Түркістан облысының әкімі Ө. Е. Шөкеевтің Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде қаралған өзекті мәселелер
|
№ |
Сұрақтар |
Шешу жолдары |
Мерзімі |
Жауапты орындаушы (ЖАО құрылымдық бөлімі) |
Аяқтау нысаны |
Ескерту/орындау |
|
1. |
Қазығұрт ауыл округінде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 6700 азамат кезекте тұр, жер қашан беріледі екен? (Қазығұрт ауыл округінің тұрғыны Ташқараев Смаил Пайызұлы Тел 87753001400)
|
Биылғы жылы аудандық бюджет есебінен су, газ, электр жарығын жүргізудің жобалау-сметалық құжаттамасына қаржы қаралып, жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Сараптама қорытыныдысы алынған соң, ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында аудандық бюджеттен құрылысты бастауға қаржы қарастырылатын болады. Құрылысты аяқтауға қаржы 2023 жылғы облыстық немесе республикалық бюджеттен сұралады. Нәтижесінде 2022 жылдың 4 тоқсанында 692 жер телімін кезекпен беру жоспарланған. |
2022-2024жж. желтоқсан |
Қазығұрт ауданы әкімдігі, Түркістан облысының құрылыс басқармасы
|
Қабылдау және пайдалануға беру актісі |
Республикалық және облыстық бюджет қаражаты |
|
2. |
«Қарабау ТӨШ» ЖШС-нің пайдалануындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Жұмысшы, Сынтас, Қарабау ауылының тұрғындарына жер үлесі ретінде бөліп беру. (Қарабау ауыл округі Жұмысшы елді мекенінің тұрғыны Тұрлыбеков Керімбай Арапбаевич Тел 87773552650) |
Ауыл шаруашылығы министрлігі және ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ұлттық аграрлық ғылыми –білім беру орталығы коммерциялық емес акционерлік қоғамы өкілдерімен бірнеше рет кездесу өткізіліп, 3 ауылдан 3 адам бақылау кеңеске ендірілді, қыркүйек айында толығымен аталған мәселенің шешілуі күтілуде. |
2022 ж – желтоқсан |
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Ұлттық аграрлық ғылыми –білім беру орталығы» КЕАҚ Қазығұрт ауданы әкімдігі, |
ҚР ауыл шарушылығы министрлігінің шешімі |
Талап етілмейді |
|
3. |
"Ескі Шанақ-Ызабұлақ", "Ақжар-Ескі Шанақ-Станция Шанақ", "Станция Шанақ-Бақабұлақ" автомобиль жолдары жөнделеді ма? (Шанақ ауыл округі Ескі Шанақ елді мекені тұрғыны Мамыров Әсет Арапбаевич Тел 87773552650) |
Облыс әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы №105 қаулысымен аталған елді-мекендердің жолына республикалық бюджеттен 554,345 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталатын болады |
2022-2023жж. желтоқсан
|
Қазығұрт ауданы әкімдігі Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
Қабылдау және пайдалануға беру актісі |
Республикалық және облыстық бюджет қаражаты |
|
4. |
Үшбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен толығымен қамтамасыз ету үшін 200 тонналық резервуар салынса? (Үшбұлақ е.м. тұрғыны Рысбай Тоқтабай Рысбайұлы Тел 87775603466) |
2021 жылы облыстық бюджеттен жер асты су қорын анықтауға қаржы бөлінген. Су қоры бойынша қорытынды алынған соң, жобалық сметалық құжат жасап, сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуды жүргізу қажет. Түркістан облысын 2022-2025 жылдарға арналған ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, қайта жаңарту 2025 жылға жоспарланған. |
2022-2023жж- геологиялық-барлау жұмыстары 2023ж желтоқсан режимді бақылау 2024ж- сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуды жүргізуге ЖСҚ жасау 2025ж - сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту құрылыс жұмыстарын жүргізу |
Қазығұрт ауданы әкімдігі Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы |
Қабылдау және пайдалануға беру актісі |
Облыстық және аудандық бюджет қаражаты |
|
5. |
Айнатас 2 елді мекеніндегі 100 орындық мектептің құрылысы 2020 жылы басталған болатын қазіргі таңда үшінші жылға созылуда, мектепті 2022 жылға пайдалануға беруге ықпал жасауыңызды сұранамын. (Қызылқия ауыл округінің тұрғыны Бижанов Айқынберді Ергешович Тел:87053644601) |
Аталған мектеп құрылысын аяқтауға облыстық бюджеттен 2021 және 2022 жылдары қаржы толығымен қарастырлған болатын. Алайда мердігер компания қаржыны игермеуіне байланысты, облыстық құрылыс басқармасы тарапынан биылғы жылы бір жақты «ПМК-7» компаниясымен келісім-шарт бұзылды. Басқарма тарапынан құрылысты аяқтауға жобалау-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізіліп, қайта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, жаңа мердігер компания анықталатын болады. |
2022-2023 жж желтоқсан |
Түркістан облысының құрылыс басқармасы, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы, Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы |
Қабылдау және пайдалануға беру актісі |
Облыстық бюджет қаражаты |
|
6. |
Жеңіс елді мекеніне Ұя өзенінен өтетін көпір салынса (Жеңіс е.м. тұрғыны Ахметов Рысмахан Жолшыұлы Тел 87775574998) |
Қазығұрт ауданы, Жаңабазар а/о, Ұя өзені арқылы өтетін автожол көпірін күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық- сметалық құжаттамасы әзірлеуге аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өтуде. Сараптама қорытындысы алынған соң, бюджеттен қаржы бөлу жұмыстары жүргізіледі.
|
2022-2023 жж желтоқсан |
Қазығұрт ауданы әкімдігі, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы |
Қабылдау және пайдалануға беру актісі |
Облыстық бюджет қаражаты |
|
7. |
Қақпақ елді мекенінің ішкі көшелері жөнделсе, газ құрылысы жүргізілгеннен кецін көшелер бұзылып кетті. (Қақпақ е.м. тұрғыны Лебаев Қаныбек Ғұламұлы Тел 87770988098) |
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында ҚР Ұлтық экономика министрлігіне 2023 жылға ұсынылып, тиісті құжаттары толығымен тапсырылды. |
2023 ж. желтоқсан |
Қазығұрт ауданы әкімдігі, Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
Қабылдау және пайдалануға беру актісі |
Республикалық және облыстық бюджет қаражаты |
|
8. |
Сарапхана ауыл округіндегі Ы.Алтынсарин мектебі күрделі жөндеуден өтеді ма? (Сарапхана ауыл округіңің тұрғыны Еркебай Қаппар Түлеуұлы Тел:87051617900) |
Облыс әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы №105 қаулысымен аталған мектепті күрделі жөндеуден өткізуге республикалық бюджеттен 129,9 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары басталатын болады. |
2022ж. желтоқсан |
Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы |
Қабылдау және пайдалануға беру актісі |
Республикалық және облыстық бюджет қаражаты |