

            Д.У.Асанхан

 

           Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік

             реттеу және қолдау бөлімінің бас маманы,

             комисссия мүшесі;

            Б.Мауленова

           

            Туристік жобаларды жоспарлау

           және жүзеге асыру бөлімінің бас маманы,

            комиссия мүшесі;

           Ш.Жұмахан

 

            Бас маман (заңгер-кадр), хатшы;

           А.Сабитқызы

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдамалық анықтама 2019-2021

  1. «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормаларды анықтау.

«Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Түркістан облысының аумағында туризм саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.

        Басқарманың Ережесі Түркістан облысы әкімінің 2019 жылдың 24 шілдесінде № 161 қаулысымен бекітілген.

Басқарманың филиалдары және өкілдіктері жоқ.

Басқарманың негізгі міндеттері:

1) туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау, туристік өнімді ішкі және дүниежүзілік нарықта ілгерілету;

2) Түркістан облысын жағымды туристік имиджін қалыптастыру;

3) туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау болып табылады. 

Басқармада 2019 жылы жалпы 144 бұйрық қабылданған. Оның ішінде, жеке құрам бойынша - 106 бұйрық, негізгі құрам бойынша – 38 бұйрық.       

        2020 жылдың қорытындысымен негізгі құрам бойынша – 55 бұйрық, жеке құрам бойынша – 109 бұйрық әзірленген.

        2021 жылдың негізгі құрам бойынша – 109 бұйрық, жеке құрам бойынша – 108 бұйрық қабылданған.

Басқарманың біліктілік талаптары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 17-бабының                         4-тармағына «мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам (орган) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптарының негізінде бекітеді» сәйкес, бекітілген.

        «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдерінің  біліктілік талаптарында айқындалған нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын) өкілеттік пен нормалар анықталмады;

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Ішкі талдаумен қамтылған мерзімде  2019  жылдың 26 сәуіріне дейін басқарманың атауы Түркістан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы болып аталған. Штат саны 15 бірліктен болған.

Түркістан облысы әкімінің 2019 жылдың 26 сәуірдегі № 68 қаулысымен басқарма атауы Түркістан облысының туризм басқармасы деп аталып, щтаттық саны 11 бірлікті құралған.

Түркістан облысы әкімінің 2021 жылдың 27 қазандағы № 252 қаулысымен басқармасының штаттық саны 10 бірлікті құрап, екі бөлім атауы өзгертілді.

 

Оның ішінде:

Басқарма басшысы  - 1 бірлік;

Бас маман (заңгер -кадр) – 1бірлік;

Бас маман (есепші) – 1 бірлік;

Бөлім басшысы – 2 бірлік;

Бас маман – 5 бірлік.

Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің негізгі міндеті туристік қызметті дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады. Атап айтқанда:

 Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу және қолдау бөлімі - негізгі міндеттеріне туристік қызметтің сапасын арттыру мен инфрақұрылымды күшейту арқылы бәсекеге қабілетті туризм индустриясын дамытуға жағдай жасау кіреді. Соның негізінде, біліктілік талаптарымен ішкі туризмге қатысты  қызмет көрсету (туризм), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), әлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару)  мамандықтары қамтылған.

Туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеу және қолдау бөлімінің - негізгі міндеттері туристік қызметтің сапасын арттыру мен сыртқы байланыстарды нығайту арқылы бәсекеге қабілетті туризм индустриясын дамытуға жағдай жасау болып табылады. Осыған орай, сыртқы туризмге қатысты қызмет көрсету (туризм), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) мамандықтары алынған. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, конкурс облыс әкімі аппаратының біріңғай конкурс комиссиясымен жүзеге асыралады. 

Соның ішінде, 2019 жылы  3 мемлекеттік қызметкер бос лауазымдарға жарияланған конкурс нәтижесімен  қабылданып, 4 мемлекеттік қызметкер өз еркімен жұмыстан босатылған.

2020 жылы конкурс нәтижесімен 4 бірлікке мемлекеттік қызметке қабылданып, 1 мемлекеттік қызметкер өз еркімен қызметінен босатылған.

2021 жылдың қорытындысымен басқармада 1 штаттық кестенің қысқарылды.  

Басқарманың персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы, мүдделер қақтығысын реттеу мәселелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты заң бұзушылық анықталмаған.

4), 5), 6) мемлекеттік қызмет көрсету, рұқсат беру функцияларын іске асыру, бақылау фунцияларын іске асыру

Басқарманың құзіретіне мемлекеттік қызмет көрсету функциясы кіреді.  Атап айтқанда, «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығының негізінде «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметі  көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру:

         1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

         2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.e.gov.kz, www.elіcense.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

         2019 жылы «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
бойынша 2 (жеке тұлға) қызмет алушыға лицензия ұсынылған.

         2020 жылы  «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
бойынша 2 (заңды тұлға)  қызмет  алушыға  лицензия  ұсынылған.    

         2021 жылдың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштер түспеген.

         Өз кезегінде, Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну барысында көрсетілетін қызметті беруші тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталмағандығын хабарлаймыз.

  1. Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер

Туристік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бөлімі мен инфрақұрылым және ішкі туризмді дамыту бөлімі өз қызметін бекітілген ережеге және атқаратын функцияларына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамаларын соңғы өзгерістері мен толықтыруларын ескере отырып атқарған.  («Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы», «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң бұйрықтары, «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы») Қолданыстағы заңнама талаптарын сақтамау фактілері анықталмады.

         Дегенмен, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарының талаптарын сақталу барысына талдау жүргізі барысында келесі анықталды.

2019 жылы басқармада 59 лот (оның ішінде қызмет көрсету- 19 лот;  тауарларды сатып алу -38 лот , жұмыс -2 лот) 58 384 466 теңгеге мемлекеттік сатып алу жүргізілген.

Оның ішінде, 58 лот тікелей бір көзден сатып алу бойынша келісім-шарт жасалған, 1 лот конкурс тәсілімен өткізілген. Аталған мемлекеттік сатып алудың жалпы 3 лотында заң бұзушылықтар тәуекелі анықталды. Оның ішінде, Полиграфиялық өнімдерді (кітаптардан, фотодан, мерзімді басылымдардан басқа) жасау/басып шығару бойынша полиграфиялық қызмет көрсетулерді дайындау бойынша, жалпы көлемде сомасы 6 900 000тг 39-баптың 3-тармағы 45-тармақшасы (көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу;) бойынша жүзеге асырылған.

Алайда, Париж қаласында Түркістан облысының күндері өткізілген. Бұл іс-шараны ұйымдастырушысы Түркістан облысы болып табылады. Бұл іс-шара 39-баптың 3-тармағы 42-тармақшасында (егер осындай біртекті тауарлардың құндық мәндегі жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жүз еселенген мөлшерінен аспаса, егер осындай біртекті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды сатып алу)  көрсетілген қызметтердің көлемі 500АЕК жоғары екені анықталды. Аталған қызмет түрі жылдық көрсетілетін қызметтердің көлемі 500АЕК-тен асқандықтан баға ұсынымы немесе ашық конкурс тәсілімен өткізіледі. Сонымен қатар,  жалпы сомасы 1 011 607,1тг болатын екі қызмет түрі бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізілмеген, жылдық жоспарда «Бекітілген» статусы бойынша қалғаны анықталды.

         2020 жылы 56 лот (54 лот - Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден 30 060 907,2 тг; 2 лот - Баға ұсынысымен 516 051,95тг) жалпы көлемде 30 576 959,15 тг мемлекеттік сатып алу өткізілді. Заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.

         2021 жылы жалпы 24 лот (12 лот- тікелей келісім шарт жасасу арқылы біз көзден сатып алу 23 621 535,59тг ; 11 лот- баға ұсынысы арқылы 2 426 954,73тг; 1 лот-ашық конкурс арқылы 3 439 285,71тг) жалпы көлемде  29 487 776,03тг мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жоспарлануда. Заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.

  1. 8. Басқармаға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

 Басқармада 2019-2020-2021 ж.ж. қаржылық бақылау бойынша уәкілетті органдар тарапынан тексеру жүргізілмеген.

2020 жылы Б.Мамасерипов пен М.Алиеваның қызметтен кеткеннен кейінгі түсірген арыздары бойынша басқармада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті (09.10.2020ж. тексеру нәтижесі бойынша акті), Түркістан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы (09.10.2020ж. жоспардан тыс тексеру актісі),  тарапынан тексеру жүргізілген.

Сонымен қатар, 2021 жылы  А.Атжариевтің  арызы бойынша Түркістан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы  тарапынан (17.03.2020ж. тексеру қорытындысы бойынша акті)    тексеру жүргізілген.

Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша нұсқаулар мен ұсынымдар басқарма тарапынан мерзімінде орындалған.

  1. Туризм саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар;

Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай және ашық аспан астындағы өзіндік мұражай болып табылады. Облыс аумағында 1663 тарих және мәдениет ескерткіштері, оның ішінде 1 халықаралық маңызы бар нысан (Қ.А.Ясауи кесенесі), 31 республикалық, 421 жергілікті маңызы бар және 1210 алдын ала тізімдегі нысандар орналасқан.

Бұдан бөлек, облыста қонақтар мен келушілерге 169 орналастыру орны, 61 шипажай қызмет көрсетеді.

2020 жылы басқармаға жергілікті бюджеттен 149,25 млн.теңге бөлінді, өз кезегінде 2020 жылы бюджет қаражатын игеру - 100%  құрады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны 103 747 адамды құрады, 2019 жылмен салыстырғанда (174 304 адам) 59,5% құрады.

Статистикалық ақпаратқа сәйкес 2020 жылдың қорытындысы бойынша орналастыру орындарында 180 996 төсек-тәулік ұсынылды.

Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 2020 жылға 1 297 625,3 мың теңгені құрап, 2019 жылмен (1 844 349,0 мың теңге) салыстырғанда 70%-ын құрап отыр.

2020 жылдың қорытындысы бойынша төсек-орын (бір жолғы сыйымдылық) саны – 7 410 бірлікті құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (7 680 бірлік) 3,6%-ға төмендеп отыр.

Түркістан облысында орналастыру орындарының саны – 175 бірлікті құрап отыр, сәйкесінше 2019 жылы (164 бірлік).

Түркістан облысының инвестициялары мен туристік жобаларының көлемі

2020 жылы жалпы сомасы 11 млрд 655 миллион теңге болатын
9 туристік жоба пайдалануға берілді. Құрылған жұмыс орындары – 498 бірлік, наурыз айының соңына дейін жұмыс орындарын 600 бірлікке ұлғайту күтілуде, оның ішінде Түркістан қаласында 121 нөміріне арналған 5 жұлдызды Rixos Turkistan қонақ үйінің құрылысы аяқталды. Жалпы сомасы 10,3 млрд. теңгені құрайды. Қонақ үй кешені 6 қабаттан тұрады, сыйымдылығы 1200 орындық конференц-залмен жабдықталған, сондай-ақ қонақ үй индустриясының халықаралық стандарттарына сәйкес салынған. Жалпы ауданы 3 га құрайды. Қонақ үйде 2 мейрамхана, банкет залы (Grand Ballroom), 2 конференц-зал, сауда-ойын-сауық кешені (ТРК), жабық жүзу бассейні, құрғақ және ылғалды сауна, түрік моншасы (хамам), косметикалық, емшара, спорттық Үй-жайлар, бес жұлдызды қонақ үйлерге қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес келетін басқа да объектілер мен құрылыстар көзделеді. Бұл қонақ үй Түркістан облысында халықаралық стандарттар деңгейінде қызметтердің толық кешенін ұсынатын алғашқы қонақ үй индустриясы нысаны болып табылады.

Қонақтардың алыс қалалардан ұшып келуін оңтайландыру мақсатында "Hazret Sultan" халықаралық әуежайының құрылысы аяқталды. Бірінші кезеңде қазақстандық авиакомпаниялар Түркістан халықаралық әуежайынан Нұр-сұлтан, Алматы қалаларына рейстер ашады, ал кейіннен қала Қазақстанның басқа облыс орталықтарымен қосылатын болады. Сондай-ақ, Turkish Airlines авиакомпаниясы Ыстамбұлға рейстер ашуды жоспарлап отыр. Жалпы инвестиция көлемі 68,9 млрд. теңгені құрады. Инвестор - "YDA Group"АҚ. Әуежайдың ауданы 905 га құрайды, жаңа халықаралық әуежайдың өткізу қабілеті - сағатына 450 жолаушы.

Сонымен қатар, Түркістан қаласында жалпы сомасы 3,895 млрд.теңгеге "Hampton by Hilton" халықаралық стандартты 3 жұлдызды қонақ үйінің құрылысы аяқталды. Жұмыс орындары-144 бірлікті құрайды.

2021 жылы Түркістан қаласының тарихи орталығының аумағында "Керуен Сарай"көпфункционалды туристік кешенінің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Инвестиция сомасы -88,5 млрд. тг. Керуен сарайына жабық базарлар, сауда қатарлары, канал, базарлар, азық-түлік корттары, ойын-сауық аймақтары, демалыс аймағы кіреді.

Туризм облыс экономикасының басым салаларының бірі болып табылады. Бірегей сәулет-тарихи және археологиялық ескерткіштері, таңғажайып табиғаты мен өзіндік мәдениеті бар өңіріміз өңірлік және халықаралық деңгейде туризмді дамыту үшін зор әлеуетке ие.

        Жалпы, туризмді дамыту бойынша жұмыстар келесі бағыттар бойынша жүргізілуде:

        І.Аймақтың туристік әлеуетін маркетингтік жылжыту:

        - Ел ішінде маркетингтік жылжыту;

        - Елден тыс маркетингтік жылжыту;

        - Ақпараттық-жарнамалық материалдарды әзірлеу;

        ІІ. Туристік инфрақұрылымды дамыту

        - зәкірлік жобаларды іске асыру;

        - жұмсақ инфрақұрылымды дамыту;

        ІІІ. Қызмет көрсету сапасын жақсарту.

        Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан тек қаланың ғана емес, жалпы облыстың дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Инфрақұрылымды жаңғырту аясында жұмыстар белсенді жүргізілуде, жаңа инвестициялар тартылуда.

        І.Аймақтың туристік әлеуетін маркетингтік жылжыту

Облыстың туристік әлеуетін халықаралық нарықтарда ілгерілету мақсатында ағымдағы жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының шет елдердегі елшіліктеріне және Қазақстан Республикасындағы шет елдердің елшіліктеріне, сондай-ақ 100 ірі шетелдік туристік компанияларға Түркістан облысының туристік әлеуеті туралы бейнероликтер мен жарнамалық-ақпараттық материалдар (электрондық түрде) жіберілді.

Сонымен қатар, облыстың туристік әлеуеті туралы бейнероликтер "Отырар" және "Оңтүстік"телеарналарында көрсетілді.

Түркістан облысының тарихи-танымдық, экологиялық және емдеу-сауықтыру туристік бағыттары бойынша " туристерге арналған жадынамалар" әзірленді.

Түркістан облысының 47 туристік нысаны туралы ақпарат әлемдегі ең ірі саяхатшылар порталында "Tripadvisor.com" cсаяхатшылар бөлімінде орналастырылды.

30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы аясында кеңеске қатысушыларға Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылды.

Облыс аумағында 29 ықтимал орналастыру орнында өңірдің туристік әлеуеті туралы ақпаратты қамтитын 4 мың жарнамалық-үлестірме материалдар орналастырылған.

25-26 ақпанда Өзбекстан Республикасының Үргеніш қаласында Өзбекстан мен Қазақстан өңіраралық ынтымақтастығының 2-ші форумы аясында Үкімет басшыларының қатысуымен Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылды.

Сонымен қатар, осы форум аясында Өзбекстан Республикасының Ташкент, Самарқанд, Бұхара облыстарымен және Түркістан облысымен бірыңғай туристік маршрутты әзірлеу және ілгерілету бойынша төртжақты келісімге қол қойылды.

2020 жылғы 12-13 наурызда "Жаңа талап" туристік компаниямен бірлесіп Түркістан облысының нысандары бойынша Шымкент қаласының туристік бизнес өкілдері үшін ақпараттық тур ұйымдастырылды және өткізілді.

Ағымдағы жылдың маусым айында "SCAT" әуе компаниясының Aspan борт журналында Түркістан облысының туристік әлеуеті туралы модульдік жарнама жарияланды.

Түркістан облысының туристік әлеуетін басқа облыстарда кеңінен тарату және өзара ынтымақтастықты арттыру мақсатында ШҚО, БҚО, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар, Петропавл облыстары орналасқан жерлерде Түркістан өңірін танымал ету үшін жарнамалық материалдар орналастырылды.

Ағымдағы жылдың 24, 25 қыркүйегінде "Хабар" Агенттігі туризм басқармасының қолдауымен "Qazaq Quest" жаңа телевизиялық жобасын түсірді. Бағдарламаның түсірілімі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылды. Телевизиялық жоба әлемнің 123 елінде "Kazakh TV" телеарнасында 5 тілде көрсетіледі.

18-25 қазан аралығында Түркістан оазисінің туристік әлеуетін зерттеу жобасы іске асырылды. Жоба аясында Түркістан облысының 10 белгілі тарихи-мәдени және археологиялық нысандары бойынша аралау және зерттеу жүргізілді және олардың паспорттары жасалды.

20 қазанда Басқарма Түркістанның жаңа нысандарын таныстыру мақсатында "Түркістан – Түркі әлемінің бесігі" тақырыбында республикалық семинар өткізді, оған жеті өңірдің салалық туризм басқармаларының, сондай-ақ Қазақтуризм ҰК қауымдастықтары мен өкілдері қатысты.

Семинар барысында Қазақстанда туризмді дамыту және бірлескен іс-шаралар өткізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, барлық өңірлермен туризм саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумдарға қол қойылды.

17 қарашада Орталық Азия сауда форумында Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылды, сонымен қатар, Орталық Азия елдерінің бірыңғай туристік өнімін қалыптастыру ұсынылды. Форумға Ауғанстан, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Латвия, Литва, БАӘ, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Украина және Өзбекстанды қоса алғанда, 39 елден 4 мың қатысушы қатысты.

21-22 қарашада "Атамекен" ҰКП және "Қазақтуризм" ҰК "жанды сабақтар" жобасы аясында басқарма Кентау қаласы мен Отырар ауданының 100 оқушысына 13-15 ғасырларда Қазақстан экономикасы мен мәдениеті пәні бойынша экскурсиялық турлар өткізді.

5-30 қараша аралығында пилоттық режимде Төлеби ауданының туристік әлеуетін зерттеу және түгендеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша туризмнің өсуінің жаңа нүктелері, инфрақұрылымның кемшіліктері анықталып, ұсыныстар берілді және туризм саласындағы негізгі көрсеткіштерге талдау жүргізілді.

2020 жылғы 25 қарашада Индонезия Республикасының Бандунг қаласында Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Елшілігінің бастамасымен және Түркістан облысы туризм басқармасының қолдауымен келу туризмін дамыту, сондай-ақ облыстың тарихи-мәдени объектілерін таныстыру мақсатында қажылық және умра қауымдастығының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Индонезияның Қажылық және умра қауымдастығының өкілдеріне, туркомпанияларға және туризм саласындағы бизнеске Түркістан облысының туристік әлеуеті туралы жарнамалық бейнеролик, сондай-ақ діни және тарихи-мәдени туризм бойынша туристік өнімдер мен туристік бағыттар ұсынылды. Индонезия Республикасының туристік компаниялары Түркістан облысының туризміне қызығушылық танытты және Түркістан облысының туристік компанияларымен бірлесіп ортақ туристік өнімдерді қалыптастыру үшін ақпараттық тур (Fam trip) ұйымдастыру қажет екенін атап өтті.

ІІ. Туристік инфрақұрылымды дамыту, зәкірлі туристік жобаларды іске асыру, жұмсақ инфрақұрылымды дамыту.

3-6 наурыз аралығында Түркістан облысының туристік объектілері мен жұмсақ инфрақұрылымына (кіреберіс жолдары, көрсеткіштер, объектілердің паспорттары, санитарлық-гигиеналық тораптар және т.б.) түгендеу жүргізілді. Түгендеу нәтижесінде бірқатар проблемалық мәселелер анықталып, аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне жолданды.

Сондай-ақ, туризм объектілерінің санитарлық-гигиеналық тораптарының болуы мен жай-күйіне талдау жасалды. Осылайша, Түркістан облысында жаңа МБҚ салу қажеттілігі 41 бірлікті құрайды.

Бүгінгі таңда Төлеби ауданының туризм нысандарын зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған іс-шара осы ауданның әлеуетін толық зерттеуге мүмкіндік береді.

        ІІІ. Қызмет көрсету сапасын жақсарту.

Туристерге қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тұрақты негізде туристік бизнес өкілдері, қонақ үй қызметкерлері үшін оқыту семинарлары өткізіледі.

7 ақпанда қонақ үйлер мен туристік полиция өкілдеріне қонақжайлылық стандарттарын енгізу бойынша семинар өткізілді. Семинарға 30-ға жуық адам қатысты.

Сонымен қатар, халықаралық туристік порталда тіркелу және жұмыс істеу туралы презентация ұйымдастырылды booking.com Түркістан қаласындағы қонақ үйлердің өкілдері үшін облыстың орналасу орындарын тіркеу мүмкіндігі үшін.

Ағымдағы жылғы 19 қазанда Түркістан қаласында туризм субъектісі ретінде қолөнершілікті дамытуды кешенді зерттеу мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы "Kazakh Tourism" ҰК АҚ бастамасымен жергілікті қолөнершілердің қатысуымен қолөнер өнімдері арқылы өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша дөңгелек үстел өткізілді, онда Түркістан облысының қолөнер өнімдерін ілгерілету, өткізу алаңдарын құру және қолөнер және кәдесый өнімдері арқылы аумақтық брендинг бойынша міндеттер талқыланды және қойылды.

  1. Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

2019 жылы жеке  және заңды тұлғалардан арыз шағымдар, өтініштер түспеген.

2020 жылы 4  жеке  және заңды тұлғалардың арыз шағымдары қаралған.

2021 жылғы жағдай бойынша  2 жеке  және заңды тұлғалардың арыз шағымдары қаралған.

Өтініштерді қарау барысында Қазақстан Республикасының «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы
12 ақпандағы №221 Заңы басшылыққа алынған. Тексеру қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты заң бұзушылық анықталмаған.

  1. Басқарманың қызметін қозғайтын заңнамалық актіліріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзгерістер мен толықтуларды есепке алу;

Түркістан облысының туризм басқармасына қатысты негізгі ақпараттар қазақ және орыс тілдерінде енгізіліп, қажет жағдайда жаңартылып отырған. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу веб-порталында (goszakup.gov.kz) басқарманың мемлекеттік сатып алуларына қатысты ақпараттар ілінген.

         Тексеру нәтижиесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты заң бұзушылық анықталмаған.

 

 

 

 

Ішкі талдау жүргізген

жұмыс топ мүшелері:  

                              

              Туристік жобаларды жоспарлау

           және жүзеге асыру бөлімінің басшысы

           Н.Д.Медеуов

          

           Бас маман (заңгер-кадр)

           Б.А.Мауленова

          

           Туристік жобаларды жоспарлау

           және жүзеге асыру бөлімінің бас маманы

           А.Ы.Жаукебай

 

 

          

          

 

 

          

          

 

Дата публикации
09 июня 2022