Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов Референдумды қолдау мақсатында кезекті үгіт-насихат жұмыстарын Түркістан қаласының Жастар ресурстық орталығында өткізді.
Кездесуде Нұрлан Өтешов Конституцияға ұсынылған түзетулердің маңыздылығы туралы айтып, осыған байланысты еліміздің әрбір азаматының алдағы референдумға қатысуының мәні ерекше екенін атап өтті. Осы орайда, «Ел ертеңі үшін еліміздегі болып жатқан маңызды саяси оқиғада Мемлекет басшысының бастамаларын қолдай отырып, баршаларыңызды алдағы 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық Референдумға белсенділік танытып қатысуға шақырамын»-деді.
Өз кезегінде Жастар ресурстық орталығының мамандары болашағымыз үшін тарихи бетбұрысқа бастайтын маңызды шараға белсене қатысып, 5 маусым күні өз таңдауларын білдіретіндіктерін жеткізді.