РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

              Ағымдағы жылдың 5 маусымында Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар қабылдау бойынша Жалпыхалықтық референдум өтетіні белгілі.  Осы күннің саяси маңыздылығын насихаттау мақсатында, 2022 жылдың 21 мамыр күні Түркістан қаласындағы Конгресс – холда Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб төрағасы Төлеубек Мұқашевтың бастамасымен өткен өңіраралық көшпелі кездесу өтті.

           Алқалы жиынға республикалық штаб мүшесі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар  федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов қатысып, ел болашағы үшін, ұрпақ үшін референдумның қажеттілігіне тоқталып өңірлердегі референдумға дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

                Сонымен қатар, кездесуде Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бастама идеясын қолдау және Конституциялық реформаның жайы халық талқысына шығарылып, кеңінен насихатталып қаралды.

Дата публикации
23 мая 2022