РЕФЕРЕНДУМДЫ НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Конституциялық реформаға енгізілетін өзгерістерді түсіндіру - маңызды миссия. Осы орайда, Республикалық референдумның маңыздылығын кеңінен түсіндіру мақсатында, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев, Сайрам ауданы «Шапағат-педагог білім және басқа мамандықтар қызметі» жергілікті кәсіподағы бірлестігінің төрайымы ГульнарТлеубердиева, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№47 Амангелді атындағы жалпы орта мектебі» КММ-нің ұжымында кездесу өткізді.

            Кездесуде Айдар Бахтыбаев Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды. Атап айтқанда, Президенттің өкілеттілігі азайып, Парламенттің құзыреті кеңейіп, атқарушы органдардың ісіне бақылау күшейтілетінін, партиялар арасында саяси бәсекелестік артатынын айтты. Сонымен қатар, өзгертілгелі отырған ата заң келешек  ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететіндігін жеткізді. Осы орайда қатысушыларды белсенділік танытып Республикалық референдумға бір кісідей қатысуға шакырды.

            Жиын соңында қатысушылар ға қатысты өз пікірлерін ортаға салып, референдумға бір кісідей ат салысып, дауыс беретіндіктерін жеткізді.

Дата публикации
19 мая 2022