«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық заңының 6-бабының 3-тармағына, 8-бабының 2-тармағына, 21-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына, 24-бабының 3-тармағына және «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 888 Жарлығы мен Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының 2022 жылғы 6 мамырдағы № 32/482 қаулысы негізінде, Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясы ШЕШТІ:
- «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 888 Жарлығы мен Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының Күнтізбелік жоспарының негізінде, Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының Күнтізбелік жоспары бекітілсін./қоса беріледі/
- Қалалық, аудандық аумақтық референдум комиссиялары республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларды орындау бойынша Күнтізбелік жоспарларын бекітсін және бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарында жариялансын.
- Қалалық, аудандық аумақтық референдум комиссиялары референдум тағайындалған күннен бастап он күннен кешіктірмей аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамдары, комиссиялардың орналасқан жері мен жұмыс уақыты туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Республикалық референдумды әзiрлеу мен өткiзу кезiнде аумақтық референдум комиссиялары тиiстi сайлау комиссияларының мөрлері мен интернет-ресурстарын пайдаланатыны жөніндегі Орталық референдум комиссиясының қабылдаған қаулысын назарға алсын және барлық учаскелік референдум комиссияларының назарларына жеткізсін.
5.Облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың әкімдері /келісім бойынша/ аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының билігіне референдумды әзiрлеу мен өткiзу үшiн қажеттi үй-жайларды, жабдықтар мен көлiк құралдарын беру жөнiндегi шараларды көздесін, референдум комиссияларына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға және олардың жұмысына қажетті мәліметтер мен материалдарды беру жөнінде тиісті іс-шаралар қабылдасын.
- 6. Осы шешім облыстық аумақтық референдумкомиссиясының интернет-ресурсындаорналастырылсын.
Комиссия төрағасы: _________________ Ә.Өмірәлиев
Комиссия хатшысы _________________ О.Сағымбекова