«Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ бойынша 2020 жылдың қортыныдысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі
АНЫҚТАМА
Түркістан қаласы 2022 жылғы 20 мамыр
Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2022 жылғы 19 қаңтардағы №12-н/қ бұйрығына сәйкес, басқарма басшысының орынбасары Н.Шарафиевтің жетекшілігімен басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобымен басқарманың 01.01-31.12.2022 ж. мерзімі аралғындағы қызметіне ішкі талдауды келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
Есепті мерзімнің қаңтар айынан бастап желтоқсан айы аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы аясында жұмыс атқару, Әдеп кодексі нормаларын дұрыс сақтау, еңбек тәртібін бұзуға жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін арттыру жөнінде 2 рет басқарма қызметкерлерінің арасында оқулар жүргізілген.
Талдамалық анықтама:
Басқарма бөлімдерінің біліктілік талаптарына айқындалған нормативтік құқықтық актілер және құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискредитациялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын) өкілеттік пен нормалар анықталмады.
Жеке құрам бойынша 294 бұйрық (мемлекеттік қызметшілер туралы -204, азаматтық қызметшілер туралы - 90), негізгі қызмет жөнінде – 80 бұйрық заңнама талаптарына сәйкес әзірленген.
Ішкі талдау барысында Басқарманың штат саны 2019 жылдың 15 тамызында 20 бірлік болып бекітілді. 2020 жылдың 31 желтоқсанына нақты саны – 18 бірлік.
Есепті мерзімде 11 еңбек шарты талапқа сай дайындалған. Оның ішінде 3 - қоғамдық жұмысшыға, 4 - техникалық қызметкерге, 4 – мемлекеттік қызметшіге (арнайы тексеру нәтижелерін алғанға дейін).
Басқарма қызметкерлерінің біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен келсіле отырып, басқарма басшысының 2019 жылғы 8 қазандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілері лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» №39-н/қ бұйрығымен бекітілген.
2020 жылдың 31 желтоқсанына Басқарманың штат саны 20 бірлікті құраса, нақты саны 18 бірлікті құрады. Жыл ішінде жұмыстан босатылған қызметкерлер саны – 6 адам. Атап айтқанда:
Жыл ішінде жұмысқа қабылданған қызметкерлер саны – 4 бірлік. Есепті мерзімде:
Мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейі бойынша саны: білім – 1, құқықтану - 5, экономика және бизнес - 5, техникалық мамандықтар – 8. Бірнеше жоғары білім бар қызметкерлер саны – 11, «Болашақ» бағдарламасы бойынша – 1, магистратураны бітіргендер – 2. ТМД елдерінде жоғары білім алғандар – 1.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша 2020 жылға жоспарланған кесте бойынша: 6 қызметкер – Янабаев Е.Ж., Н.Шарафиев, М.Құдияр, А.Қалықұл. Н.Азимбаев біліктіліктерін арттырған, ал 2 қызметкер – Б.Абай (басшылық қызметке бірінші рет тағайындалған), А.Азамат (мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған) қайта даярлау курсынан өткен.
2020 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және ҚР Еңбек кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту және үстеме жұмысқа тарту туралы бұйрықтар (10 бұйрық) шығарылған. Бұйрықтар заңнама шеңберінде дайындалған және мемлекеттік қызметшілермен келісілген.
2020 жылы тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілер болмаған.
Басқармаға бағынысты архив мекемелерінің басшылары тарапынан орын алған кемшіліктер бойынша (Г.Шардарбековаға, С.Исаққызына, Б.Ажиметовке, Қ.Нұржановқа, Е.Әділбековке, Ж.Сарыпбековке) 2020 жылғы 4 наурыздағы №15-ж/қ А бұйрығымен тәртіптік шара көрілген. Қызметкерлерден тиісінше жіберген кемшіліктері үшін түсініктемелер алынып, бұйрық заңға сәйкес ресімделген.
Есепті мерзімде басқармаға қарасты «Төлеби аудандық мемлекеттік архиві» КММ басшысы Е.Әділбеков және «Ордабасы аудандық мемлекеттік архиві» КММ басшысы П.Мухитдинов Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №411 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік архив мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларына сәйкес кезекті аттестаттаудан өткізілген. Қағида талаптарына сәйкес жүргізілген тестілеу қорытындысы бойынша П.Мухитдинов қайта аттестаттауға қалдырылған. Е.Әділбеков аттестаттау комиссиясының 2020 жылғы 30 қарашадағы отырысының хаттамасы бойынша «атқаратын лауазымына сәйкес» деп бағаланған. Аттестаттаудан өткізілген азаматттық қызметшіге қағида талаптарына сәйкес аттестаттау парағы мен хаттама толтырылған.
2020 жылы басқармаға жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің саны – 291, оның ішінде жеке тұлғалардан – 239, заңды тұлғалардан – 52. Өтініштер санының ұлғаюы архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе үзінділер берумен байланысты болған. Ондай сұранымдардың барлығына басқармаға бағынысты архив мекемелері арқылы жауаптар берілген. Өтініштердің барлығы заңнама шеңберінде орындалған.
2020 жылы Облыс әкімдігі жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының 5 мәжілісі өткізіліп, онда мекеме ұйымдардан келіп түскен құжаттарға заңнама шеңберінде сараптама жасалып, келісілген.
2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша басқармаға бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекемелер арқылы барлығы 30 157 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде тікелей қызмет берушімен 501, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы 10 595, «e-gov.kz» электрондық үкімет вэб-порталы арқылы 19 061 қызмет көрсетілген. Аталған қызмет түрі архив мекемелерімен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығымен бекітілген қағида талаптарына сәйкес жүргізілген.
755 001 «Жергілікті деңгейде ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архив ісін басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 1 809 496,0 мың теңгенің, 1 809 384,9 мың теңгесі немесе 100%-ға игерілді. Игерілмеген 111,1 мың теңге нақты шығындардан үнемделген.
Жыл соңында бюджеттік бағдарлама бойынша байланыс қызметтеріне артық төленгеннен дебиторлық берешек 2 856,2 мың теңгені құраған. Кредиторлық берешек орын алмаған. Өткен жылмен салыстырғанда дебиторлық қарыздар 2680,2 мың теңгеге артқан.
Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне толық қол жеткізілген.
755 003 «Архив қорының сақталуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 554 716,0 мың теңге бөлініп, оның 554 706,5 мың теңгесі игерілген. Игерілмеген қаржы 9,5 мың теңге нақты шығындардан үнемделген.
Бөлінген қаржы 2 облыстық, 2 өңірлік, 2 қалалық, 12 аудандық архив мекемелерінде бекітілген лимиттегі 303,75 штат бірліктерін ұстауға жұмсалды.
2020 жылы бюджеттік бағдарлама бойынша коммуналдық шығындар есебінен 108,5 мың теңге кредиторлық және 442,0 мың теңге дебиторлық берешектер орын алған. Өткен жылмен салыстырғанда дебиторлық қарыздар 295,1 мың теңгеге кеміген, кредиторлық қарыздар – 40,0 мың теңгеге артқан.
Бағдарламада жоспарланған тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізілді.
755 009 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасына 24 289,0 мың теңге бөлініп, 24 280,7 мың теңгесі игерілген немесе 100% құрады. Игерілмеген 8,3 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген. Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне толық қол жеткізілген.
2020 жылы басқармада құқық қорғау мекемелері тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілмеді. Жыл ішінде басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алмады.
Ұсынылып отырған кесте Агенттік жолдаған түсіндірмеге сәйкес толтырылды. Тiзiлiмге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдармен мемлекеттiк қызметтiң 174 түрi көрсетiлді. 2020 жылдың жылдық қорытындысы бойынша жалпы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 17 898 555 қызмет болса, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны 747 720, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны 716 236, мемлекетік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, 16 434 599 электронды түрде ұсынылды.
Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген адамдардың саны 12.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулардың жалпы саны – 493, оның ішінде 211 – электронды, 282 – қағаз түрінде бас тартылған.
Құжаттардың мерзімдерінің бұзылуы бойынша 2020 жылдың жылдық қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар электронды жүйе арқылы құжаттың мерзімін бұзылуы жөнінде орын алмаған.
Қызмет ұсыну сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік органдармен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) өткізілген семинар-кеңестердің, «дөңгелек үстелдердің», брифингтердің, брощюралар тарату, конференциялардың және қызметтің сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралары 2020 жылы жалпы саны – 1 228.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен халықты қамту бойынша халықтын саны 129 958 құрады.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11 бабының 12) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсанында №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 40, 42 тармақтарына сәйкес 2020 жылға Түркістан облысы бойынша барлық аудан, қала әкімдерінің өкіміне сәйкес ішкі бақылау жүргізудің іс жоспары бекітілген.
Бекітілген іс-шараларға сәйкес облыс көлемінде 274 объектіге (197 ЖАО мекемесі, 77 ведомстволық бағыныстағы ұйымдар) ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп, 103 бұзушылық анықталды. Атап айтсақ, оның ішінде:
Бақылау іс-шаралардың қорытындысы бойынша 102 қызметкерге шара көрілді (93-«ескерту», 9-«сөгіс», 0-«қатаң сөгіс»).
Түркістан облысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына арыз-шағымдар түспеген. Өтініш берушінің баруын қажетсінбейтін, толық электронды форматқа көшу немесе «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» арқылы ғана мемлекеттік қызмет көрсетуді үйлестіру мақсатында тұрғындар арасында электронды цифрлық қолтаңба алу және үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді алу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, электронды цифрлік қолтаңбаны /ЭЦК/ алу жолдарын халыққа түсіндіру мақсатында жергілікті газеттеріне 83 мақалалар жарияланған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен бірлескен екі дөнгелек үсел, семинарлар ұйымдастырылған. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталықтарында халықпен кездесу ұйымдастырылған.
Аудан, қалаларда 12 «LED» экрандарда «Үйден шықпай-ақ, оңай әрі жылдам қызмет ал» тақырыбы бойынша және 38 бильбордтар ілініп, 650 брашюралар таратылып, халыққа насихаттау жұмыстары жүргізілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының «Халыққа базалық цифрлық дағдыларды оқыту курстарын өткізу, кадрларды қайта даярлау» 88-тармағын орындау мақсатында 2019 жылы Түркістан облысы әкімдігі тарапынан халықтың цифрлық сауаттылық дәрежесі 79 пайыз межесіне жеткізу үшін, облыста жалпы саны 58 435 адам оқыту жоспарланған.
Тұрғындарды цифрлық сауаттылық курстарына көптен тарту мақсатында облыс көлемінде жаппай PR (пиар) акциялары жүргізілген.
Қазіргі таңда, өңірлерде халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту және насихаттау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Аудан, қала көлемінде цифрлық сауаттылық курсынан 5 бағыт бойынша оқытылып жатқандығын хабарлаймыз.
Және де, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік органдар (ведомстволық бағынысты ұйымдар) өткізетін семинарлар, практикумдар, дөңгелек үстелдер, брифингтер, брошюралар, конференциялар және сапаны қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар саны 540құрады, сондай-ақ жергілікті тұрғындар арасында мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестері бойынша оқу және түсіндіру жұмыстарына қатысқандар саны 101 163 азаматты құрады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерге жылдам қызмет көрсету мақсатында «өзіне – өзі қызмет көрсету» бұрыштары қосылған; мектептер мен балабақшаларда – 958, 2 университеттерде, колледждерде – 46, аудан, қала және ауылдық округ әкімінің аппараттарында-315.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 2019-2020 ж.ж. орындалуы туралы
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
|
Анықтама: Бүгінгі таңда, 11008 педагогтар мен техникалық қызметкерлердің бос жұмыс орындары туралы хабарламалар ілінді. Бүгінгі күні 4429 адам осы жүйе арқылы жұмысқа орналасты. Бүгінгі күні жүйеге 244094 қолданушы тіркелген, 18909 өтініш келіп түскен. |
|
Анықтама: 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін 751 304 сабақ қаралымы болған, оның ішінде «BilimLand» - 237511 , «Twig» - 17347 , «iTest» - 462446, «iMektep» - 34000. |
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
|
Анықтама: 30 аурухана, 3 емхана, 1 жедел жәрдем стаснсасы, 1 патологоанатомиялық бюросы, 1 медициналық жабдықтар базасы, 2 медициналық колледжі және оларға ведомствалық қарасты 700 медициналық нысандары: |
|
Анықтама: Электрондық нұсқаға ауыстырылған формалары: ф083, ф086, ф094, ф09. |
КӨЛІК САЛАСЫ
ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫ
ТУРИЗМ САЛАСЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ
|
Анықтама: Аталған ақылды сүт фермаларында сүт сауғыш робот, автоматты азық таратқыш, ақылды су ішетін астаулар, салқындату жүйесі, тезек тазалайтын автоматты құрылғы, автоматты жарық жүйесі орнатылып, сауылған сиырдың алынған өнімнің есебі толығымен цифрландырылған |
ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
ХАЛЫҚТЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ WI-FI ЖЕЛІЛЕРІ БОЙЫНША
2019 ЖЫЛЫ САЛАЛАРДА ЕНГІЗІЛГЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАҒЫ ЖОБАЛАР БОЙЫНША
|
Анықтама: Жерлердің пайдалану мақсаты, жер көлемі, кадастрлық тіркеу нөмірі және меншік иесі туралы толық мәліметтер жер кадастрының электронды картасы мен облыстық адрес регистрімен және тұрғындар базасымен интеграциялау жұмыстары жасалынды. |
|
Анықтама: Бұл жобаның негізгі мақсаты билікпен қоғам арасында тұрақты дилог орнату арқылы, қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген мемлекет қалыптастыру. Халықтың облыс өңіріне қатыстылығын сезіну, мелекеттік органдар тарапынан қабылданған шешімдердің ашықтығымен іске асырылуына сендіру, өтініштер мен үсынымдарды жылдам шешімін табу. |
|
Анықтама: Жобаның негізгі мақсаты кәсіби білім беру орныдарына оқуға түсу және гранттарға тапсыру тестілері онлайн жүргізледі, баға қойылымдары электронды түрде жүргізілу арқылы қағаз құжат айналымы қысқарылады, сонымен қатар процестер қашықтықтан жүргізілу арқылы жемқорлық тәуекелдерін қысқарту. Қоғамға қолайлы мүмкіншіліктерді туындату.
|
|
Анықтама: Бұл жоба қағаз құжат айналымын қысқартады және уақыт үнемділігін арттырады, сонымен қатар адами факторлардың қатысуын қысқартады. Электронды архив қорына қол жеткізледі. |
|
Анықтама: Жобаның негізгі мақсаты уақытша сауда орындарын ашыуға рұқсат беруді автоматтандыру, кәсіпкерлерге көше саудасын бөлуді процесін ашық түрде қол жүргізуге, сада орындарын визуализациялау, рұқсат беру уақытын ұысқарту, электронды түрде конкурстар өткізу болып табылады. |
|
Анықтама: Тұрғындар немес кәсіпкерлер газ, су, жарықтандыру, жылу және телекоммуникация жүйесіне қосылу үшін онлайн түрде өтініш жолдап, тиісті техникалық шарттарды (немесе негізді бас тарту жауабын) ала алады. Бұл, уақыт үнемділігін артырады, көлеңкелі эконмиканы болдырмайды, қағаз бастылықты жояды және адами факторларды қысқартады. |
|
Анықтама: Жобаның негізгі мақсаты аукцион жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, онлайн уакыт режимінде аукцион жұмысына мониторинг жүргізу, кедергілер мен жемқорлық тәуекелдерін төмендету, мемлекеттік орган мен кәсіпкер арасындағы тікелей байланыстарды болдырмау. |
|
Анықтама: Жобаның негізгі мақсаты жерлерді мақсатсыз пайдалануды болдырмау, пайдаланбайтын жерлерді анықтау және мониторингі жүргізу арқылы тиімді мақсаттарға қолдану. |
Қорытынды
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесінде облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қызметкерлері тарапынан Сыбайлас жемқорлық іс-қимыл нормаларын бұзу бойынша фактілері анықталған жоқ.
Басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді және құқықбұзушылықтарды болдырмау, олардың алдын алу үшін барлық қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуын одан әрі жалғастыру қамтамасыз етілуде.
|
Басқарма басшысының орынбасары, жұмысшы тобының басшысы |
Н. Шарафиев |
|
|
|
|
Архив ісін дамыту және құжаттаманы басқару бөлімінің басшысы |
М. Құдияр |
|
|
|
|
Цифрландыруды дамыту және цифрлық трансформация бөлімінің басшысы |
А. Қалықұл |
|
|
|
|
Байланыс бөлімінің басшысы |
М. Мырзасеитов |
|
|
|
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің басшысы |
Б. Абай |