Түркістан облысының Қазығұрт, Сауран және Отырар аудандарындағы әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

Түркістан облысының Қазығұрт, Сауран және Отырар аудандарындағы әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан  Республикасының Заңының 11-бабы 3, 4) тармақшаларына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 21 сәуірдегі қорытындылары негізінде, халықтың пікірі ескеріле отырып, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Түркістан облысының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:

Қазығұрт ауданы бойынша:

         Қызылқия ауылдық округі аумағынан жаңадан елді мекен құрылсын және    

осы елді мекенге «Атажұрт» атауы берілсін;

         Сауран ауданы бойынша:

Ескі Иқан ауылдық округі аумағынан жаңадан  елді мекен құрылсын және осы елді мекенге «Мәшһүр Жүсіп» атауы берілсін;

 Жібек жолы ауылдық округіндегі «30-разъезд» елді мекені «Ескі Сауран» елді мекені;

         Отырар  ауданы бойынша:

         Балтакөл ауылдық округіндегі «Үштам» елді мекені «Самырат» елді мекені деп қайта аталсын.

  1. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігі қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А.Қалқамановқа жүктелсін.
  2. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Облыс әкімі                                                           Облыстық мәслихат

                        Ө.Шөкеев                                             хатшысы                       

                                                                                                              Қ.Балабиев         

                                                                                           

А.Ш.Жетпісбай

 

Ә.Е.Тұрғымбеков

 

С.А. Қалқаманов

 

А.С.Сабитов

 

Ұ.Қ. Тәжібаев

 

Қ.Ә.Қайыпбек

 

А.Б.Тасыбаев

 

 

 

 

 

 

«Түркістан облысының Қазығұрт, Сауран және Отырар аудандарындағы әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы «___»____________ №____ қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы «___»____________ №____ шешіміне

Дата публикации
18 мая 2022