Шардара ауданы Шардара қаласы және
Сүткент, Қызылқұм ауылдық округтері
әкімдерінің сайлауларын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 113-1 бабына сәйкес Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- 2022 жылғы 1 мамырға Шардара ауданы Шардара қаласының және Сүткент, Қызылқұм ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
- 2022 жылғы 1 мамырға тағайындалған шешімнің қосымшасына сәйкес Шардара қаласы және Сүткент, Қызылқұм ауылдық округтері әкімдерінің сайлауларын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы шешім Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет парақшасында жариялансын.
Комиссиясының төрағасы: Е. Бейсенбиев
Комиссия хатшысы: Ү. Тілегенов