Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасында жүргізілген ішкі талдау А Н Ы Қ Т А М А С Ы

Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасында жүргізілген ішкі талдау

А Н Ы Қ Т А М А С Ы

 

Түркістан қаласы                                                            20 мамыр 2022 жыл

 

Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2022 жылғы 19 қаңтардағы  №12-н/қ бұйрығына және Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің 2022 жылға арналған жоспарына сәйкес, басқарма басшысының орынбасары Н.Шарафиевтің  жетекшілігімен  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобымен Архив ісін дамыту және құжаттаманы басқару бөлімінің 01.01-01.05.2022 ж. мерзімі аралғындағы қызметіне ішкі талдауды келесі бағыттар бойынша жүзеге асырды:

  • Басқарманың қызметін реттейтін ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Басқарма қызметін реттейтін құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Басқарма Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 21 қазандағы №240 қаулысымен қайта тіркеуден өткен Ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес қызмет атқаруда.

Басқарманың штаттық құрылымы  Түркістан облыс әкімдігінің «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат құрылымы  туралы» 2021 жылғы 27 қазандағы №252 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес бекітіліп, 17 қызметкерден (басқарма басшысы, басқарма басшысының орынбасары – 2 бірлік, бас маман (бас есепші) – 1 бірлік, бөлім басшысы – 4 бірлік, бас маман – 9 бірлік) және 4 бөлімнен құрылды:

  • архив ісін дамыту және құжаттаманы басқару бөлімі,;
  • цифрландыруды дамыту және цифрлық трансформация бөлімі;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімі;
  • байланыс бөлімі.

Нақты жұмыс атқарып жатқан 17 қызметкер.

 

Архив ісін дамыту және құжаттаманы басқару бөлімі

 Бөлім Қаулыға сәйкес барлығы 3 адамнан құралған: бөлім басшысы – 1, бас маман – 2. Нақты жұмыс істейтіндер – 3 қызметкер. 1 бас маманға басқарманың мемлекеттік сатып алуларын ұйымдастыру міндеттері жүктелген. Бөлім басшысына негізгі міндеттермен қатар, кадрлық жұмыстарды жүргізу міндеттелген.

Есепті мерзімде, жеке құрам бойынша 116 бұйрық (мемлекеттік қызметшілер туралы  - 81, азаматтық қызметшілер туралы - 35), негізгі қызмет жөнінде – 43 бұйрық заңнама талаптарына сәйкес әзірленген.

Есепті мерзімде 6 еңбек шарты талапқа сай дайындалған. Оның ішінде           2- бағынысты мекеме басшысы мен орынбасарына,   3 - қоғамдық жұмысшыға,           1 - техникалық қызметкерге еңбек шарты толтырылған.

Басқарма қызметкерлерінің біліктілік талаптары басқарма басшысының 2021 жылғы 1 қарашадағы  «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілері лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» №102-н/қ бұйрығымен бекітілген.

2022 жылдың 1 мамырына Басқарманың штат саны 17 бірлікті құраса, нақты саны 16 бірлікті құрады.

Жыл ішінде жұмысқа қабылданған қызметкерлер саны – 4 бірлік. Есепті мерзімде:

  • Жамбай Абылай Серікбайұлы – «Цифрландыруды дамыту орталығы» КММ басшысы қызметіне ;
  • Тәжі Абай тәжеуханұлы – Цифрландыруды дамыту орталығы» КММ басшысының орынбасары қызметіне;
  • Автокөлік жүргізушісі болып – Шаланов Танат Нурланович жұмысқа қабылданған.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Еңбек туралы заңнамасына сәйкес, басқа мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты 1 мемлекеттік қызметкер – Өмірәлі Айдос Бақытжанұлы цифрландыруды дамыту және цифрлық трансформация бөлімінің бас маманы лауазымынан, 1 техникалық қызметкер - автокөлік жүргізушісі Б.А.Раимбеков өз еркімен өтініші бойынша жұмыстан босатылған. Жұмыстан босату бұйрықтары заң талаптарына сәйкес ресімделген.

Мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейі бойынша саны: білім – 1, құқықтану  - 4,  экономика және бизнес -  4, техникалық мамандықтар – 8. Бірнеше жоғары білім бар қызметкерлер саны – 7, «Болашақ» бағдарламасы бойынша – 1, магистратураны бітіргендер – 2. ТМД елдерінде жоғары білім алғандар – 1.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша 2022 жылға жоспарланған кесте бойынша байланыс бөлімінің бас маманы Ш.Еркебек біліктілігін арттыру курсынан өткен.

Есепті мерзімде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және ҚР Еңбек кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту (Н.Азимбаев) және үстеме жұмысқа тарту туралы (А.Қалықұл, Н.Бабашев, С.Макулбек) барлығы 2 бұйрық  шығарылған. Бұйрықтар заңнама шеңберінде дайындалған және қызметкерлермен келісілген.

2022 жылы еңбек тәртібін бұзғандығы үшін тәртіптік 5 мемлекеттік қызметшіге және 2 техникалық қызметкерге, міндеттерін тиісінше орындамағандығы үшін 1 мемлекеттік қызметшіге және 4 коммуналдық мемлекеттік мекеме басшыларына тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтар шығарылған. Қолданылған тәртіптік шаралар қызметкерлерден тиісінше жіберген кемшіліктері үшін түсініктемелер алу арқылы, заңға сәйкес ресімделген.

2022 жылы басқармаға жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің саны – 169, оның ішінде жеке тұлғалардан – 143, заңды тұлғалардан – 24. Өтініштердің барлығы заңнама шеңберінде орындалған.

2022 жылы Облыс әкімдігі жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының      8 мәжілісі өткізіліп, онда кәсіпорын, мекеме ұйымдардан келіп түскен құжаттарға заңнама шеңберінде сараптама жасалып, келісілген.

2022 жылдың есепті мерзімінде бойынша басқармаға бағынысты  коммуналдық мемлекеттік мекемелер арқылы барлығы 15 464 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде тікелей қызмет берушімен 1059, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы 8 246, «e-gov.kz» электрондық үкімет вэб-порталы арқылы               6 159 қызмет көрсетілген. Аталған қызмет түрі архив мекемелерімен Қазақстан  Республикасы  Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы  29 мамырдағы №159 бұйрығымен бекітілген қағида талаптарына сәйкес жүргізілген.

Есепті мерзімге мемлекеттік сатып алу бойынша сома 2 403 292 097,53 теңгені құрады, оның ішінде:

2022 жылдың басынан бастап 279 740 718,86 теңгеге 14 ашық  конкурс өткізілді, оның ішінде жалпы сомасы 279 740 718,86 теңгелік 5 конкурс өтпді деп есептелген. Сондай-ақ, жалпы сомасы  1 667 494 202,24 теңге болатын 7 конкурс Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасымен өткізілген және сатып алу қорытындысы бойынша өтпей қалған сатып алулар бойынша бір көзден сатып әдісімен өткен.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы архив ісін дамыту және құжаттаманы басқару бөлімінің 2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 мамыры аралығындағы қызметіне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

 

Басқарма басшысының

орынбасары, жұмысшы

тобының басшысы

 

Н. Шарафиев

 

 

Архив ісін дамыту және

құжаттаманы басқару

бөлімінің басшысы

М. Құдияр

 

 

Цифрландыруды дамыту

және цифрлық трансформация

бөлімінің басшысы

А. Қалықұл

 

 

Байланыс

бөлімінің басшысы

М. Мырзасеитов

 

 

Мемлекеттік көрсетілетін

қызметтердің сапасын

бақылау бөлімінің басшысы

Б. Абай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 июня 2022