Бәйдібек ауданы, Борлысай
ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Cайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабының 1, 1) тармақшасы, 2, 4-тармақтары негізінде Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Бәйдібек ауданы, Борлысай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 29 мамырға тағайындалсын.
- 2022 жылғы 29 мамырға тағайындалған Болысай ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы шешім Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға М.Қырықбаев
Хатшы Р.Жангазиева