Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық анықтама

 

 

Түркістан қаласы                                                                   09.06.2022 жыл

 

Кіріспе бөлім:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – Ішкі талдау) жүргізу негіздеме:

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 19.10.2016 жылғы № 12 бұйрығы;

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқарма (бұдан әрі - Басқарма) басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2022 жылғы 3 ақпандағы № 43н/қ бұйрығы.

  1. Ішкі талдаудың объектілері және басшылары:

Осы анықтаманың 1-қосымшасына сәйкес Басқарманың қарамағында мемлекеттік мекемелер.

  1. Ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшелері:

Тәжімұрат Ермек Атшыбайұлы Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары – топтың төрағасы, Нарымбетова Нұрхан Мадалиевна - Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары, Досанова Алтын Мейрамбаевна Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары, Жамалова Салтанат Абдыкаимовна Емдеу профилактикалық қызметті үйлестіру бөлімінің басшысы, Боранбаев Парасат Ілесбайұлы Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы, Бегайдарова Лайла Умиртаевна Дәрілік заттармен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Тұрғанбаева Нұргүл Тоқтасынқызы Экономикалық жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің басшысы, Мұратова Салтанат Әділбекқызы Медициналық ұйымдардың адами ресурстарын басқару бөлімінің басшысы, Асым Баласағұн  Инфрақұрылымды, цифрландыруды дамыту және материалдық-техникалық жабдықтар бөлімінің басшысы, Боташева Меруерт Тургимбековна Қоғамдық денсаулық бөлімінің басшысы, Сәулек Әділет Мәдібекұлы Медициналық ұйымдардың адами ресурстарын басқару бөлімінің бас маманы.

  1. Ішкі талдау жүргізу мерзімі:

         2022 жылдың 1 мамыр -1 маусым күндер аралығы.

  1. Ішкі талдау қамтыған кезең:

2020, 2021 және 2022 жылдың 5 айы.

  1. Ішкі талдау жүргізу барысында шектеу немесе кедергі жасау:

Ішкі талдау жүргізу кезінде кедергі жасау немесе шектеу болмады.

Қызметкерлер құрамын басқару және еңбек қатынастары:

Басқармада шығарылған бұйрық, хаттама, анықтама, акт, хат рәсімдеулері Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы
31 қазандағы №703 қаулының талаптары сақталған.

Басқарма басшысымен 2020 жылы – 1 083 бұйрық, 2021 жылы – 1 168 бұйрық, 2022 жылы – 513 бұйрық шығарылған.

Жұмысқа қабылданған, шығарылған, көтермеленген, төмендетілген, ауыстырылған қызметкерлер:

2020 жылы – 11 адам қабылданған (конкурс нәтижесінде) 1 адам көтермеленген (бөлім басшысынан басқарма басшысының орынбасарына);
2021 жылы – 4 адам қабылданды (2 адам конкурс нәтижесінде, 2 адам аусу тәртібімен) 1 адам көтермеленген (1 адам бас маманнан бөлім басшысына); 2022 жылы 2 адам қабылданған (конкурс нәтижесінде).

Басқармаға қатысты:

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы өңірдегі денсаулық саласында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын алдын-алу басым бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы және «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп Түркістан облысына шет мемлекеттерден келген гуманитарлық көмектеріне сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау үшін профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

2020 – 2021 жылы Түркістан облысына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан және шет елдерінен гуманитарлық көмек ретінде келді.

Осыған байланысты, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің «Превенция» басқармасы және «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері аталмыш гуманитарлық көмектің толық орналастырылуын бақылап, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы уәкілетті орган ретінде келіп жеткен барлық медициналық көмекке «ТЕГІН гуманитарлық көмек» деп көрсетілген арнайы белгілерді қою арқылы заңсыз сатылымға шықпауына жол берілмеді.

Гуманитарлық көмек Түркістан өңіріне қарасты барлық қала/аудандарда орналасқан мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеткізіліп, қала/аудандардағы жергілікті «Адалдық алаңының» менеджерлерінің толық тасымалдануын жіті бақыланды.

Басты мақсат - медициналық тауарлардың денсаулық сақтау ұйымдарына уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және әр күн сайын Түркістан өңіріне шет мемлекеттерден келген гуманитарлық көмек Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің тарапынан мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

         Біржолғы әлеуметтік төлем:

Облыста COVID-19 індетін жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны -209, пневмонияны 200 адам жұқтырған, 16 адам қайтыс болған.

Оның ішінде біржолғы төлемді алуға 16 қайтыс болған және 182 жұқтырған медицина қызметкерлері жатады.

Бүгінгі күнге, барлық қайтыс болған медицина қызметкерінің отбасылары 10 млн. тенгеден жалпы 160 млн. теңге көлемінде әлеуметтік төлемді алды.

Сонымен қатар, жұқтырған 182 адамның барлығы 2 млн. теңге көлемінде төлемдерін алды (Барлығы қайтыс болған мен ауырғандарға төлеген қаржы көлемі 520,0 млн. тенгені құрайды).

Коронавирус індетімен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған барлығы 35933 медициналық қызметкерлерге тамыз айына дейін жұмыс уақытын есепке алу деректерінің негізінде 7,2 млрд.теңге қаржылай үстемеақы төленді.

Біржолғы әлеуметтік төлем бойынша  Түркістан облысының аумағында 1 сатылы сотта Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы жауапкер болып 5 азаматтық іс қаралды.

1 азаматтық іс – қараусыз, 3 азаматтық іс бойынша талапкердің талап арыздары қанағаттандырусыз қалдырылып, 1 азаматтық іс бойынша талапкердің талап арызы қанағаттандырылған, алайда Басқарманың апелляциялық шағымы негізінде Түркістан облысының апелляциялық сатыдағы сотының қаулысы негізінде шешім өзгертіліп талапкердің талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің және Қоғамдық денсаулық басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен облыстық барлық медициналық мекемелердің бас дәрігерлері Шымкент қаласында орналасқан ИЧ-167/11 мекемесіне бас сұғып, жазасын өтеуші азаматтардың өмір сүру жағдайы мен түзеу мекемесіндегі ішкі тәртіптің қатаңдығын, сотталушының төсек орны мен цех, асхана, аула сынды аймақтарын көріп шықты.

Бас бостандығынан айыру мекемесінің таныстыру барысында жемқорлық тәуекелінің алдын алуды мақсаты лауазымды тұлғаларға қызмет бабын асыра пайдаланушылардың соңы ауыр жазаға әкеліп соғатынын ескертілді.

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс бойынша қала және аудан орталықтарында 75 (100%) мемлекеттік және жеке меншік медициналық ұйымдар медициналық ақпараттық жүйесіне (әрі қарай – МАЖ) қосылған.

        Қазіргі таңда облыс бойынша 2 медициналық ақпараттық жүйесі (ДАМУМЕД,  КӨМЕК) жұмыс жасауда.     

        Басқарма және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы бойынша іс-шара бекітілген.

         Нәтижесінде облыстың барлық медициналық мекемелерінде бос және (немесе) уақытша бос орындарға әңгімелесу өткізудің және комиссия жұмысының ашықтылығын мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды шақыруды және әрбір кандидатпен әңгімелесу барысын техникалық жазба құралдары көмегін қолдану тапсырылған.

        Сонымен қатар облыстың медициналық мекемелері бос және (немесе) уақытша бос орындар электрондық еңбек биржасына тіркеу арқылы хабарлама жариялайды.

        Медициналық мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың белгілері байқалған жағдайда сенім телефонына немесе құзырлы органдарға хабарлау туралы тақтайшалар орналастыруын қамтамасыз ету жұмыстары, «пара берме», «пара беру – пара алу» т.б. қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатыны туралы және ел қазынасын талан-таражға салмау туралы мақал-мәтел, халықтың дана сөздерін қолдану арқылы қызметкерлерге әсер ету жолдары қарастырылған.

        Атап айтқанда, мекемелерде қызметтер көрсету, кеңсе-құрылыс тауарларын алу жұмыстарын тек қана мемлекеттік сатып алу порталы арқылы, ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша міндетті түрде ақаулық актілерін, смета, форма 2,3 актілерін және тағы басқа құжаттарын рәсімдеу қатаң бақылау алу қажет екенін ескертілген.

        Сондай-ақ, Басқармаға қарасты Түркістан қалалық емханасының ғимаратында «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Әлеуметтік қызмет орталығы» жобасы бойынша халыққа әлеуметтік қызмет көрсету үшін Емхананың екі қызметшісі бекітілген. Жобаның басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сапалы медициналық қызмет көрсету.

        Ал, «Адалдық алаңы» жобасы бойынша Емхананың екі психологі бекітілген жобаның мақсат халықты адалдыққа тәрбиелеу.

        Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы мемлекеттік мекемесінің экономикалық жоспарлау және қаржылау бөлімінде бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп бойынша жұмыс жасайды.

        2022 жылға  бюджеттен бөлінген жалпы қаржы барлық бағдарламалар бойынша жылдық 19 641 650,0 мың теңгені құрайды. бес айдық қорытындысы бойынша игерілген қаржы 6 965 649,76 мың теңге, келесі алты айға 12 676 000,24 мың теңге қалды.

        754 001 «Жергілікті деңгейде қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»  бюджеттік бағдарламасына 276783,0 мың теңге қаралып, 103930,5 мың теңгесі игерілген. Игерілмеген 216,5 мың теңге үнемделген қаржы.

        Бюджеттік бағдарлама аясында 42 штаттық бірлік мемлекеттік қызметкер және 16 штаттан тыс қызметшілер жұмыс жасайды.

        754 004 «Медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарланған 7370012,0 мың теңгенің 695088,6 мың теңгесі игерілді.  Бағдарлама аясында медициналық ұйымдарға құрал-жабдықтар алынып, медициналық ұйымдарға тапсырыстары бойынша жеткізіледі және  денсаулық сақтау объектісінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

        754 005 «Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 163076,0 мың теңге қаралып, 15560,6 мың теңгесі  игерілген. Игерілмеген 439,39 мың теңге үнемделген қаржы.   Бағдарлама қаражаты есебінен ел ішінде және алыс жақын шет елдерде мамандардың біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау бойынша                    дәрігер және орта медицина қызметкері біліктілігін жоғарылатып, сертификаталады.

        754 007 «Салауатты өмір салтын насихаттау» бюджеттік бағдарламасы  бойынша республикалық бюджет есебінен жоспарланған 49 319,0 мың теңге қаралып, 3952,0мың теңге  қаржы  игерілді.  Бағдарлама бойынша салауатты өмір салтын насихаттау, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жобаларын, профилактикалық бағдарламаларды іске асыру бойынша ұйымдастыру шаралары, ақпараттық-білім беру іс-шаралар  ұйымдастырылады.

        754 008 «Қазақстан Республикасында ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен жоспарланған 56313,0,0 мың теңге қаралып, 19 997,0 мың теңге игерілді.   Бағдарламаны іске асыру АИТВ-инфекциясының таралуын төмендету жол бермеу, өршіп кетуін ұстап тұру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

        754 015 «Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша  жалпы 1 444 830,0 мың теңге қаралған, игерілген жоқ.  Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына  санитариялық автокөлік лизингттік келісім шартпен алынған автокөліктер қаражаты.

        754 016 «Азаматтарды елді мекеннен тыс жерлерде емделу үшін тегін және жеңілдетілген жол жүрумен қамтамасыз ету»  бюджеттік бағдарламасы бойынша 65 975,0 мың теңге жоспарланып, 8500,0 мың теңгесі игерілген.   Бағдарлама аясында денсаулық сақтау басқармасының квотасымен мамандандырылған республикалық клиникаларға тегін жол жүрумен билеттерімен (бару-келу) қамтамасыз етіледі.

        754 018 «Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық талдамалық қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарланған                                 45 683,0 мың теңге қаралып, 16612,0 игерілді.

        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облыстық филиалы  талдамалық  анықтамалар және  медициналық статистикалық мәліметтер өңделді.

        754 023 «Ауылдық жерлерге жұмыс істеуге жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді әлеуметтік қолдау» бюджеттік бағдарламасы  бойынша жоспарланған 118784,0 мың теңге қаралған, 9000,0 мың теңге игерілді. 

        Есепті жылы ауылдық жерлерге жұмыс істеуге жіберілген жас маманға 1 500 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

        754 027 «Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа медициналық иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу және сақтау» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы 5 185 793,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 4 342 723,0 мың теңге, субвенциялар есебінен 843070,0 мың теңге жоспарланып, бес айда 3 508 540,0 мың теңгесі игерілді.    

        Республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен бір жасқа дейінгі  балаларды вакцинациялау бойынша инфекцияларға қарсы вакцина егуге жататын контингенттің вакцинациямен қамтиды.

        754 029 «Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базалары» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы 75 015,0 мың теңге, оның ішінде: республикалық бюджет есебінен 15 920,0 мың теңге, субвенциялар есебінен 59 095,0 мың теңге жоспарланып, 29 477,1 мың теңгесі игерілді.

        Бағдарламаға қаралған қаржыға "Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базалары" КММ-і күтіп ұстауына жұмсалды. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар пайда болған кезде оның зардаптарын жоюға қажетті дәрі-дәрмектік және медициналық құралдардың жеткілікті қоры сақталады.

        754 041 «Облыстардың жергілікті өкілдік органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қосымша қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген      1 903 477,0 мың теңгенің  681 000,0 мың теңгесі игерілді.

        Өкпе гипертензиясы бар науқастарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету. Буллезді эпидермолиздік ауыратын науқастарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету, Помпе ауруы бойынша науқастарына дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Муковисцидоз науқастарына дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Кәмелетке толмағандардың ревматоидтық артриті бар  науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Жүйелі склерозы бар науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Целиакиямен ауыратын науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Бұлшықет дистрофиясымен ауыратын науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Балалардың жұлын бұлшықетінің атрофиясымен ауыратын науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Бехчет ауруымен ауыратын науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Жалпыланған идиопатиялық эпилепсия және эпилептикалық синдромдармен ауыратын науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпурамен ауыратын науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Буллезді эпидермолизмен ауыратын науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Көмей стенозымен ауыратын науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Осы бюджеттік бағдарлама арқылы халықты уақытылы дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз етуге бағытталған.

        754 043 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы 1 130 965,0 мың теңге,оның ішінде республикалық бюджет есебінен 208 526,0 мың теңге, субвенциялар есебінен 922 439,0 мың теңге жоспарланып, 478 375,0 мың теңге игерілді.

        Оқу мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес және оқу бағдарламаларының негізінде «Емдеу ісі», «Акушерлік ісі», «Гигиена және эпидемиология», «Мейірбике ісі», «Лабораториялық диагностика» мамандықтары бойынша іске асырылады.

        754 044 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқитындарға әлеуметтік қолдау көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарланған 28 309,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді.

        Осы қаражат есебінен әлеуметтік қолдау қажет ететін  жетім студент балдарға киіммен және тамақпен қамтамасыз етіледі.

        754 096  «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарланған 481 277,0 мың теңге қаржы қаралып, 75 778,0 мың теңге игерілді.

        Бағдарлама бойынша жоспарланған медициналық нысанының құрылыстары жүргізіледі.

        754 109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 1 245 780,0 мың теңге қаралып, 1 242 976,6 мың теңгесі игерілді, Короновирустық инфекцияға қарсы вакцинаны қабылдап жоспар бойынша адамдарға екпе жүргізіледі.

        Осы аталған барлық бағдарламалар бойынша Қазынашылық департаменті арқылы қаржыландырылады. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III ҚР  Заңға сәйкес,  бухгалтерлік есеп және  қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес  жүргізіледі.

        ҰСЫНЫС: Сонымен қатар өте көп арыз шағымдар мен өтініштер. Кейбір арыз шағымдар бойынша басқармаға ауызша шағыммен келсе түсіндіріп жеткізіп дәлелдеп көрсетіп жібереміз. Қазіргі таңда өтініш пен арызды екі жақты жұмыс жасалып отыр. Бұл әрі уақыт алады әрі жұмысты көбейтіп отырмыз. Арыз шағым бірінші «Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы» бойынша келеді және «SkyDocs электродық құжат» арқылы тағы келеді. Бір арыз шағымды екі жақты жасаймыз. Екі жақтың мерзімі бірдей болмайды. Біраз кемшіліктер түсінбеушіліктер мамандар арасында болып жатады. Кейде екеуі екі маманға түседі.

       

        Дәрілік заттармен қамтамасыз ету бөлімі:

        Ағымдағы жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-75 «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығының тізіліміне сәйкес Түркістан облысында тұратын 145 700 науқастар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде амбулаториялық деңгейде медициналық мекемелер тарапынан 4 085,2 млн. теңгеге дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді.

        «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 5/48-VIІ шешіміне сәйкес 2022 жылдың өткен кезеңінде Түркістан облысының науқастары 545,0 млн. теңге қаржыға ТМКБК шеңберінде (тегін) қосымша дәрілік заттармен медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді.

        Короновирус инфекциясының алдын алу мақсатында барлық медициналық ұйымдарла дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар және жеке қорғаныш құралдары, дезинфекциялық заттардың  екі айлық қорлары сақталған.

        Сонымен қатар, облыс халқын жеке дәріханалар арқылы дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 317 млн.тг ақша бөлініп стабилизациялық фонд қалыптастырыған. Яғни, облыс көлемінде 557 бөлшек сауда дәріханалары арқылы босатылады, оның 238 дәріхана меморандумға отырған.

        Инфрақұрылымды, цифрландыруды дамыту және материалдық-техникалық жабдықтар бөлімі:

        2021 жылы жалпы сиптаттағы трансферттерден медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықтауға 2 456 317,0 мың теңге қаржы қаралып, ана мен бала, медициналық-санитарлық алғашқы көмек, жан сақтау бөлімдеріне 525 дана  медициналық құрал жабдық сатып алынды.

        Жыл қортындысына сәйкес, материалдық-техникалық жабдықтау деңгейі 2020 жылмен салыстырғанда 79,4%-дан  -  82,5 %-ға өсті.

        Бұдан бөлек, тозығы жеткен медициналық ұйымдардың ғимараттарын Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» Заңы және  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы
11 тамыздағы №ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығы «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, санитарлық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкестендіру мақсатында                           14 нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 3 895 762,0 мың теңге қаржы бөлініп, 9 нысан пайдалануға тапсырылды.

        Сонымен қатар, «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында 406 109,0 мың теңге қаржы қаралып - Бәйдібек, Ордабасы, Шардара, Созақ аудандарындағы дәрігерлік амбулатория ғимараттары күрделі жөндеуден өтті.

        2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында жалпы соммасы 476 307,0 мың теңгені құрайтын  4 фельдшерлік-акушерлік пунттінің құрылысы жүргізіліп пайдалануға тапсырылды.

        2022 жылы жалпы сиптаттағы трансферттерден медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықтауға 4 248 119,0 мың теңге қаржы бағытталып 208 дана медициналық құрал жабдық сатып алу жоспарлануда, оның ішінде ауыр медициналық жабдық - КТ, МРТ, Ангиоргафиялық жүйелер алу жоспарланған.

        2022 жылдың 4 айлық қорытындысына сәйкес материалдық-техникалық жабдықтау деңгейі 2021 жылмен салыстырғанда 82,5%-тен  -  83,35 %-ға өсті.

        2021 жылдан өтпелі 5 насандағы күрделі жөндеу жұмыстарына ағымдағы жылы - 2 121 900 мың теңге қаржы қаралып, жыл соңына дейін жөндеу жұмыстарын аяқтап пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

        Сонымен қатар, медициналық ұйымы жоқ 11 елді мекенге санитарлық талаптарға сәйкес медициналық пукнт ғимаратын сатып алуға 1 000 000,0 мың теңге бағытталуда.

        2022 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында жалпы құны 447 901,0 мың теңгеге 4 фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін құрылысын аяқтап пайдалануға тапсыру жоспарланған.

 

 

        Денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштері:

 

        Ана өлім-жітім көрсеткіші(100 мың тірі туылғандарға шаққанда) – 2020ж.- 16,3; 2021 ж. – 23,1; 2022 ж. 5ай- 0. 

        Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші                                    (100 мың халыққа шаққанда) – 2020ж.- 154,1; 2021 ж. – 146,6; 2022 ж. 5ай- 15,6.

        Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың халыққа шаққанда) – 2020ж.- 47,2; 2021 ж. – 45,8; 2022 ж. 5ай- 15,6.

        Туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші (100 мың халыққа шаққанда) – 2020ж.- 0,8; 2021 ж. – 0,8; 2022 ж. 5ай- 0,4.

         Әлеуметтік маңызы бар аурулар(қан айналым жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер, туберкулезден ) көрсеткіштері COVID-19 індетінің өршіп тұрғанына қарамастан,  жыл сайын төмендеген. 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

  1. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің м.а 2020 жылғы 30 қазандағы «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту  туралы»  №175/2020ж.  бұйрығымен  медициналық–әлеуметтік  сараптама жүргізу қағидаларына сай  азаматтарға  алғашқы куәландыруға 031/е нысанды жолдаманы толтыру барысында  сыбайлас  жемқорлық тәуекелдері  кездеседі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою

1.1 Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы  «Медициналық –әлеуметтік  сараптама жүргізу қағидалары» туралы №44 бұйрығына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2022 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А.Смайловтың төрағалығымен өткізілген отырысының №7 хаттамалық тапсырмасының 2,2,2) тармағы бойынша, «Медициналық ақпараттық жүйелерді «Мүгедектікті сырттай белгілеу» жобасына қосуды қамтамасыз ету және ағымдағы жылдың соңына дейін сырттай куәландырылған адамдардың үлесін 20 пайызға дейін жеткізуді» Денсаулық сақтау министрлігі және жергілікті әкімдікпен бірлесіп, сырттай проактивті куәландыру пилоттық жобасы аясында 12 нозологиямен тиісінше жұмыстар жүргізілуде.

Облыс көлемінде медициналық ұйымдарында сырттай проактивті куәландыруға қатысатын медицина қызметкерлері және дәрігерлік консультациялық кеңес төрағалары мен мүшелеріне Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының 2022 жылғы 20 қаңтардағы №20н/қ бұйрығымен жұмыс тобы құрылып 1-20 ақпан аралығында семинар онлайн және оффлайн  режимде  оқыту өткізілді.

  1. ҚР ДСМ «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» 2022 жылғы 24 наурыздағы №27 бұйрығына сәйкес стационарлық медициналық ұйымдарда науқастарға жоғары технологиялық қызмет көрсету кезінде (ота жасау) сыбайлас жемқорлық тәуекелдері кездеседі.

1) ҚР ДСМ «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» 2022 жылғы 24 наурыздағы №27 бұйрығы

2) ҚР ДСМ «Қазақстан Республикасында хирургиялық (амдоминалды, торакалды, колопротологиялық) көмек көрсету стандартын бекіту туралы» 2020 жылғы 20ақпандағы  №11 бұйрығы

3) ҚР ДСМ «Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 3 желтоқсандағы  №230 бұйрығы

Медициналық ұйымдарда жоғарыда аталған бұйрықтардың сапалы орындалуын басшылық тарапынан арнайы қадағалау және апталық жиналыстарда медициналық қызметтің сапасын арттыру бойынша талдау, ішкі аудит өткізіліп отырады. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері шет мемлекеттерде және республикалық, облыстық деңгейдегі оқу орындарында білімдерін жетілдіріп келеді.

 

Қорытынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту үшін ұсыныстар:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды өткізу барысында ай сайын дөңгелек стол, семинар-кеңестер, Қазақстан Республикасының заңнамаларына шолулар өткізу.

 

 

Түркістан облысының қоғамдық

денсаулық басқармасының

басшысы                                                                                      М. Пашимов

 

Жұмыс тобының төрағасы

Түркістан облысының қоғамдық

денсаулық басқармасы

басшысының орынбасары                                                         Тәжімұрат Е.А.

 

Жұмыс тобының мүшелері:

Түркістан облысының қоғамдық

денсаулық басқармасы

басшысының орынбасары                                                          Нарымбетова Н.М.

 

Түркістан облысының қоғамдық

денсаулық басқармасы

басшысының орынбасары                                                          Досанова А.М.

 

Дәрілік заттармен

қамтамасыз ету

бөлімінің басшысы                                                                      Бегайдарова Л.У.

 

Экономикалық жоспарлау және

қаржыландыру бөлімінің басшысы                                           Тұрғанбаева Н.Т.

 

Емдеу профилактикалық қызметті

үйлестіру бөлімінің басшысы                                                    Жамалова С.А.

 

Медициналық ұйымдардың адами

ресурстарын басқару

бөлімінің басшысы                                                                       Мұратова С.Ә.

 

Қоғамдық денсаулық бөлімінің

басшысы                                                                                         Боташева М.Т.

 

Инфрақұрылымды, цифрландыруды дамыту

және материалдық-техникалық жабдықтар

бөлімінің басшысы                                                                        Асым Б.Е.

 

Ана мен бала денсаулығын қорғау

бөлімінің бас маманы                                                                    Боранбаев П.І.

 

Медициналық ұйымдардың адами

ресурстарын басқару бөлімінің

бас маманы                                                                                     Сәулек Ә.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

08.06.2022 жылғы сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

туралы талдамалық анықтаманың

қосымшасы

   

 1) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

2) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

3) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

4) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық тері-венерологиялық аурулары диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;    

5) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық патологиялық-анатомиялық бюросы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

6) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

7) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық офтальмологиялық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

8) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «№1 Облыстық перинаталдық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

9) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «№2 Облыстық перинаталдық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

10) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «№3 Облыстық перинаталдық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

11) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық балалар оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

12) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «    шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

13) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық «Балықшы»  фтизиопульмонологиялық оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

14) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Ақ-Бұлақ» облыстық балалар оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

15) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Сарыағаш» облыстық балалар шипажайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

16) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Түркістан қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

17) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Түркістан қалалық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

18) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Түркістан қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;      

19) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

 20) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Түркістан жоғары  медицина колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

21) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Жетісай медицина колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

22) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Арыс аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

23) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

24) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

25) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Түлкібас аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

26) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Асық ата» Жетісай аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

27) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Атакент» Мақтаарал аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

28) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Мырзакент» Мақтаарал аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

29) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Жетісай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

30) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Отырар аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

31) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Сайрам аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

32) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Қарабұлақ» Сайрам аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

33) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

34) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Абай» Келес аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

35) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Төлеби аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

36) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Шардара аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

37) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Ордабасы аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

38) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Созақ аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

39) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Кентау орталық қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

40) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Кентау қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

41) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Ленгір қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

42) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Ленгір қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

43) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Сауран аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

44) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Арнайы медициналық жабдықтау базасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

45) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

46) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық қан орталығы» мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 июня 2022