2022 жылдың 1 мамырында Шардара қаласы мен Қызылқұм, Сүткент ауыл округтерінде өткен әкімдер сайлауының нәтижесі туралы

Шардара қаласы бойынша сайлауда дауыс берген сайлаушылардың  3195-і әкімдікке үміткер Айдосов Олжас Калмухаммедулын жақтап дауыс берген. Ол қатысқан сайлаушылардың 49,06 пайызы.

         Сүткент ауыл округі бойынша сайлауда дауыс берушілердің 321-і әкімдікке үміткер Кенбай Қайрат Рахымжанұлын қолдаған. Сайлауға қатысқан сайлаушылардың 52,88 пайызын құрайды.

         Ал, Қызылқұм ауыл округі бойынша сайлауға қатысып дауыс бергендердің 551-і Байров Марат Дүйсенбайұлын қолдап дауыс берген. Сайлаушылардың 67,44 пайызын құрайды.

         Сайлау қорытындысы бойынша Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 02.05.2022ж. №98 Шешімімен Шардара қаласының әкімі болып Айдосов Олжас Калмухаммедулы, 02.05.2022ж. №99 Қызылқұм ауыл окрігінің әкімі болып  Байров Марат Дуйсенбаевич,  02.05.2022ж. №100 Шешімімен Сүткент ауыл округінің әкімі болып Кенбай  Қайрат Рахымжанұлы  тіркелді.

Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
02 мая 2022