Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасында жүргізілген ішкі талдау А Н Ы Қ Т А М А С Ы

Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасында жүргізілген ішкі талдау

А Н Ы Қ Т А М А С Ы

 

Түркістан қаласы                                                            20 мамыр 2022 жыл

 

Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2022 жылғы 19 қаңтардағы  №12-н/қ бұйрығына сәйкес, басқарма басшысының орынбасары Н.Шарафиевтің  жетекшілігімен  басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобымен басқарманың 01.01-01.12.2021 ж. мерзімі аралғындағы қызметіне ішкі талдауды келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

  • Басқарманың қызметін реттейтін ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Басқарма қызметін реттейтін құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Басқарма Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 21 қазандағы №240 қаулысымен қайта тіркеуден өткен Ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес қызмет атқаруда.

Басқарманың штаттық құрылымы  Түркістан облыс әкімдігінің «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат құрылымы  туралы» 2021 жылғы 27 қазандағы №252 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес бекітіліп, 17 қызметкерден (басқарма басшысы, басқарма басшысының орынбасары – 2 бірлік, бас маман (бас есепші) – 1 бірлік, бөлім басшысы – 4 бірлік, бас маман – 9 бірлік) және 4 бөлімнен құрылды:

  • архив ісін дамыту және құжаттаманы басқару бөлімі,;
  • цифрландыруды дамыту және цифрлық трансформация бөлімі;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімі;
  • байланыс бөлімі.

Нақты жұмыс атқарып жатқан 17 қызметкер.

 

Бас маман (бас есепші)

Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қаржыландыру жоспары бойынша 2021 жылға 3 710 704,0 мың теңге қаралып, одан  3 710 573,1 мың теңгесі игерілген. Қалған қаржы 130,9 мың теңге:

755 001 бюджеттік бағдарламасы бойынша  116,2 мың теңге – нақты шығыстардан үнемделген қаржы.

755 003  бюджеттік бағдарламасы бойынша  14,6 мың теңге -  нақты шығыстардан үнемделген қаржы.

755 009 бюджеттік бағдарламары бойынша 0,1 мың теңге – мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы.

Есепті кезеңде баланстың «Ақша қаражаты және олардың баламалары» жолы бойынша кезең басында депозиттік шот пен ақылы қызмет шотының қалдығы 51 166,7 мың теңге болған, ал кезең соңында шотта қалдық  69 605,2 мың теңгені құраған.

Есепті кезең аяғында барлық архив мекемелері бойынша коммуналдық төлемдерден 6 119,9 мың теңге дебиторлық қарыз, ал кредиторлық қарыз  76,2 мың теңгені құраған.

Қорлар(материалдар) бойынша 2021 жылдың басында 10 110,8 мың теңгеге қалдық болса, есепті кезеңде 20 722,9 мың теңгеге толықты. Сонымен қатар,  басқарманың және оған қарасты архив мекемелерінің мұқтажына 20 490,1 мың теңгеге қорлар жұмсалып, кезең аяғына қорлар (материалдар) бойынша  10 343,6 мың теңге қалдық қалыптасты.

Басқарма бойынша 2021 жылы негізгі құралдар есебінде  төмендегідей өзгерістер орын алды:

Есепті кезеңге негізгі қорлар  920 692,0 мың теңгеге ұлғайтылды, атап айтқанда:

  755 009 бюджеттік бағдарламасы бойынша 10 дана  компьютер техникалары, 70 дана жабдықтар, 4 дана бағдарлама сатып алынды.  

Есепті кезең басында негізгі құралдар қалдығы бастапқы құнымен 918 585,1 мың теңге болса, 920 692,0 мың теңгеге негізгі құралдар көбейіп,      12 183,6 мың теңгеге  есептен шығарылып, кезең аяғындағы қалдық                      1 827 093,5 мың теңге болды. Есепті кезең аяғында амортизация сомасы 505 191,2 мың теңгені құрап, негізгі құралдардың жыл аяғындағы баланстық сомасын  1 321 902,3 мың теңгеге өзгертті.

Материалдық емес активтердің қалдығы есепті кезеңнің басында бастапқы құнымен 270 752,0 мың теңге болса, жыл ішінде  96 210,0 мың теңгеге көбейіп, есептелген амортизация сомасы 75 808,1 мың теңгені шегергенде, кезең аяғында 291 153,9 мың теңге қалдық құны қалыптасты.

«Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы              № 423 бұйрығына сәйкес «Активтерге, материалдық запастарға  және басқа да баланс баптарына түгендеме жүргізу туралы» 2021 жылы 20 қазандағы облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының №95-н/қ бұйрығына сәйкес түгендеу шаралары жүргізілген.

Түгендеу комиссиясы түгендеу нәтижелерінің дұрыстығын, материалдық запастар мен активтердің, ақша қаражаттарының түгелдігін анықтап түгендеу тізімдемесін жасады, кемшіліктер анықталмады. Есепті кезең басында жинақталған қаржылық нәтиже  908 495,2 мың теңге болса, 2021 жылдың қаржылық нәтижесі – 809 258,1 мың теңге болып, кезең аяғында 1 717 753,3 мың теңге сальдо қалыптасты.

Нәтижесінде 2022 жылғы  1 қаңтардағы жағдай бойынша баланс есебінің активтері 1 718 140,2 мың теңгені, ал міндеттемелер, таза                                    активтер/капиталдар  1 718 140,2 мың теңгені құрады.

Архив ісін дамыту және құжаттаманы басқару бөлімі

 Бөлім Қаулыға сәйкес барлығы 3 адамнан құралған: бөлім басшысы – 1, бас маман – 2. Нақты жұмыс істейтіндер – 3 қызметкер.

Жеке құрам бойынша 336 бұйрық (мемлекеттік қызметшілер туралы  -232, азаматтық қызметшілер туралы - 104), негізгі қызмет жөнінде – 125 бұйрық заңнама талаптарына сәйкес әзірленген.

Ішкі талдау барысында Басқарманың штат саны 2021 жылдың   1 қаңтарына 20 бірлікті құраса, 21 қазанында 17 бірлік болып бекітілді.

Есепті мерзімде 10 еңбек шарты талапқа сай дайындалған. Оның ішінде     2- бағынысты мекеме басшысына,   2 - қоғамдық жұмысшыға, 5 - техникалық қызметкерге, 1 – мемлекеттік қызметшіге (арнайы тексеру нәтижелерін алғанға дейін).

Басқарма қызметкерлерінің біліктілік талаптары басқарма басшысының 2021 жылғы 1 қарашадағы  «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілері лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» №102-н/қ бұйрығымен бекітілген.

2021 жылдың 31 желтоқсанына Басқарманың штат саны 17 бірлікті құраса, нақты саны 17 бірлікті құрады.

Жыл ішінде жұмысқа қабылданған қызметкерлер саны – 4 бірлік. Есепті мерзімде:

  • Нарбеков Мухтар Азтаевич – «Бәйдібек аудандық мемлекеттік архиві» КММ басшысы қызметіне 2021 жылғы 16 маусымнан бастап;
  • Мусаева Зульфия Зияддиновна – «Сарыағаш аудандық мемлекеттік архиві» КММ басшысы қызметіне қызметіне 2021 жылғы 23 тамыздан бастап;
  • Автокөлік жүргізушісі болып – Раимбеков Багдат Айтбаевич 2021 жылғы 10 наурыздан бастап;
  • Хатшы қызметіне уақытша – Жамалова Дилфуза Алимқызы 2021 жылғы 2 желтоқсаннан бастап жұмысқа қабылданған.

Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңанамасына сәйкес 2 мекеме басшысы жұмыстан босатылған (Сарыпбеков Ж.М., зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты – 1, С.Исаққызы, басқа жұмысқа ауысуына байланысты - 1)

Мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейі бойынша саны: білім – 1, құқықтану  - 4,  экономика және бизнес -  4, техникалық мамандықтар – 8. Бірнеше жоғары білім бар қызметкерлер саны – 7, «Болашақ» бағдарламасы бойынша – 1, магистратураны бітіргендер – 2. ТМД елдерінде жоғары білім алғандар – 1.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша 20201жылға жоспарланған кесте бойынша: 3 қызметкер – Ж.Жолдасова, Н.Қалтбеков, И.Ертай біліктіліктерін арттырған, ал 1 қызметкер –А.Өмірәлі (мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған) қайта даярлау курсынан өткен.

2021 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және ҚР Еңбек кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту және үстеме жұмысқа тарту туралы барлығы 5 бұйрық  шығарылған. Бұйрықтар заңнама шеңберінде дайындалған және қызметкерлермен келісілген.

2021 жылы міндеттерін тиісінше орындамағандығы және еңбек тәртібін бұзғандығы үшін тәртіптік жазаға тарту жөнінде 9 бұйрық шығарылған. Оның ішінде 2-уі мемлекееттік қызметшілерге, 7-уі азаматтық қызметшілерге қатысты қолданылған.  Қолданылған тәртіптік шаралар қызметкерлерден тиісінше жіберген кемшіліктері үшін түсініктемелер алу арқылы, заңға сәйкес ресімделген.

Есепті мерзімде басқармаға қарасты 7 архив мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы                25 желтоқсандағы №411 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік архив мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларына сәйкес кезекті аттестаттаудан өткізілген. Аттестаттаудан өткізілген азаматттық қызметшіге қағида талаптарына сәйкес аттестаттау парағы мен хаттамалар толтырылған. 

2021 жылы басқармаға жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің саны – 312, оның ішінде жеке тұлғалардан – 264, заңды тұлғалардан – 48. Өтініштердің барлығы заңнама шеңберінде орындалған.

2021 жылы Облыс әкімдігі жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының      8 мәжілісі өткізіліп, онда кәсіпорын, мекеме ұйымдардан келіп түскен құжаттарға заңнама шеңберінде сараптама жасалып, келісілген.

2021 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша басқармаға бағынысты  коммуналдық мемлекеттік мекемелер арқылы барлығы 44 166 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде тікелей қызмет берушімен 2 852, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы 14 370, «e-gov.kz» электрондық үкімет вэб-порталы арқылы               26 944 қызмет көрсетілген. Аталған қызмет түрі архив мекемелерімен Қазақстан  Республикасы  Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы  29 мамырдағы №159 бұйрығымен бекітілген қағида талаптарына сәйкес жүргізілген.

2021 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша  2 804 814 900,00 теңгеге қаржы жоспарланып, игерілді. Мемлекеттік сатып алулар заңнама талаптарына сәйкес, веб-портал арқылы, автоматтандырылған жүйе бойынша жүзеге асырылған.

Цифрландыруды дамыту және цифрлық трансформация бөлімі

 

Бөлім Қаулыға сәйкес барлығы 4 адамнан құралған: бөлім басшысы – 1, бас маман – 3. Нақты жұмыс істейтіндер – 4 қызметкер.

Түркістан облысы аумағында 838 ауылдық елді мекен (бұдан әрі - АЕМ) бар. Аудан, қала әкімдіктерінің талдау және анализдеу ақпараты нәтижелері бойынша 618 АЕМ (халық саны - 1 753 012) бұл 73,7%, онда 441 129 оқушы 3G және 4G мобильді желісімен қамтамасыз етілген, 146 АЕМ-де (халық саны - 164 905) бұл 17,4%, онда 62 978 оқушы 2G мобильді желісімен қамтамасыз етілген, ал 74 АЕМ – де (халық саны - 17 860) бұл 8,83%, онда 5 623 оқушы тұрады, ұялы байланыс мүлдем жоқ.

ГЧП жобасы аясында (ЦДИАӨМ мен байланыс операторлары арасында) 376 елді мекен талшықты - оптикалық интернетпен қамтамасыз етілді ("Қазақтелеком"АҚ-242 АЕМ, "Транстелеком" АҚ-134 АЕМ). Тағы 384 елді мекен оптикалық Интернетке мұқтаж.

«250+» жобасы аясында 80 АЕМ-нің тек 64-і ғана мобильді кеңжолақты қолжетімділікпен қамтылған. Қалған 16 ауылдық елді мекенде интернет сапасы өте төмен, әлеуметтік желілерді пайдалану мүмкін емес.

2021 жылы кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету бойынша 49 АЕМ таңдалды.  Қазіргі уақытта тек 37 АЕМ қосылған. Яғни, байланыс операторлары бұл мәселелерді әлі күнге дейін шеше алмай келеді.

2022 жылға «Кселл» АҚ Түркістан облысының әкімдігіне келісуге 124 АЕМ тізімін ұсынды. Осы тізімге сәйкес 60 ауылдық елді мекенде жаңа базалық станцияларды орнату, сондай-ақ 64 елді мекенде базалық станцияларды 3G-ден 4G-ге жаңғырту жоспарлануда.

Әкімдік «Кселл» АҚ ұсынысы негізінде ЦДИАӨМ бекіткен Тізбемен келіспейді. 124 АЕМ тізіміне тағы 31 АЕМ қосу қажет. 

 

5G ТҮРКІСТАН бойынша:

2021 жылы тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстанда өнеркәсіптік ауқымда алғашқы болып 9 локация бойынша 5G мобильді интернеті іске қосылды. (Әуежай, экобазар, «Түркістан-арена» алаңы, конгресс холл, қожа ахмет яссауи мавзолейі, гүлдеп паркі, «rixos» қонақ үйі, «керуен сарай» кешені және туризм унивверситеті)

 

ТЕГІН WI-FI НҮКТЕЛЕРІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ бойынша:

COVID-19 пандемиясы кезеңінде халық пен оқушыларды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету шеңберінде 7 қаладағы (Туркестан, Кентау, Сайрам, Мактарал, Төлеби, Арыс , Түлкібас) 32 қоғамдық орынға Free WiFi сымсыз тегін интернет нүктелері орнатылды. Бүгінгі таңда осы Wifi нүктелерін 35 324 қолданушы тіркелген.

 

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК «СЕРГЕК» ЖОБАСЫ бойынша:

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылы Түркістан облысы Қазақстан Республикасы бойынша жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша 2-ші орында болған.

Осыған байланысты, 2021 жылғы 31 наурызда Түркістан облысының әкімдігі, Түркістан облысының полиция департаменті және «Көркем Телеком» ЖШС арасында 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге «Сергек» пилоттық жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Пилоттық жоба аясында Түркістан қаласының қиылысында 26 «Сергек» кешені, Желілік учаскелерде 40 кешен және 200 жалпы бейнебақылау камерасы орнатылды.

Пилоттық жобаны іске асыру кезінде ЖКО мен зардап шеккендер саны тиісінше 31% - ға және 41% - ға төмендеген.

Сонымен қатар, 2022 жылдың 20 сәуірінде Түркістан облысының автожолдарында 10 кешен іске қосылды (Спатаев, Көкарал, Қайнар, Шұбарсу, Атамекен, Құлтума, Қарабұлақ, Рабат, Бесқұбыр елді мекендері, а-15 жаңа дәуірге бұрылыс трассасы).

 

«ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП» бойынша:

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтің тапсырмасымен барлық білім беру ұйымдарындағы бейне бақылау камераларын полиция органдарының жедел басқару орталығына шығару тапсырмасы түскен.

Осының негізінде бүгінгі таңда облыстағы 943 (904 мемлекеттік,             39-жеке меншік)  мектептің 563-і облыстық Полиция департаментінің ЖБО шығарылды (бұл 60% құрайды). Жоспар бойынша техникалық мүмкіндігі бар жалпы 750-ге жуық мектепті ЖБО шығару жоспарлануда.

 

«VERIENT» ВИДЕОПЛАТФОРМАСЫ бойынша:

  Қазір біз, «EXPO 2017» базасында қолданылған «VERIENT» видеоплатформасын облыстағы бейнебақылау камераларын бірарнаға қосу жұмыстары жүргізілуде.

 

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ «ТҰРМЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА» ҚАРСЫ КҮРЕС бойынша:

 Кадрларды іріктеу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және білім беру қызметкерлерінің сапалық құрамын арттыру мақсатында 2 208 (100% қамту) білім беру ұйымдары тек цифрлық форматта жұмыс істейді. Барлық бос орындар enbek.kz. сайтында жарияланады. Бүгінгі таңда 8490 үміткер жүйе арқылы жұмысқа орналастырылған. Аталған цифрлық құрал енгізілгеннен кейін жұмысқа орналастыру бойынша шағымдар саны 91% - ға (947-ден 86-ға дейін) азаяы, жұмысқа қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі 78% - ға дейін төмендеген.

109-БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ бойынша:

Түркістан қаласында 109 байланыс орталығы 2020 жылдың қараша айынан бастап іске қосылған. Бүгінгі таңда 158043  өтініш өңделген.

Ендігі кезекті осы 109 байланыс орталығы қызметін облыстық деңгейде кеңейтіледі. Яғни облыс бойынша барлық қоңыраулар бір орталыққа түсіп, өңделетін болады.

 

«I QALA» ЖОБАСЫ бойынша:

Аудан, қалалардағы барлық коммуналдық қызмет көрсету саласындағы ТМС қызметтерін (техникалық шарттар беру, келісім шартқа тұру, анықтамалар алу, шарттарға өзгерістер енгізу және т.б.) автоматтандыру бойынша «I-Qala» жобасын іске асыру жұмыстары жүргізілуде.

Автоматтандырылған жүйе ТМС кеңсесінің жұмысын оның ішінде  өтінішті қабылдауды, бизнес-процесс бойынша өтініштің өңделу процессін (мекеме қызметкерлері арасына өтінішке сәйкес құжат айналымын) толық автоматтандыру арқылы өтініштің қаралу уақытын жеделдетеді.

Бүгінгі таңда, «I-Qala» жобасы Кентау қаласында сәтті іске қосылды. ikentau.kz сайтынан көруге болады.

 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ бойынша:

Геопорталға 60-тан астам тақырыптық қабаттар жүктелген, мәліметтер базасындағы объектілердің жалпы саны 14 миллионнан асады. Геопорталда                 350-ден астам пайдаланушылар ақпаратқа қол жетімділіктің аумақтық және тақырыптық бөлінуімен тіркелген.

Пайдаланылмаған егістік жерлерді анықтау мақсатында облыстың                                 4 ауданында ауылшаруашылық жерлеріне ғарыштық мониторинг жүргізілген (3 698 га), 1125 жерді тартып алу және жерді мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған - 505.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КОНКУРСТАНДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПЛАТФОРМАСЫ бойынша:

Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы саласындағы процестерді автоматтандырудың мақсаты-жер учаскелеріне кезекті қадағалау, Түркістан облысының аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге конкурс өткізу және жер бөлу процестерін электрондық түрге ауыстыру болып табылады.

Порталдың міндеттері ҚР азаматтарының жер учаскелеріне кезектіліктің ашық мониторингіне, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібіне ашық қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.

 

ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА НҮКТЕЛЕРІ бойынша:

Бұл геосервис Түркістан облысының тұрғындарына электрондық өтінім беру арқылы Түркістан облысының аумағында уақытша сауда нүктелерін ашуға рұқсат алу мүмкіндігін беруге арналған. Сондай-ақ, Геосервис арқылы сауда орындарына жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім беруге болады.

Геосервис өтінімдерді қабылдаудың, өңдеудің, ішкі құжат айналымының, келіп түскен өтінімге жауап берудің (оң/теріс) бизнес-процесін толық автоматтандырылған.

Қазіргі таңда, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамымен бірлесіп пысықтау жұмыстары жүргізілуде.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімі

 

Бөлім Қаулыға сәйкес барлығы 3 адамнан құралған: бөлім басшысы – 1, бас маман – 2. Нақты жұмыс істейтіндер – 3 қызметкер.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылдың 16 наурызындағы № 286 Жарлығын, яғни бюджет шығындарын оңтайландыру бойынша «Қазақтелеком» АҚ-мен және  «Транстелеком» АҚ-мен  интернет және телефония қызметтері бойынша тиісті жұмыстарды атқарып, артық қосылып тұрған нүктелерді анықтап, оларды өшіру, көшіру бойынша жұмыстарын жүргізілді.

Түркістан облысы әкім аппаратына және облыстық басқармаларды, сонымен қатар аудан, қала әкімдіктері және елді мекендердегі жергілікті әкімдіктер, мемлекеттік мекемелерді техникалық мүмкіндіктеріне қарай жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді.

Әкімшілік жұмыстарды, яғни орталық атқарушы және жоғары атқарушы органдардан келіп түскен хаттар, хаттамалық тапсырмаларға жауап жолдауын уақытылы және сапалы орындау жүзеге асырылды.

Коммуникациялық-ақпараттық жүйелерде ақпараттық қауіпсіздікті сақтауға техникалық білімін қолданып, қадағалау және мониторинг жүргізу және облыстағы ақпараттық жүйелердің интеграциялық жұмыстары үшін министрліктер мен тиісті мекемелермен жұмыстарды пысықтау жасалды.

Түркістан облысында 2021 жылдың қорытынды есебінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі 698 мемлекеттік қызметтен (бұдан әрі - мемлекеттік қызметтер) Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарына (ЖАО) қазіргі уақытта 174 мемлекеттік қызмет тиесілі:

ЖАО тарапынан 17 863 510 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- қағаз түрінде көрсетілгендер  саны – 4942;

- баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны - 411 582;

- электронды түрде көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілген мемлекеттік қызметтер– 17 361 038;

- электронды түрде көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 85 948.

Құжаттардың мерзімдерінің бұзылуы бойынша 2021 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар электронды жүйе арқылы құжаттың мерзімін бұзылуы жөнінде орын алмаған.

Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген адамдардың саны – 0.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулардың саны  барлығы – 465, оның ішінде 435 – электронды, 30 – қағаз түрінде бас тартылған.

Қызмет ұсыну сапасын арттыру мақсатында  мемлекеттік органдармен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) өткізілген семинар-кеңестердің, «дөңгелек үстелдердің», брифингтердің, брошюралар тарату, конференциялардың және қызметтің сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралары саны – 408.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен халықты қамту бойынша халықтын қамту       саны – 35 194 құрады.

174 көрсетілетін мемлекеттік қызмет ішінде 159 (91%) автоматтандырылған қызметтер:

Облыстың ЖАО тарапынан көрсетілетін 33 мемлекеттік қызмет электрондық форматқа көшірілген:

Білім беру саласында 17 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Оның ішінде 8 қызмет колледжге қатысты,  мектепке дейінгі тәрбие мен орта білім беру саласы бойынша 9 мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылды.

Ауылшаруашылық саласы бойынша 1 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.

Жер қатынастары саласы бойынша 6 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласы бойынша 8 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.

Сәулет және қала құрылысы саласы бойынша 2 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.

Осылайша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша автоматтандырылған мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 159 немесе 91% құрайды.

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі жұмыстар жалғастыруда.

2022 жылдың соңына дейін мемлекеттік қызметтерді 92% пайызға автоматтандыру жоспарланып отыр.

 

Байланыс бөлімі

 

Бөлім 2021 жылғы 27 қазандағы Түркістан облысы әкімдігігінің қаулысына сәйкес барлығы 3 адамнан құрылған: бөлім басшысы – 1, бас маман – 2. Нақты жұмыс істейтіндер – 3 қызметкер.

Түркістан облысы аумағында 838 ауылдық елді мекен (бұдан әрі - АЕМ) бар. Аудан, қала әкімдіктерінің талдау және анализдеу ақпараты нәтижелері бойынша 618 АЕМ (халық саны - 1 753 012) бұл 73,7%, онда 441 129 оқушы 3G және 4G мобильді желісімен қамтамасыз етілген, 146 АЕМ-де (халық саны - 164 905) бұл 17,4%, онда 62 978 оқушы 2G мобильді желісімен қамтамасыз етілген, ал 74 АЕМ – де (халық саны - 17 860) бұл 8,83%, онда 5 623 оқушы тұрады, ұялы байланыс мүлдем жоқ.

Осы ретте, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және байланыс операторлары арасында 2020 жылы ынтымақтастық туралы қол қойылған Меморандум аясында Түркістан облысы бойынша 80 АЕМ бекітіліп, 64 елді мекен мобильді кең жолақты қолжетімділікпен (3G стандартымен) қамтылған. Қалған,                          16 ауылдық елді мекенде интернет желісінің сапасы өте төмен.

Сондай-ақ, «Кселл» АҚ тарапынан 2021 жылы халық саны 250-ден жоғары ауылдық елді мекен мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтылуы жобасы аясында Түркістан облысы бойынша 49 АЕМ мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтылуы тиіс болған. Алайда, аталған 49 АЕМ-нің                      37 мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтылған.

Сонымен қатар, «Кселл» АҚ 2022 жылға жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамту жоспарына Түркістан облысы бойынша 124 ауылдық елді мекеннің тізімін келісуге жолданған. Мұнда 54 елді мекенге жаңа базалық станция орнатылатыны, 64 елді мекеннің базалық станцияларына жаңғырту жымыстыры жүргізілетіні және 6 елді мекен жоғарыда аталған Меморандум жобасымен сапасы өте төмен 18 елді мекеннің ішіндегі ауылдарға жаңа базалық станция қойылатыны  анықталған.

Түркістан облысы әкімдігі ұялы байланыс арнасымен қамтуды қажет ететін халық саны 250-ден төмен болатын даму әлеуеті бар 63 АЕМ-нің тізімен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жолданған болатын.

Алайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі                         63 АЕМ ішінен айқындау критерийлерін бекіту жөніндегі әдістемеге сәйкес даму әлеуеті бар 27 АЕМ 2021-2023 жылдарға арналған жаңа жекешелік әріптестік жоба шеңберінде (ГЧП проект) жоғары жылдымдықты интернет желісімен қамтылатыны айтылған.

Осы ретте, «ВОСТОКТЕЛЕКОМ» ЖШС-нің мәліметі бойынша мобильді кең жолақты қолжетімділік қызметін соңғы тұтынушыларға қолжетімді ететін сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 5 метрлік арнайы антенна қою және үй жағдайында орнатылатын  3G немесе 4G тахнологияларын қолдайтын стационарлық абоненттік Wi-fi роутер орнату керек екені баяндалған. Бұл өз кезегінде қымбатшылық кезеңде халықтың қалтасына ауырлық болатынын және аталған құрылғыларды сатып алып орнатуға ақпатартық технологиядан хабары жоқ қарапайым халықтың түсінігі жетпейді деп ойлаймыз.

Сондықтан, тізімдегі 27 елді мекеннің әрбір тұрғынына мобильді кең жолақты қолжетімділік қызметін соңғы тұтынушыларға қолжетімді ететін сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 5 метрлік арнайы антенна қою және үй жағдайында орнатылатын 3G немесе 4G тахнологияларын қолдайтын стационарлық абоненттік Wi-fi роутер орнатуды тиімсіз деп санай отырып, аталған елді мекендерге ұялы байланыс операторларының кемінде        3G стандартын қолдайтын базалық станцияларын орнатып беруді сұратылған.

«Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін кең жолақты интернет желісімен қамту» бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ арасында арнайы жол картасы бекітіліп, Түркістан облысы бойынша 304 АЕМ талшықты-оптикалық байланыс арнасымен қамтылған.

«Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін кең жолақты интернет желісімен қамту» жобасынан бөлек  облыс аумағында 72 ауылдық елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс арнасы тартылған («Қазақтелеком»-66 АЕМ, «Транстелеком»-6 АЕМ). Жалпы облыс аумағында 838 ауылдық елді мекеннің 376 АЕМ талшықты-оптикалық байланыс арнасымен қамтылып, қосымша 384 АЕМ талшықты-оптикалық байланыс арнасымен қамту қажеттілігі бар екендігі анықтлған.

Осы ретте, жоғарыда аталған талшықты-оптикалық байланыс арнасымен қамтылған елді мекендерді үй жағдайындағы жоғары жылдамдықты интернетпен қамту мақсатында «Қазақтелеком», «Транстелеком» АҚ-дарының дилерлерімен ауа арқылы радиомост технологиясы арқылы 57 елді мекенде      4693 абонент интернетке қосылған.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы құрылымдық бөлімшелерінің 2021 жылғы қызметіне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Басқарма басшысының

орынбасары, жұмысшы

тобының басшысы

Н. Шарафиев

 

 

Архив ісін дамыту және

құжаттаманы басқару

бөлімінің басшысы

М. Құдияр

 

 

Цифрландыруды дамыту

және цифрлық трансформация

бөлімінің басшысы

А. Қалықұл

 

 

Байланыс

бөлімінің басшысы

М. Мырзасеитов

 

 

Мемлекеттік көрсетілетін

қызметтердің сапасын

бақылау бөлімінің басшысы

Б. Абай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 июня 2022