Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқарма басшысы Е.Өтебаевтың төрағалығымен өткен жиналыстың
ХАТТАМАСЫ
Түркістан қаласы №1 2022 жылғы 8 маусым.
Төрағалық етуші: Басқарма басшысы – Е.Өтебаев.
Қатысқандар: басқарманың мемлекеттік қызметшілері.
Күн тәртібі:
Тыңдалды:
Жиналыс төрағасы: Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2022 жылғы 19 қаңтардағы №12-н/қ бұйрығына сәйкес, басқарма басшысының орынбасары Н.Шарафиевтің жетекшілігімен басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобымен 01.01-31.12.2020 ж., 01.01-01.12.2021 ж. мерзімдер аралығындағы басқарма қызметіндегі және 01.01-01.05.2022 ж. мерзімі аралығындағы архив ісін дамыту және құжаттаманы басқару бөлімінің қызметіне ішкі талдауды келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) басқарманың қызметін реттейтін ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) басқарма қызметін реттейтін құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Жоғарыда көрсетілген кезеңдер аралығына жүргізілген ішкі талдаулар нәтижесі бойынша ешқандай сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша берілген тапсырма:
Басқарма басшысының орынбасары Н.Шарафиев, архив ісін дамыту және құжаттаманы басқару бөлімінің басшысы М.Құдияр, цифрландыруды дамыту және цифрлық трансформация бөлімінің басшысы А.Қалықұл, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің басшысы Б.Абай, байланыс бөлімінің басшысы М.Мырзасеитов заңнама талаптарына сәйкес:
Бөлім қызметкерлерімен бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;
Мерзімі: тұрақты
Басқарма қызметіне қатысты қабылданатын нормативтік құқықтық актілерді дайындау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілмеуі қатаң түрде бақылауға алынсын;
Мерзімі: тұрақты
Бөлім қызметкерлері өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді орындау барысында қызметі барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алуды қамтамасыз етсін.
Мерзімі: тұрақты.
Цифрландыруды дамыту және цифрлық трансформация бөлімінің басшысы А.Қалықұл:
Басқарма қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін арнықту бойынша ішкі талдау нәтижелері мен осы хаттаманы басқарманың сайтына жариялауды қамтамасыз етсін.
Мерзімі: 08.06.2022 ж.
Басқарма басшысы Е.Өтебаев