РЕФЕРЕНДУМ АЯСЫНДА ОБЛЫС КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Референдум өтуі туралы ақпараттық-түсіндірме жасау мақсатында, республикалық штаб мүшелері Түркістан облысының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

               Кездесуді модератор ретінде Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың және «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұқашев Төлеубек ашып жүргізіп отырды.

               Жиында өз кезегінде сөз алған  Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар  федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов «Қазақстанның жаңа тарихын бірге жазатын, бірге шешім қабылдайтын сәт келді. Өз таңдауымызды жасау арқылы, біз еліміздің саяси өмірі қаншалықты маңызды екенін көрсетеміз. Осы ретте мен баршаңызды елдің ертеңі, ұрпақтың келешегі үшін референдумға қатысуға шақырамын!» - деді.

               Бұдан бөлек жиынға қатысқан кәсіпкерлер республика бойынша өткізі¬летін Референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап алып, жалпыұлттық рефендум өткізу бастамасын қолдайтынын және Жаңа Қазақстан құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатын жеткізді.

Дата публикации
23 мая 2022