КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ АЛДАҒЫ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҚСАТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Елімізде 5 маусым күніне белгіленген республикалық референдумды кәсіподақ мүшелеріне кеңінен түсіндіруді мақсат еткен кезекті кездесу Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Хамза атындағы №2 жалпы орта мектеп» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымында өтті.

                «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев, «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының» төрағасы Жандос Шайдулланың қатысуымен өткен кездесуде кәсіподақ мүшелеріне елімізде жүргізіліп жатқан саяси өзгерістер Мемлекет басшысының қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеру, бұл өзгерістер негізінен Қазақстанның әрбір азаматының мемлекеттік басқаруға қатысу үлесін арттыру үшін жасалуда. Сондықтан да аталмыш өзгерістерді референдум арқылы енгізу көзделіп, ел үшін маңызды мәсе¬лелердің барлығы жалпыхалықтық талқылау арқылы шешілетіндігі нақтылап айтылды. Осы орайда, Мемлекет басшысының бастамаларын қолдай отырып, барша қатысушыларды азаматтық ұстанымын танытып, алдағы 5 маусымда өтетін референдумға белсене қатысуға шақырды.

                Кездесу соңында қатысушылар Ата заңымызға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтыруларға қатысты өз пікірлерін ортаға салып, алдағы болатын референдумның  ел өміріне елеулі өзгеріс әкелетіні сөз етілді.

Дата публикации
19 мая 2022