Облыстық аумақтық референдум комиссиясының 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары

Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының

 2022 жылғы  06 мамырдағы 188

 шешімен бекітілген

 

      Облыстық аумақтық референдум комиссиясының

2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған Республикалық референдумды

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының

Күнтізбелік жоспары

 

         1. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамын жариялау

                                 Қалалық, аудандық аумақтық референдум комиссиялары

 

Референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей  2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей

 

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында референдум учаскелерінің шекаралары туралы хабарды  жариялау

 

 Қалалық, аудандық әкімдері

Референдум тағайындалғаннан  кейін он күннен кешіктірмей  жылғы 15 мамырдан кешіктірмей

 

          3. Республикалық референдум алдындағы үгіт                                 

 

Референдум тағайындалғаннан кейін басталады және 2022 жылғы 4 маусымда сағат нөл сағатта аяқталады

 

           4.  Учаскелiк референдум комиссиясына әрбiр учаске бойынша әкiм қол қойған референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн акті бойынша ұсыну

 

Тиісті әкімдер

Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда

2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей

 

           5. Азаматтардың тұрғылықты жері негізінде  құрылған сайлау учаскелері бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін танысуға ұсыну

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2022 жылғы 20 мамырдан кешіктірмей

 

          6.  Жекелеген  референдум  учаскелерiнде  дауыс  берудiң  басталуы  мен аяқталуының басқа уақытын белгiлеу және бұл туралы шешiмдi сайлаушыларға жеткiзу

 

Қалалық, аудандық аумақтық референдум комиссиялары

Дауыс беру күніне дейінгі 10 күннен кешіктірмей

2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей

 

           7. Дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды хабардар ету

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беру  күніне дейінгі кемінде он күннен кешіктірмей 2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей

(26–б.  1–т.)

 

          8. Референдумның учаскелік комиссияларына дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін жеткізу

 

Қалалық, аудандық аумақтық референдум комиссиялары

Референдум өткізуге жеті күн қалғанда

2022 жылғы 28 мамырдан  кешіктірмей

(27-б.  5-б.)

 

           9. Дауыс беру үшін референдум учаскелерін ашу және ашу туралы хаттама жасау

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

           10. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Басқа дауыс беру уақыты белгіленбесе, дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 

 11. Референдум  учаскесінде  дауыстарды  санау  және  дауыс  беру

қорытындылары туралы хаттама жасау

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс берудің аяқталуына басқаша уақыт белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады .  Санау уақыты санау басталғаннан бастап он екі сағаттан аспауға тиіс

 

           12. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн референдум учаскесiнiң үй-жайында жұртшылықпен танысу үшiн арнайы бөлiнген жерде орналастыру

 

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

 

           13. Референдум учаскесiнде дауыс беру қорытындылары туралы түзілген хаттаманы тиiстi қалалық, аудандық аумақтық референдум комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

 

           14. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында референдумның қорытындыларын шығару

 

Қалалық, аудандық аумақтық референдум комиссиялары

Дауыс беру күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде

 

(22-б. 1-т.(7-тт.)

 

           15. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы облыстық аумақтық референдум комиссиясына ұсыну

 

 Қалалық, аудандық аумақтық референдум комиссиялары

Дауыс беру күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде

 

             16. Облыстық әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында референдум

 қорытындыларын шығару, ол жөнінде түзілген хаттаманы Орталық референдум комиссиясына ұсыну   және бұқаралық  ақпарат  құралдарында  референдум  қорытындылары туралы ресми хабарды жариялау

 

Облыстық  аумақтық референдум комиссиясы

Қорытынды  хаттама толтырылған  күннен бастап екі күннен аспайтын мерзімде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер бар.

Дата публикации
09 мая 2022