Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық
АНЫҚТАМА
Түркістан қаласы 31.05.2022ж
Кіріспе бөлім:
1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-Ішкі талдау) жүргізуге негіздеме:
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы;
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 116-тармағы;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы №12 Бұйрығы;
Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының м.а. И.А.Досхожаевтың «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы ісқимыл» төртінші базалық бағытының жобаларын орындау шеңберінде Түркістан облысыныңк басқармалары мен квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі;
Түркістан облысының дін істері басқарма (бұдан әрі-Басқарма) басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2022 жылғы 17 ақпандағы №05 бұйрығы.
2.Ішкі талдау объектілері және басшылары:
Басқарманың құрылымдық бөлімдері:
1.Діни ахуалды мониторинг жүргізу және дін саласы бойынша құқықтық қамтамасыз ету бөлімі;
3.Ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі.
Діни ахуалды мониторинг жүргізу және дін саласы бойынша құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.Жүсіпбек, Діни бірлестіктермен байланыстар және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы Ф.Айдарбекова, Ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Г.Байсариев, Ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Д.Аширбаева.
2022 жылдың 01мамыры мен 01 маусымы аралығы.
01.01.2021-01.05.2022 жылдар аралығы.
Бөлім қызметкерлері тарапынан ішкі талдау жүргізу кезінде кедергі жасау немесе шектеу болмады.
СИПАТТАМА БӨЛІГІ
І) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
ІІ) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
І. Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1) Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
«Түркістан облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №264 қаулысымен бекітілген.
Ережені сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және тәуекел факторларына талдау барысында анықталғаны:
Ереженің 2 тарау 16 бөлігінің 14) кіші бөлігінде «жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады»-деп көрсетілген.
Талданып отырған тармақта «екі жақты тұжырым» сыбайлас жемқорлық тәуекелі факторының көрінісін көрсетеді, оның қасиеті түсініксіз және белгісіз мазмұны бар түсініксіз және анықталмаған тұжырымдаманы білдіретін «өзге де» анықтамасын қолдануы болып табылады. Сәйкесінше «лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану», «билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану», «қызметтегі әрекетсіздік» сияқты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін пайдалана отырып, лауазымды адам өзіне жүктелген өзінің тікелей міндеттерін, өкілеттіктері мен құқықтарын орындамаудан жауапкершіліктен құтыла алады не заңға қайшы әрекеттер не әрекетсіздік мақсатында өз өкілеттіктерін асыра алады.
Ереженің 3 тарау 20 бөлігінің 22) кіші бөлігінде «Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен, облыс әкімдігімен, облыс әкімімен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады»-деп көрсетілген.
Анықталғаны «заңнамаға сәйкес, заңнамада белгіленген тәртіппен» тұжырымдары анық емес не сілтемені кең (екі жақты) түсіндіруге жол береді, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың қандай да бір заңнамалық актінің пайдалы және ыңғайлы нормаларын пайдалану мүмкіндігін ұлғайтады. Сәйкесінше «лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану», «билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану», «қызметтегі әрекетсіздік» сияқты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін пайдалана отырып, лауазымды адам зең актілерін түлендіре алады, бұл өз кезегінде лауазымды адамдардың іс-әрекеттерінің/әрекетсіздігінің сыбайлас жемқорлыққа бейімділігін арттырады.
Ереженің 4 тарау 21 бөлігінде «Түркістан облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген жағдайдарда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін»- делінген.
Қаралып отырған тармақ заңнамада көзделген жағдайларды оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығын пайдалану мүмкіндігін көздейді. Осы норманың мәселесінің мәні бірден екі тәуекел факторында жатыр:
1)«заңнамада белгіленген»- тұжырымында жатқан, сондайақ басқа нормативтік құқықтық актінің басқа ережелеріне түсініксіз немесе кең (екі жақты) түсіндіруге жол беретін «қате сілтемелік және бланкеттік нормалар»;
2) «болуы мүмкін» - тұжырымында «лауазымды адамдардың және/немесе мемлекеттік органдардың міндетінің орнына құқық белгілеу».
ІІ.Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2) Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Басқармада шығарылған бұйрық, хаттама, анықтама, акт, хат рәсімдеулері Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулының талаптары сақталған.
Басқарма басшысымен 2021 жылы-159, 2022 жылдың І тоқсанында-60 бұйрық шығарылған.
3)Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Жұмысқа қабылданған, шығарылған, көтермеленген, төмендетілген ауыстырылған қызметкерлер:
Түркістан облысының дін істері басқармасы Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы «Мемлекеттік мекемелер туралы» №263 қаулысымен «Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ-нің дін істері саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып құрылуына байланысты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 29 бабының 4-1 тармағына, 56-бабының 6-тармағына сәйкес, 2021 жылы- 5 адам мемлекеттік органды қайта құру кезінде лауазымға тағайындалған, 4 адам қабылданған (конкурс нәтижесімен), 1 адам босатылған (басқа жұмысқа ауысуына байланысты), 1 адам көтермеленген (бас маманнан бөлім басшысына); 2022 жылдың І-тоқсанында- 2 адам қабылданған (конкурс нәтижесімен), 1 адам босатылған (басқа жұмысқа ауысуына байланысты).
Жұмысқа қабылдау сәтінде: Басқармаға мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңына сәйкес, конкурс нәтижесімен қабылданған.
Қызметкерлерді жұмыстан шығару сәтінде: құқықбұзушылықтар және сыбайласжемқорлыққ тәуекелдері анықталмады.
Ішкі лауазымдық ауысымдар кезінде құқықбұзушылықтар анықталмады.
Жұмыс берушінің қызметкерлерге қолдау көрсету шаралары туралы (сыйақы, материалдық көмек т/б):
2020 жылы- 4 рет (барлық қызметкерлерге) сыйақы берілген, 2 адамға материалдық көмек көрсетілген, 6адамға алғыс хат берілген, 2022 жылы- 1 рет (барлық қызметкерлерге) сыйақы берілген.
Жұмыстан жұмыс берушінің бастамасымен шығарылған қызметкерлер туралы:
Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу жағдайлары орын алмаған.
Тәртіп жаза алған қызметкерлер:
Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданылмаған.
Басқарма қызметкерлерінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығының негізінде жүзеге асады.
Ішкі талдау жүргізу барысында біліктілігін сәйкес келмейтін қызметкерлер анықталмады.
Негізсіз үстеме жұмысқа тарту, демалыс және мереке күндері жұмысқа тартылған қызметкерлер туралы:
2022 жылдың ақпан айында Басқарма басшысымен негізсіз үстеме жұмысқа тарту арқылы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақытының және күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты ұзақтығын заңсыз асырғаны анықталып, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 89-бабына сәйкес, әкімшілік жаза қолданылған.
Басқарма қызметкерлерінің жазбаша келісімімен демалыс және мереке күндері жұмысқа шақыртылған, аталған күндерге ҚР Еңбек кодексінің 109-бабына сәйкес, еңбек ақылар төленген.
Қызметкерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тартылған сәттерінде құқықбұзушылықтар анықталмады.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде жасалатын рәсімдер:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығғының негізінде жүзеге асады.
Басқармаға мемлекеттік қызметкерлерді қабылдауды облыстық әкім аппаратының кадр жөніндегі қызметі ұйымдастырады.
Мерзімінен бұрын алынған тәртіптік шаралардың саны, негіздемесі, неше уақытта алынғаны туралы:
2021 жылы, 2022 жылдың І тоқсанында тәртіптік шаралар мерзімінен бұрын алынбаған.
4)Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Басқарма қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысына байланысты төмендегі мәселелер бойынша заң бұзушылықтар анықталмады:
-Басқармада ерлі-зайыптылар мен жақын туысқандар ортақ бірге жұмыс атқару жағдайлары;
-қызметкерлердің материалдық мүддесін, жақын туыстарының, жекжаттарының немесе өзге де үшінші тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыруға байланысты;
-Басқармада шешім қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;
-егер ҚР-ның заңнамасында өзгеше көзделмесе, өзінің мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларын орындағаны үшін тұлға тиісті функцияларды орындамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, қызметтер және өзге де нысандар түрінде кез келген сыйақы қабылдау бойынша;
-Басқармадағы мүліктерді пайдалана отырып заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру.
5) Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілген Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидасына сәйкес Басқармамен 3 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:
-«Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу»
-«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»
-«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру».
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері: қызметті берушінің кеңсесі, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Электрондық үкіметтің" веб-порталына www.egov.kz.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз және (немесе) электрондық түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті
алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері: тегін
Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
6) Рұқсат беру функцияларын іске асыру асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде рұқсат беру функциялар қарастырылмаған.
8) Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
8.1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру: Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспарлары 2021, 2022 жылдары бекітілген, соған сәйкес құқықтық оқыту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде, нақтысы, Басқармада және Басқармаға бағынысты мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді, соның нәтижелерінде ұсынымдар (электронды құжат айналымына көшуді, түскен өтініштерді объективті, жан-жақты қаралуын қамтамасыз етуді, мемлекеттік сатып алулар жүргізілу барысында заң талаптарын сақтауды, бюджет қаржысының негізсіз жаратылып, жымқырылуына жол беру фактілерін болдырмау және алдын алуды, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау-босату (лауазымын төмендету), сылықақы беру, үстемақы белгілеу, тәртіптік жаза қолдану кезінде артықшылықтарды (протекционизм, отбасылық) мен ерекше көзқарас танытпай еңбек заңнамаларын қатаң сақтауды) енгізіліп, орындалуда. Атқарылған жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Басқарманың веб-сайтында жарияланған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі функция Басқарманың діни ахуалды мониторинг жүргізу және дін саласы бойынша құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.Жүсіпбекке жүктелген.
Басқармада барлық мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдаған.
Талдау объектісі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер бұзылған және сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері орын алмаған.
Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған қызметкерлер туралы: Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 126-тармағын орындау мақсатында, Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілерін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Арнайы есепке алу» ақпараттық жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағанына тексеру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған қызметкерлер анықталмады.
9).Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Басқармаға «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша есепті жылға жоспарланған 168 327,0 мың теңгенің 168 323,1 мың теңгесі игеріліп, жоспар 100% орындалған. Игерілмеген 3,9 мың теңге нақты шығыстардан үнемделген.
Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 12 іс-шара өткізілген (жоспар-13), бұл іс шараларға жалпы 87 629 мың теңге бөлінген. Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен кездесулер ұйымдастыру» ісшарасы жүзеге аспаған. Аталған іс-шараның қаржысы «Ұлттық ұстанымдар мен әдет-ғұрыпқа кері әсер етуші іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында жергілікті телеарналар арқылы «Руханият өзегі» діни-танымдық бағдарламасын ұйымдастыруға қайта бағытталған.
Сонымен қатар, облыс аумағындағы діни ахуалды сараптау және талдау, діни экстремизмнің алдын алу мақсатында облыс тұрғындары арасында 6 тақырыптағы сауалнамалар жүргізілген (Қазақстан аумағындағы тыйым салынған діни эктремисттік ұйымдарды халықтың білу деңгейін анықтау, шет мемлекеттерде діни білім алуға халықтың көзқарасын анықтау, интернет ресурстары мен әлеуметтік желілердегі діни ақпараттардың деңгейі, кереғар діни ағымдардың қоғамға әсерін анықтау, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігі,тұрғындардың діни ахуалды бағалау деңгейін анықтау). Әрбір тақырып бойынша 1300 респондент қамтылған.
Діни негіздегі теріс бағыттағы үгіт-насихаттың алдын алу мақсатында 10 тақырыпта бейнероликтер жән 3 тақырыпта бейнефильм дайындалып, көрсетілімін ұйымдастырылған. Бейнероликтерді интернет кеңістігінде және телеарналар арқылы кеңінен тарату арқылы, облыс тұрғындарының теріс діни ағым өкілдерінің іліміне қарсынасихат жұмыстарында иммунитетті нығайту пысықталған.
Ұлттық ұстанымдар мен әдет-ғұрыпқа кері әсер етуші іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында «Мемлекет. Қоғам. Дін» (25 тақырыпта, 30 минуттық), «Діндегі дәстүрдің маңызы» (25 түрлі тақырыпта, 30 минутқа созылатын), «Дін және жастар» (15 тақырыпта, 30 минуттық), «Руханият өзегі» (10 тақырыпта, 30 минуттық) телебағдарламалар жергілікті телеарналар арқылы айына 4 (төрт) реттен қайталауымен мемлекеттік тілде шығарылған.
Дін саласындағы облыстық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің, деструктивті діни ағым (ДДА) жақтастарымен жұмыс жүргізетін дінтанушы-теологтардың біліктілігін көтеру мақсатында 3 күндік онлайн семинар өткізілген.
Түркістан облысы дін істері басқармасы тарапынан 2021 жылға арналған дін саласына қатысты мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру бойынша біршама іс-шаралар жоспарланған, соның ішінде - «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында деструктивті діни ағымдарды жақтаушылармен кездесулер ұйымдастыру» тақырыбына сәйкес, теолог мамандар мен имамдарды тарта отырып облыс аумағында анықталған ДДА мүшелерімен 1500 жеке кездесулер ұйымдастырылған.
Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Облыс көлемінде діни негізде талдау, сараптау бағытында ақпараттық-әдістемелік құралдар шығару» бойынша 15000 дана ақпараттық-әдістемелік құралдары әзірленіп, («Адамзаттың ортақ құндылықтарына қауіп төндірген террорлық ұйым», «Тұғыры биік Имам Матуриди», «Мемлекет және дін арақатынасы: Қазақстандық модель») қала, аудан әкімдіктеріне, ҚМДБ-ның филиалдарына, арнаулы орта оқу орындарына және медресе-колледждерге, Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ университетіне, ҚАЖ-нің Түркістан облысы бойынша департаментінің қорына пайдалануға берілген.
Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қала, аудан, ауылдық округтерде тұрғындар арасында, мемлекеттік мекемелерде (әскери бөлімдерде, құқық қорғау органдары және медицина қызметкерлері арасында) облыстағы жоғары, арнаулы орта оқу орындары мен жалпы білім беру мектептеріндегі жасөспірімдер мен жастар арасында теріс ағымдардың ықпалының алдын алу бойынша 1080 кездесу өткізіліп, 47148 адам қамтылған.
Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында деструктивті діни ағымдарды жақтаушылармен 4019 жеке кездесу, түзету мекемелерінде жаза мерзімін өтеушілермен және «Жусан» операциясы аясында 270 кездесу өткізіліп, жалпы 1116 тұлға қамтыған. Кездесу нәтижесінде 83 азамат деструктивті діни көзқарасынан бас тартқан.
Ақпараттық түсіндіру топтары тарапынан өткізілген кездесулер нәтижесінде 54325 облыс тұрғыны деструктивті діни ағымдардың теріс идеологиясынан сақтандырылған.
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті ұсынған азаматтар тізіміне сәйкес, облыстағы 1001 деструктивті діни ағым өкілдерінің 83-і дәстүрлі дін жолына қайтарылған. Деструктивті діни ағымдардың теріс идеологияларын таратушы аккаунттарға талдау жүргізу нәтижесінде 4692 сайт (3315 ашық, 1377 жабық) аккаунтқа достық жіберіліп, 5309 сайт (5031 ашық, 278 жабық) аккаунтқа ҚР ӘҚБтК негізінде ескерту хат жолданып, 564 аккаунт деструктивті діни бағыттағы топтардан бас тартса, ал 8345 аккаунт деструктивті діни бағыттағы қауымдастықтан шықпағандығы, 90 аккаунт ескерту хат нәтижесінде парақшаларын жойып жібергендігі анықталған.
Бағдарлама шеңберінде дебиторлық және кредиторлық берешек орын алмаған.
10). Жасырын қызметтерді анықтау: талдау барысында жасырын қызмет түрелері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жұмыс тобы төмендегілерді ҰСЫНАДЫ:
1.Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №264 «Түркістан облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы қаулысымен бекітілген Ережендегі «Өзге» сөзін алып тастап, функцияларды барынша егжей-тегжейлі және ауқымды ашуды;
2.Нақты заңнаманы көрсетумен ауыстырып, қате сілтемелік және бланкеттік нормаларды алып тастауды;
6.Әдеп жөнідегі уәкілдің тікелей қатысуымен күнделікті жұмыс күнінің басталуы мен аяқталуы кезеңдерінде профилактикалық іс-шаралар жүргізіп, бұзушылықтар анықталған жағдайда, жауапты қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау бойынша тиісті шараларды қабылдауды;
|
Жұмыс тобының жетекшісі: Діни ахуалды мониторинг жүргізу және дін саласы бойынша қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.Жүсіпбек
|
|||
|
Жұмыс тобының мүшелері: |
|||
|
Діни бірлестіктермен байланыстар және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы:
|
Ф.Айдарбекова |
||
|
Ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы:
|
Г.Байсариев |
||
|
Ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы: |
Д.Аширбаева |
||
|
|
|
||
|
|
|
||
|
|
|
|
|