Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ШЕШІМІ №88

Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ШЕШІМІ №88

 

Шолаққорған ауылы                                                                  4 наурыз 2022 жыл

 

 

Созақ  ауданы Жуантөбе ауылдық

округі  әкімінің сайлауын

тағайындау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылдың 3 сәуіріне тағайындалсын
  2. 2022 жылғы 3 сәуіріне тағайындалған Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары  осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет сайтында және аудандық «Sozaq uni» газетінде жариялансын.

                                                                       

 

         Созақ аудандық аумақтық сайлау

         комиссиясының төрағасы                                            Ә.Сахиұлы

 

 

         Созақ аудандық аумақтық сайлау

         комиссиясының хатшысы                                            Р.Оспанов

Дата публикации
04 марта 2022