Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 5 шешімі

Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ

ауылдық округі әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Cайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабының 1, 1) тармақшасы, 2, 4-тармақтары негізінде Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 17 сәуірге тағайындалсын.

 

  1. 2022 жылғы 17 сәуірге тағайындалған Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

 

  1. Осы шешім Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

 

 

           Төраға                                                   М.Қырықбаев

 

                     Хатшы                                              Р.Жангазиева

Дата публикации
18 марта 2022